«Известия»: кім не деп жатыр? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет

 

Загрузка

«Известия»: кім не деп жатыр?

Жәрдемші


РФ премьер-министрі Путин мен Белорус президенті Лукашенкодан кейін Совет Одағы кезінен белгілі «Известия» газетінде ҚР президенті Назарбаевтың да мақаласы жария көрді. Мақала «Евразийский союз: от идеии к истори будущего» яғни, «Еуразиялық одақ: идеядан болашақ тарихқа» деп аталады. Аталған мақаласында Назарбаев  ТМД шеңберінде жаңа интеграциялық кеңістік - Еуразиялық елдер одағын құру туралы ұсыныстың нақты иесі өзі болғандығын еске ала отырып жазады. «Ол кез 1994 жылдың желтоқсан  айының буырқанған күндерінің бірі еді, - дейді мақала авторы.- Тәуелсіздіктің тізгіні енді қолына тиген жетекші тұлғалар эйфориялық көңіл-күйден арылмағандықтан жаңа интеграциялық кеңістіктің мүмкіндігіне жете мән бермеді».

Идеядан болашақ тарихқа көз тіккен ҚР президенті осылай да осылай дей келіп«Одақ» деген сөзден қорқып-үркудің қажеті жоқ екендігін атап өтеді. Ал, 4 қазанда «Известия»  газетіне мақала жариялаған РФ үкіметінің басшысы Путин құлашты кеңге сермеп Еуразиялық одақты құра отырып Азия - Тынық мұхит аймағы мен Еуропаны тұтастыруға болады дейді. «Бұл, бірақ, өткенді көксеу немесе КСРО-ны қалпына келтірудің қамы емес» деген Путин Кеден одағына мүше елдердің жиынында ортақ валюта туралы аса толғанбайтынын, алайда, орыс рублі Беларуссияның ішкі қаржы айналымына оп-оңай еніп бара жатқаны жайында айтқан еді. Лукашенко болса, Еуразия эконмикалық одағын сынаушылар кертартпа, керауыздардың ғана қолынан келетін іс дегенге саятын ойын ашық білдірген-ді. Назарбаев Еуразиялық одақ құрамындағы елдер бір-бірінің ішкі ісіне қол сұқпайды, шекарасын одақ есебінен кеңейтуді көздемейді деген сөздерге екпін түсіре келіп Одақтың орталығы Астана қаласы болуы тиіс деді. Путин Кедендік одақ пен ортақ экономикалық кеңістік 165 млн тұтынушысы бар үлкен нарық, осы нарық арқылы қуатты Еуразиялық одақ құруға болады дейді.

Солайы солай болғанымен, Путиннің болашақ қуатты Еуразиялық одағына  Еуродақ (Брюссель) пәлендей мән бермейтін сияқты. Мысалы, еуропалық саяси орталықтың бас кеңесшісі Фрейзер Кэмерон: «Еуразиялық одақты қалайша жетекші елдердің бірлестігі деп атауға болады? Беларуссияда қандай жетістік бар? Бұл  - диктатура. Диктатура жайлаған елдермен Еуропадағы  мемлекеттер салмақты қарым-қатынас жасай қоймас», - деп мысқылдады.

«Абай-ақпарат»


 


 

Мұрағат

Ақпан 2016
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
29123456

Айлық статистика

<<  >>

Ең көп оқылған