«Қазақ радиосының» директоры ауысты | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет

 

Загрузка

«Қазақ радиосының» директоры ауысты

Жәрдемші


Алматы. 30 қараша. ҚазТАГ - «Қазақ радиосының» директоры болып Мақат Садықов тағайындалды, ол бұл қызметте Ғалымжан Мелдешевтің орнына келді.

Радиодан хабарлағандай, М. Садықов қызметтік міндеттерін атқаруға 1 желтоқсаннан бастап кіріседі. Ал Ғ.Мелдешев радионың бас редакторы және директордың орынбасары қызметін атқарады.

46жасар М. Садықов - журналист, халықаралық телевидение және хабар тарату академиясының академигі. Оның алдында «Хабар» Агенттігі филиалының директоры, «Жеті күн» бағдарламасының жетекшісі-жүргізушісі, «Хабар» Агенттігінің ақпараттық бағдарламаларының атқарушы продюсері. «Қазақстан» ТРК ақпараттық бағдарламаларының бас редакторы, ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары, «Қазақстан» РТРК» АҚ ақпараттық-сараптамалық бағдарламалары дирекциясының директоры, ШҚО әкімінің орынбасары болған.

Осы тағайындауға дейін «Арна Медиа Продакшн» ЖШС бас директоры, «Makhat-Studio» басшысы болған.

«Деректі фильмнен үлкен киноға дейін» кітабының авторы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

 


 


 

Мұрағат

Наурыз 2017
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-1012345
6789101112
13141516171819
20212223242526
272829303112

Айлық статистика

<<  >>

Ең көп оқылған