ЕЛДI БИЛЕГЕН ЕЛДI ТЫҢДАЙ БIЛЕ МЕ? | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет

 

Загрузка

ЕЛДI БИЛЕГЕН ЕЛДI ТЫҢДАЙ БIЛЕ МЕ?

Жәрдемші


Алматыда билiктiң шектеуiмен бiр жарым жыл эфир мен сахнадан жоғалып кеткен айтыс өттi.

Ендiгi айтыстың моласына «шырақшы болуға шақ қалған» Жүрсiн Ерманның ұйымдасты­руы­мен екi күнге созылған жыр додасына ақтаңгер ақындардың iшiнен жиырмасы қатысты. Iшiнде көпшiлiкке танымал Балғымбек Имашев, Айтақын Бұлғақов, Ақмарал Леубаева, Айнұр Тұрсынбаева, Айбек Қалиев, Ринат Заитов, Сара Тоқтамысова өнер көрсеткен ата өнер өз өресiнен көрiндi. Айтысты са­ғын­ған халықтың ықыласында шек болмады.

Айтыстың беташарында бiраз сөз алған Жүрсiн ағамыз «Айтыспен қоштасу» деген өлеңiн оқыды. Өлеңнен қарапа­йым халық бiраз сырға қанықты. Айтысқа демеушi боп жұртқа танылғандардың мырзалығы бүгiнде өнерге бөгет қойып жүргендердiң әрекетi, «айтысымды өлтiре көрме» деп, Аллаға жалынғаны көрiнiп тұрды.

Айтыстың тұрақты демеушi­сi - меценат Амангелдi Ермегияев та бiраз сөйледi. Сөйлегендi ұнататын ағамыз қызды-қыздымен көп шындықты жайып салды. Тiлi шорқақ үкiмет басшысы мен оның қызметкерлерiн тегiс сынады. Ағамыздың ағы­тылған сынына қарағанда, бiр кездерi өзi де өрiсiнде жүрген билiкпен бет жыртысып қалған ба деген ойға қалдық. Аяқасты айтыс жасап, ақындар тiлiне ерiк бергендерiне қарағанда, осындай бiр гәптiң бары анық. Айтыстың «Тiл кеспек жоқ»деп айғайлап тұрған тақырыбы қуат бердi ме, ақындар да қарап қалмады.

 

Ақындардың алғашқы жұбы болып Айнұр Тұрсынбаева мен қызылордалық Нұрмат Ман­сұров шықты. Ә дегеннен Айнұрды ықтырып алмақ болған Нұрмат: «Айтыс тоқтап, ақша қайдан табамын деп, «Екi жұлдыз»жобасына шығыпсың», - деп бiр шымшыса, «Елдiң мұңын айта ма десем, мерекеде Елбасымен кезде­сiп, «шай iшiп терлегенге» мәз болып жүр екенсiң», - деп, тұзақ тастады. Алайда мұндай тұзақтың талайын көрген әккi Айнұр: «Етектiнi мұң айт деп дауға жiбергендi қай атаңнан көрiп едiң, «Екi жұлдызға» айтыс­керлердiң де жұлдыз екенiн дәлелдеуге шықтым», - деп, сөз тауып кетті.

 

Екiншi жұп болып Күмiсай мен Қазақ радиосының қыз­меткерi Бақыт Жағыпар сөз сайыстырды. Бақыттың бабы басым екенi бiрден байқалды. Жыры төрт тағандап төгiлiп түстi. Жалпы, бұл айтыста өлеңдi шебер ұйқастырып, сөз табуда Бақытпен ешкiмнiң таласпайтыны анық сезiлдi. Кейбiр ақындар «сенемiн, келемiн», «мен едiм, жебе едiм» деген жаттанды ұйқастарға ұрынып, шаң қауып жатқанда, Бақыттың «Күмiсай әпкем, ыдыс аяқпен» деген ұйқастары жазба ақындарға бергiсiз болды. Қазылар да байқаса керек, келесi айналымға Бақытты өткiздi.

 

Үшiншi болып, шапырашты келiнi Сара Тоқтамысова мен Астананың атынан Серiкзат Дүйсен­ғазин айтысты. Айтыс тартысты, қызықты өттi. Билiктi сынап айтқан Серiкзатқа: «Атамды қаралама, ол кiсiнiң көз-құлағын жағымпаздар жауып жүр», - деген Сараның жауабы тұшымды бол­ғанымен, ақынның уәжi адасқан атасының қай қылығына жамау болмақ. Дегенмен қазылар келесi айналымға екеуiн де жiбердi.

 

Төртiншi жұп атыраулық  Сағадат пен бақанастық (Алматы облысы) Асхат Iзтiлеуовке бұйырды. Батыстың ақыны шын шапты, бақанастық жорғалады. Асхаттың аяқасты дайындықсыз шыққанын шымшыма әзiлмен шектелгенiнен түсiндiк. Анығында, ақынға айтыстан бiр күн бұрын ғана хабар түссе керек. Ал Сағадаты сарыны мен дарыны алға сүйредi.

 

Бесiншi жұп әке мен бала айтысы - Айтақын мен Жандар­бектiң шайқасына көрермен қарық болды. Әкесi - ком­мунистiң, баласы - Нұрдың атымен астарлы әжуамен сөз сайысқан Бұлғақовтар бұрын-соңды болмаған айтыстың түрiн тамашалатты. Жоғары жетпiс ұпайды екеуiне бiрдей бермесе, қазылар көрермендер қаһарына ұшырап қалуы әбден мүмкiн едi.

 

Алтыншы жұпта оныншы сынып оқушылары - республикалық «Жыр алыбы - Жамбыл» атты оқушылар айтысының екi жылдағы жеңiмпаздары қызылордалық Мейiрбек пен Серiкбол шабыстарының екпiндi екенiн, аз жылда алдыңғы топқа жетерiн дә­лелдеп бақты. Бұл жастарды же­беуде Жүрсiннiң тағы бiр ұтым­ды жүрiсi болды.

 

Жетiншi жұпта Фархат Маратұлы мен астаналық Еркебұлан Қайназаровтың айтысы салыстырмалы түрде төмен нәтиже көрсетті. Еркебұлан екпiндегенмен, Фархаттың шабысы үдемедi.

 

Сегiзiншi жұпта батыстық Бауыржан мен Ержеңiстiң тiзгiн қаққандары айтыс емес, арнауға айналды. Ащы шындықты барлық ақын айтты, қоғамның кем­шiлiгi, солақай саясат, халықтың әл-ауқаты, тасқын селге тұншығып жатқан ауылдардың жағдайы назардан тыс қалмады. Бiрақ айтыс сөз барымтасы емес пе, қарсыласпен қағысып, оймен жарысып отыру шарт қой. Бауыржан айтарын айтты да, қарсыласын қоймай тұрғызып әкеттi.

 

Сегiзiншi жұп Ақмарал Леу­баева мен Ринат Заитовтың айтысы дәмдi, мәндi болды. Сыр алдырмас Ақмарал Ринаттың қақ­пандарын қаптырмай, ай далаға шаптырмай, алып шықты. Ринаттың: «Бұрын айтыста эфир деген гинеколог аборт жасап тастаушы едi сөзiмiзге, ал қазiргi билiк «спи­раль» салып қойды өзiмiзге» деген теңеуi көпшiлiктi күлкiге көмдi. Тосыннан тауып сөйлейтiн қыршаңқылық Ринатқа жарасады.

 

Оныншы жұп - Балғымбек пен Айбек, сыралғы дос,  әрiптес ақындар емес пе, екеуінің  жыр шумақтары салмақтырақ болды. Әсiресе ақындар өзара әзiлдеп, «Асан қайғыға» теңейтiн, қашанда халықтың мәселелерiн нөсерлеп төгетiн Айбектiң iшi толып қалыпты. Осыны бiлетiн Балғымбектiң: «Қазақтың жағдайы жақсарған күнi Айбектiң айтысы нашарлайды», - деуi содан.

 

Сонымен, бiрiншi күн осылай аяқталды. Халықтың арқасы ұстап, делебесi қозғаны анық. Өтiрiктен шаршап, шындықты аңсап жүр­ген ағайынға бұл да болса бiр серпiн әкелгендей. Қариялар қау­қылдасып, ағаларымыз аңқылдасып, жастарымыз жiгерленiп, Студенттер сарайынан шығып жатты.

 

Халық қатты толқитындай не айтылды дейтiн боларсыз. Әше­йiнде көзге көрiнбейтiн, тiсi жоқ шалдай ас батпайтын, iсi жоқ бiрiншi партия, оның көсемде­рiнiң көрсоқырлығы ашық айтылды. Бiреулер жала жабу, ашық оппозиция дейтiн шығар. Бiрақ ақынның айтқаны бiреудiң сөзi емес, бүкiл елдiң сөзi ғой. Елдi билегендердiң елдi тыңдай да бiлгенi дұрыс қой.

 

Айтыстың екiншi күнi Наурыз мерекесiн халық қалай тойлап жатыр екен деп, алаңға бардық. Ұят-ай, адам деген толып жүр, соларды мерекемен құттықтап, мерейiн көтеретiн ешкiм жоқ. Сахнаны жинап тастаған, күмбiр­летiп күй ойнатып қойса да болады ғой. Жыл басын қалалық ағайындар екi ат, бiр түйенi айнала мiнiп-түсiп қарсы алып жүр. Бiр күн бұрын тiгiлген киiз үйдiң, ойын-сауықтың бiрi жоқ. Алаңға топырлап полиция толып алған, бiреу бұзықтық жасап жатқандай. Әкiмдiк ай қарап отыр ма дедiк те, Студенттер сарайына асықтық. Айтыс болмаса, Наурыз мере­кесiнiң мерейiн сезбей қалатын едік.

 

Екiншi айналымға бес жұп - он ақын іріктеліпті. Алғашқы болып Ақмарал мен Серiкзат шықты. Сөз бастау қиын ғой, ақындар кешегiдей емес, тосырқап қалыпты. Сәтi келмеген сөз сайысы болды. Екiншi шыққан Сағадат пен Бақыттың да айтқандары - кешегi ойды қайталау, дайын сөздiң аздығы көрiндi.

 

Үшiншi жұпта Ринат пен Жандарбектiң айтысы татымды, халықтың көңiлiнен шықты. Әкесiнен сескенбеген Жандарбек Ринатқа да берiспедi. Алайда сөзi мен ойы билiктi найзадай түйреген Ринат екi-үш ұпай басым түстi. Келесi жұп Балғымбек пен Айтақынның айтысы да айтулы, есте қаларлықтай тартымды өттi.

 

Бесiншi жұпта Сара мен Ай­бектiң бәсекесi қызды. Айбек ақын Сараның кейбiр көрермен көрмеген кемшiлiктерiн тауып айтты. Шапырашты күйеуiңдi көрсет деп, Сараның таңдап тиген жолдасын сахнаға шақыртып, бата бердi. Қашанда сұлу сөзбен сарай салатын Сара бұл жолы да ебiн тапты.

Қазылардың шешiмiмен үшiн­шi айналым жасалып, Сара мен Ринат, Айбек пен Жандарбек шықты. Шамасы, әкесi мен әке­сiнiң шәкiртi Жандарбектiң айтысқанын қаласа керек. Жандарбек жарады, тай болса да, тұлпармен қатар шапты. Айбек те оны түсi­нiп, алдын алып, шетке қақпады.

Ал Ринат пен Сараның айтысы бетжыртыс, бiрiн-бiрi кем­сiтiп, iшкi жұлдыздарының қарсы екен­дiгiн көрсетiп алды. Жақсы-ақ көсiлiп отырған Ринат аяқасты басылып қалды. Мәдениеттен секi­рiп, өзi айт­қандай, секеңдеп кеткен Сараның «ауызыңды ұрайын» деген сөзi ауыр тидi-ау деймiн. Қалай да халыққа «ұрыс» айтыс  емес, дұрыс айтыс керек қой. Ақындардың мұндай пен­де­шiлiгiн сахнада жария етпегенi абзал. Үйдегi әңгiменi сарайға әкелудiң қажетi қан­ша?!

 

Айтыстың бас жүлдесi - бiр миллион теңге Айбекке, төрт жүз мыңдық бiрiншi орын Сараға, екi жүз мыңнан екi екiншi орын Ринат пен Жандарбекке берiлдi, қалған ақындарға елу мыңнан таратылды.

Айтыста жүздесейiк, ендi... егер болып жатса...

Ринат АҚЫЛБЕК

«Общественная позиция»

(проект «DAT»12 (49) от 24 марта 2010 г.

 


 




Саранын бул сози тым уят болган екен.



Ердің бетінен алған әйел оңбас, "Аузыңды ұрайыны", - несі? Айтыстың аты айтыс, сонда да Ринаттай қазатың ерін ауызға ұрғаннан жетісер Сара қызымыз. Ұят болған екен. Ринат та қыршаңқы жігіт қой, бірақ қалай десек те Сараның қылығы дұрыс болмаған екен.



Атам қазақта "аузыңды ұрайын" деп тек ерлер ғана айтқан! Себебі ерлерде аузын ұруға жарайтын құралы бар! Сара несімен Ринатты "Аузына ұрмақшы" болды екен?!



казактын биртуар акын кыздарына тил тигизу уят емес пе?Сара айтыска озиндик орнек коскан талантты акын! Айгул Дауирбекова



Айтыс - халықтың айнасы. билік пен қарапайым жұрттын арасын жанастырушы. Негізі Айтыстың болғаны жақсы. Халықтың көзі ашылады. Бірақ айтыста адам әрине өзін өзі қорғауы керек. Айтыс сонысымен қызықты. Тартыс бар жерде айтыстың дәмі кіреді. Дегенмен де сахна мәдениетін сақтау, ол халықты сыйлау! Үйдегі әңгімені сахнаға әкелудің қажеті жоқ. Осы жағынан кемшілік болмаса , басқасы дұрыс. Билікке өткір сын керек. Сын түзелмей мін түзелмейді. Оны түзейтін - өткір тіл! Тіл кеспек жок!



шынымен айтыска шолдедик. Атырауда республикалык денгейдеги айтыс сонгы рет Махамбеттин 200 жылдыгында ғана, 2003 жылы болган. Хабардан, Казакстаннан беретин айтыстар конилге медеу еди. Сагындык. Казакка тан айтыс кашан жалпыулттык болар екен. Ауылдарда Айбек, Балгынбек, Ринаттардын айтысын кассетага жазып алып жатка согатын балалар бар. Сондыктан тым болмаса интернеттен тамашалауга мумкиндик болса гой.



абайлык агайындар-ау, кеше гана айтыстын аудиожазбасы турган, тындап карык боп едик енди кайда?Тапапй отырмын



Сара оданда зорын айтпағанына шүкіршілік. Ауздан ұра алама-ұра алмайма оны күйеуінен сұрау керек еді,білуі керекқой



Саранын созинин астарына унилиниздер,бет алды отырып алып сынай бермей.Дуысы бул айтысты жаксылап тындау керек



Сарамен Ринаттын айтысын сарайдан оз козиммен кордим оте тамаша болды!Ринаттын карындасына айткан уытты ащы создерине Саранын ар жауабы тущымды болды!Жалпы айтыс керемет отти!



айтыс тамаша отти



ешқандай қазақ қыздары азаматтарға ұрмақ түгілі аузыңа ұрайын деген сөздіде айтпаған,сәл төменге түс Сара әйтпесе қазақ келіндері сенен үлгі алып қалар.

Пікір қосу

  • Адреса страниц и электронной почты автоматически преобразуются в ссылки.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Строки и параграфы переносятся автоматически.

 

 

Мұрағат

Сәуір 2014
ДсСсСрБсЖмСбЖс
0123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
2829301234

Айлық статистика

<<  >>

Ең көп оқылған