Сириядағы соғыс: Төрт қаруын сайлап отырғандар ішімізде әлі де бар | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет

 

Загрузка

Сириядағы соғыс: Төрт қаруын сайлап отырғандар ішімізде әлі де бар

Жәрдемші


ҚР Үкіметінің,

ҰҚК-нің,

Діни істер агенттігінің,

ҚМДБ-ның назарына және тұтас халыққа!

 

«Өздеріңізге белгілі біздің елден Сириядағы соғысқа 40  бала «жихад» деп аттанды. Ондағы мұсылман бауырлаға көмек қолын созамыз деп төрт қаруын сайлап отырғандар ішімізде әлі де бар. Осыған не айтасыздар?» Астарында бір сұмдық емес, мың сұмдық бұғып жатқан бұл сауал Дін істері агенттігі мен Қарағанды облысы әкімдігі бірлесе ұйымдастырған «Тәкфіршілік – діни экстремизмнің қауіпті түрлерінің бірі» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференцияға қатысушыларға жергілікті мешіттердің бірінде қойылған (http://old.abai.kz/content/mykan-isakhan-siriyadagy-sogyska-40-bala-zhikhad-dep-attanypty). Бұған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.Әбіқаевтің Ауғанстан мен Пәкістанның шекара аймағындағы Вазиристан өңірінде қазақтың жүзге тарта баласының радикальді топтардың қарамағында әскери дайындықтан өтіп жатқанын мәлім еткенін қосыңыз! Енді міне, интернет арқылы қазақша қазақтарды Сириядағы соғысқа шақырып, ұрандап жатыр.

Әлбетте, арнайы органдар қол қусырып қарап отырмаса екен. Алайда, күн санап етек алып, елді үрей құшағына қусырып келе жатқан теріс ағымдардың тақымында кеткен азаматтардың әрекеті билікті мықтап ойлантып қана қоймай, нақты әрі жүйелі іс-әрекетке дереу көшу керектігін көрсетіп отыр. «Ауруын жасырған өледі». Егер біз діни татулық пен бір күнгі тыныштық үшін көз алдымызда өңі өзгеріп, ата-анасынан, ұлтынан оның құндылықтарынан бас тартып, қаруланып шетел асып қоймай соңына «Сириядағы соғыс аттаныңдар!» деп ұран салып жүрген азаматтарды құтқармасақ, олардың көзқарасы мен ұстанған бағытын түбегейлі өзгертуге мемлекеттің бар күшін жұмылдырмасақ, іштен қазылған орға құлауымыз бек мүмкін.

Сондықтан, Үкімет, ҰҚК, Діни істер агенттігі, ҚМДБ бірлесіп арнайы жұмыс жүйесін жасап іске асырып, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар, жалпы халық болып теріс ағым жолындағыларды жөнге салуға бар күшімізді салуымыз шарт!

http://www.ridus.ru/news/97481/

http://tengrinews.kz/crime/boevik-prizval-k-djihadu-v-sirii-na-kazahskom-yazyike-238086/

http://old.abai.kz/content/mykan-isakhan-siriyadagy-sogyska-40-bala-zhikhad-dep-attanypty

http://old.abai.kz/content/selefizm-zhat-agym


 




Дегенмен, қазақтардан шығады, олардан мұны күтуге болады. Ақшаға сатылуы да ғажап емес, в этом их суть.



Мынаны Бекболатқа көрсету керек. Уахаби-салафилер басшысы Дарынға да қөрсетсе теріс болмас еді.



Құрбанәлі Қазақстанда.Башар құласа,кезек Иран шииттерінікі.Ресей ойыншы.Шиит-алавит Башар қырық жыл әкесі екеуі сириялық сунниттерді қысып ұстады. Енді әл-Қағида батыстың айтағымен төңкеріс жасамақшы.Негізі көтерілген халық.Әл-Қағида соны сәтті-сәтсіз пайдалануда. Әлемнің уахабилері Сирияға көз тігіп отыр.Қазақстандық Дарын,Ділмураттың шәкірттері де.Бекболат қандай ойда екен.Оның да интернетте Сирия туралы айтқаны бар ғой.



Құдай дәл осы видеодағыдай "мұсылмандардың" бірін қалдырмай қырып жіберсе ғой. Және осы жолды насихаттап жүргендерді бір күнде есекке айналдырып жіберсе. Мынадай "мұсылман" болғаннан гөрі атеист болып жүргеннің өзі дұрыс емес пе?! Мешітке бару туралы ойды кейінге қалдыра тұрғаным дұрыс-ау.



12-қонаққа! Өзің білмей жүрсің, әйтпесе Құдай бұларды давно есекке айналдырып жіберген ғой.



Ближний востокта өстіп өстіп ылаң салып отырсаң мұнайдың бағасы ешқашанда түспейді ! Әлемде ресей сияқты жалмауыз мемлекет тұрғанда Б.В. ешқашан тыныштық болмайды ! Неге Малайзия тып тыныш өмір сүріп жатыр өйткені оларда МҰНАЙ мен ГАЗ жоқ !
# 12 Сондықтан абай болыңдар бұндай күн біздің басымызға да түсуі мүмкін ! Ертең кәпірлер кіріп келіп ГРАДпен әкеңді танытуы мүмкін !



Құрбанәлінің ешкімге зияны жоқ.Сондықтан оны ұстамайды.Құрбанәліге жала жабатындар дәстүрлі дініміздің жаулары.Салафи-уахабидің құйыршықтары.



Бәлекеш-жалакеш адам қазір Мұхаммед пайғамбар тіріліп келсе де,сиқыршысың деп Әбу Жахил мен Әбу Ләхәбтың пайғамбарға жабысқаны сияқты әрекет жасайды. Қазіргі қазақ қоғамындағы үйреншікті жайт.Кімнің кім екенін уақыт көрсетеді.



мұсылмандар арасына ылаң салып жүрген Құрбанәлі *Бейәдеп сөз жазбаңыз!* Мухаммед (с.ғ.с) Пайғамбардан садаға кетсін!



Шүметекбас уахаби, сен Құрбанәлінің пайғамбар әулетінен екенін ұмытпа.Дін жаулары әһли бәйтке шабуылын жалғастыруда.



# 20 Пайғамбарымыз С.А.С.ның дәрет алған суынан садаға кетсін !



Құрбанәлі сияқтылар Пайғамбарымыздың ер баласынан тарап кеткенде тіптен сұмдық болып, надан мүриттер оны пергауындай асқақтатып, ал өздерін Адам атадан емес, нағыз маймылдан, болмаса доңыздан, болмаса иттен тарағандай тексіз сезініп кететін еді. Барлығын аса ұлылықпен өлшеп пішіп қойған Аллаһ Тағалаға сансыз мадақ!



Адам өмірі құнсызданып, адами қасиеттер жойылуда. Алла Тағала санасыздарды жаратудан сақтасын! Қазақ елін мұндай жауыздық іс-әрекеттерден Бір Алла Сақтасын!



Мәтіннің тақырыбы қызық екен. Төрт қаруын емес, бес қаруын сайланып демеуші ме еді?



масқараааа. Беті құрысын Ары қарай көре алмаймын. Сұмдық қой. Алланын айтып отырған мұсылмандардың атын жамылған ұятсыздар үшін құрбан болғандардың туыстарынан ұялып отырмын.

Пікір қосу

  • Адреса страниц и электронной почты автоматически преобразуются в ссылки.
  • Allowed HTML tags: <a> <em> <strong> <cite> <code> <ul> <ol> <li> <dl> <dt> <dd>
  • Строки и параграфы переносятся автоматически.

 

 

Мұрағат

Қараша 2014
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-4-3-2-1012
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Айлық статистика

<<  >>

Ең көп оқылған