Ескендір Хасанғалиевтің әні - Азиадада әнұраны | Abai.kz ақпараттық порталы. Абай. Алашорда. Кітапхана. Жаңалықтар. Мақалалар. Саясат. Мәдениет

 

Загрузка

Ескендір Хасанғалиевтің әні - Азиадада әнұраны

Жәрдемші


VII қысқы Азиада ойындарының ресми әнұраны болып Өтеген Оралбаевтың сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Азиада алауы» әні таңдалды.
Бұл туралы бүгін «2011 жылғы VII қысқы Азиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ-ның вице-президенті Мағжан Қанғожин хабарлады.
Байқауға барлығы 105 жұмыс қатысқан. Олардың 49-ы қазақ тілінде, 45-і орысша, 11-і музыкалық композиция болатын. Финалға өткен 10 әнге ашық дауыс беру өткізілді. Оған еліміздің 3 992 азаматы ат салысты.
Жеңімпазға белгіленген жүлде қоры 1 млн. теңге.

Ескендір ағамызды жеңісімен құттықтаймыз! Өзге әндерге қарағанда «Азиада алауы» ұлттық бояуы басым әрі патриоттық рух беретін гимн болғанын әділ қазылар да, дауыс беруге қатысқан отандастарымыз да бірауыздан мақұлдады.
Ескендір Хасанғалиев ағамыздың талай патриоттық әндеріне жастарымыз сусындап өсіп келеді. Бір ғана «Атамекен» әнінің өзі неге тұрады! Енді «Азиада алауы» әні де тек осы қысқы Азиада ойындарында ғана шырқалып қоймай, еліміздің жастарын патриоттыққа жетелейтін, салауатты өмір салтын ұстанған әрбір азамат сүйіп тыңдайтын әуенге айналады деп сенеміз.

«Азиада алауын» мына жерге басып тыңдай аласыз

 

 


 


 

Мұрағат

Қаңтар 2016
ДсСсСрБсЖмСбЖс
-3-2-10123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Айлық статистика

<<  >>

Ең көп оқылған