Сенбі, 21 Сәуір 2018
Не дейді?! 2996 0 пікір 15 Қыркүйек, 2015 сағат 08:16

СОРАҚЫЛЫҚ ӘРІ ДАРАҚЫЛЫҚ

Астана атты шаһарымыздың Бауыржан Момышұлы мен Тәуелсіздік даңғылдарының қиылысындағы қонақ үйдің атауы қандай деп ойлайсыз?  Атауы латын жазуымен тұр. Былай деп: «ibis».   Мен бұны ағылшын тіліндегі атау болар деп,  біршама ағылшынша білсем де, ешбір сөздіктерден әлгінің аудармасын таба алмадым. Ал орысша оқысаңыз....

Бауыржан атамыздың көшесі  мен Тәуелсіздік даңғылы бойында орналасқан осынау ғимараттың иесі өзіміздің қаракөз екен. Әу, мұнысы несі ол бейшара-бейбақтың? Бұл не деген бассыздық? Осы қазақ жігіттерінің біразы намыстан жұрдай. Герольд Бельгер айтқандай, «Қазақта намыстан басқасының бәрі бар». Ағылшынша атауға еліреді де тұрады. Алматыда да сондай, Тіл басқармасында жүріп күресіп едік, түк шықпады. Қайран туған тілім-ай, қор болып барасың-ау!

P.S. «ibis» қонақүйі бізде ғана емес, шетеледерде де бар көрінеді. Соның бірі мысалы, БАӘ-дегі (Дубайдағы) «ibis» отелі (суретте).

  

Бақытжан Бостан

Астана

Abai.kz

0 пікір