Жексенбі, 22 Қазан 2017
Әттең... 29259 38 пікір 4 Мамыр, 2017 сағат 13:11

Ұлтқа қарсы кез-келген азаматты «жарнамалау» керек

Ұлтқа, ұлттық мүдеге, қала берді мемлекетке қарсы келген кез-келген азаматты «жарнамалау» керек. «Жарнамалағанда» да, есекке теріс мінгізіп, сүйегінен өтер сөздер жазып, үлкен қалалардағы даңғылдар бойына билбордқа іліп тастаған жөн. Әйтпесе, қазақты қорлау ешқашан да тоқтамайды.

Өткенде ғана «латынға көшсек, орыс әлемінен» ажырап қалатын болдық деп, мемлекеттің, қала берді Елбасының саясатына ашық қарсы шыққан Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова көшеде есекке теріс мініп тұрарын білсе, жақ ашпас еді.

Оралмандарға жер берілмейді деп қайқаңдаған Қадыралина да осы жазаға әбден лайық.

Шекарадан өткен ақ жаулықты ананың ақшасын тартып алғандарды да дәл осылай теріс есекке мінгізсек қой, шіркін!

"Күн көсемінің" мәйітін Қазақстанға әкелмек болып жүрген депутатымыз Косаревтің де «есекке мінер» өтесі өтті. Мұндай мысалдарды тізе берсек, бүгін тауыса алмаспыз.

Бұл тек қана аузынан қағынған шенділерге ғана қолданатын жаза емес. Халықтың ақшасын ұрлаған кез-келген жемқор көшеде есекке теріс мініп тұрса, әркім-ақ пара аларда ойланар еді. Аудандық деңгейдегі парақорды бір-ақ күнде әлеуметтік желілердің көмегімен бүкіл қазақ танып, лағынет жаудырар еді. Ондай лағынетке қай шенді қалғысы келеді дейсіз...

Қытайдың ойламайтыны жоқ. Олар Қытайдың 54 парақорының суретін 54 ойын картасына салып тастапты. Ол картамен ойнап отырған миллиондаған халық мемлекеттің жемқорларын тани отырады. Таныған жерде жек көру сезімі де оянады.

Бізде не көп, жемқор көп. Сол көп жемқорлардың бәрінің суретін көшеге ілер болсақ, біздің қалаларда орын табылмай қала ма деген қауіп те жоқ емес.

Көшені жемқорға толтырып, халыққа табалатып көруге Сіз қалай қарайсыз?

Билбордта тұруға кімдер лайықты?

Әкеш Байбатыр

Abai.kz

38 пікір
Мейрамбай 2017-10-12 09:38:57
Осы мақала және осы мақаламен қатар тұрған үш мақала 2017 жылдың ең үздік материалы болып табыла ма???????????????? Не үшін??????????????????? Жауап беріңдер. (осы мақала бойынша: - қазақтар - билборд жасауға винилді пленка жетпей қалады, ұлт жауларын көшеге жарнамалаймыз деп ойласақ)
Төре 2017-09-13 19:18:22
р? Сіздің тарқатуды бізде білеміз! Төрелер кеңес кезінде өзіңіз сияқты "білгіш-тыңшылардан" жасырынып, кім болмадық? ...
р 2017-08-24 02:26:13
Төреге ! Елтай Ерназаров бұрынғы шалдардың айтуынша төре емес, Байұлы.., тарқатып бере аламын.
3 2017-08-11 04:36:50
Дұрыс сөз. Сөз сүйектен өтеді. Мына бір мақаланың ойлап шығарғаны ақмақтық. Айтар бір жөн сөзі жоқ ерігіп отырған Есенгали Антахия бастаған есіріктердің әңгімесі неме керек.
Кешірімді болу да, парызың !!?? 2017-08-09 04:00:44
Өз туған әжемді көрген емеспін, бірақ өз балаларын НЕПтің зардабынан аман алып қалғанымен , жолдағы ашаршылықтан аман алып қала алмады ғой .. Бірақ, сол уақыттада үлкендерді силағаннан,бізге қария болса болды әжеміз дейтін едік, сол бір көршілес әжем де қаны татардан болғаннан, өз аулына қашып кетпек болғаннан, қашырмай, оны өтірікпен адасқан болып, күлдіру үшін теріс мінгізген екен ешекке, сөйтіп бала шаға бәрі -бәрі қолдарын шошайтып күлкіге айналдырған екен, мейлі ғой ойындары сол болса не айтуымыз керек онда, ешекке мінгізу мәре болса онда,/ жазамыздың түрі осы болса жетіскен екенбіз жетістікті іздеп, тапқанымызға, рухымыздың жоғарылығы да онда деп таң қаласың... Ұлт -рухылығының тапшылығын кеңейту үшін,еш дана адамдарда өз елін , Отанын, халқын жамандыққа қиған емес, жек көрген емес, сондықтан да,бірақ білместіктеріне жаны ашудан бастап ,ашынуға қақы бар шығар, содан барып, еш болмаса біразы түсінер деп, өз ұлтың өзіңе қас болмас, деп, ..."бірің қазақ ,бірің дос" деп-... 40 -өтірік емес, қырық қара сөздер шыға беріпті ғой, сөзбен тілгілеп жаныңа батар сөз айтқан екен ..ашынғаннан... Түсінер адамдар табылғаны ғой ненің не екенін түсініп отыр, бірыңғай бүтін мемлекет болып, міне адамзаттың ақылдылығы сонда, қайта өз шекарасының мықты болуына берген олардың мәңгілікжәрдемі екен. Ендеше әлі де, тағы не ойлап таптыңыздар енді ешекті ғана алға салып, кешегі күнімізді тағы арқалайық, жақсы жұрт мідениетті, әлеуметтік табиғатын өзгертуге техника мен технология ойлап тауып жатқанында ,біздер бір бірімізді күндеп артқа тартуды мәнділік деп,тіптен ұлтшылдық деп перде тұтып, бізді тәрбиелейтін олар емес, ұлтжандылық дейміз, тәуба, тәуба Құдірет күшіне асқақтап қарағанымыз емес пе екен а??!.. Қазақша тілді сізге Құдірет күші беріп, оны жетілдіру ғана мақсат емес пе, нанды адалдықпен табу үшін. Ендеше өзінен өзі жетілмейді ғой, достармен араласып, құраласып, бірге жөнді мақсатпен барлық жағынан мәдениеттілікпен,гармониялық балансы бар әдептілікпен алмаса отырып, жөнді өмірді де дамытып, тілеумен келеді емеспе екен, онда.. . Ендеше өткен кеткен,сабырлығы жоқ, ол қиын кездегі транспорт болған ешектің ешбір қатысы жоқ, қазіргі заман адамдарына, қайта малды емес, адамды адам ретінде,Құдіреттен аспай, шындығымен сақтап сөйлеуде сенің құқықтылығың және құлықтылығың, руханилығың, жан дүниеңнің мәдениетті , кристалды тазалығың, оның барлығын жинақтайтын имангершілігің!!! Қателеспейтін адам жоқ , содан да пенде аталасың әрине, бірақ өзіңнен бастап, майдакүнем бола бермей, саясат пен тарих ісін де ,елің үшін,кешіре білген адам, ол рухы мол, жан дүниесі өте жоғары, әрі Құдіреттің планетасындамын ендеше, асқақтауға жол жоқ деп ойлағаның ол адамгершілігің.. Кешірімді болу да, парызың !!?? Келе-келе Құдірет кітабындағы білімінде енді түсініп отырмыз ғой тәй-тәйлап..
шүкір тәубе болып та жатырмыз ерекше дерес, дербес халық болып, ұлтың ешкімнен кем болған емес 2017-08-06 00:18:32
Барлық Жерде АДАМГЕРШІЛІКТІ жақтайды себебі.. тым шылықтылыққа жақындамайық онда , бірақ Жер бетінде ешбір ұлтты сөгуге де жол жоқ әрине , ол әрине жаманшылық болғандықтан ешкімді сөгуге қақың жоқ АСПАН заңы да соны айтады әлі де!!! Себебі әрбір ұлтта жаманнан да жақсылар көп сондықтан да, сол баланспен де сақтап, мемлекет болғанға не жетсін, әлсіздендіру сөздерге құлақ аспауыда содан болар ендеше. Ғалымдарымызда -даналарымызда- бір біріңді қорламай, ұрламай, аса шыдамдылықпен кедергіні, қиындықты жеңіп, талпынған таза тағдырына асқақтаумен жүрген сөз болмауы тиіс пәстетіп жоқ қылмай , сен кім едің ұлтын масқаралайтын тәлпіштенбей,бар болғаны ақылы асқан пенде АДАМ АТА мен АНАХАУАДАН жаралған пенде едің,ендеше - Тәуба десек, Әлем күшінің иесі ақыр заманын сізге жолдамайды әлі де!! деп отыр екен ақылды кітаптары!!!!!! Әлемде тыныштық сақтай алу да парыз болса, / кейбіреулер, оны,яғни сенім күшін допинг деуде,мейлі қалай ойласаң олай ойла,/ бұл Жерде сол философиямен, құндылықпен, сенім күші нанымымен күш алмай жүрсең, онда өз үлесіңді ғана аңсағаның!! Еліңнің,үлтыңның тыныштығын сақтауда, ол да жарықтық зор энергия ,біріккен күшті адалдық пенжүріп,кедергілерді болдырмайтын, жолыңды тазартумен жүрген күштер шеберлігіңмен бір арнада қосылғаның- мемлекет заңымен бірге болғаның, даналар мен сіздердің армандарыңыздың орындалғаны!!ол да үлттыңшеберлігіне жатады ,ол елдің өзі де сөзі де бақытты,нанымды, имандытолыққандылығы,рухтылығы мол құнды болғаны онда ..
Қажет Андас 2017-08-02 16:30:23
Қадірменді, Әкеш Батыр. Сіздің мына жазбаңыздан дым түсінсем бұйырмасын. Бұл қазақты жемқорлардан арашалау жолын ұсынғаныңызба? жоқ, қытайдың тарихтар бойғы жеңген ханның, жеңілген қарақшыны масқаралау тәсілін жарнамалағыңыз келді ме? болмаса, аңқау елге арамза молдалығыңыз ба? Біздің ұлттың өз тентегін тезге салатын өзіне ғана тән тәсілі бар.
Арман 2017-07-17 13:17:30
Балық басынан шіріп жатыр ғой. Онсызда суреттері ілулі тұр Қазақстан бойынша...
Мұқан 2017-07-04 07:39:52
Екі саит ашу керек. Біріне дәл осындай "қара" тізім, екіншісі "ақ" тізім болуы керек.
fefefe 2017-06-29 15:57:44
Интернеттен есекке теріс мінгендер атты сайт ашып, соған салып, сосын әлеуметтік желілерде (фейсбукте, инстада, туитте жариялап тұрса, сол да жеткілікті ғой! Болгерлер қайда жүр??
КазНТУ қызметкерлері 2017-06-16 07:52:44
Coңғы 2 жылдa Қaзaқ ұлттық тeхникaлық унивeрcитeтінің ғaлымдaры мeн прoфeccoрлaрының 90% БEЙCEМБEТOВ ИCКAНДEР КAЛЫБEКOВИЧТІҢ aрқacындa жұмыcтaн шығып қaлды. Жұмыcтaн шығaрылып жaтқaндaр ғылым дoктoрлaры мeн ғылым кaндидaттaры, прoфeccoрлaр мeн дoцeнттeр жәнe бaрлығы дeрлік қaзaқтaр. Oлaрдың oрнынa ұлты бacқa мaгиcтрaнттaр мeн жaңaдaн қoрғaғaн PhD дoктoрлaры кeлудe. Бұл мaгиcтрaнттaр мeн жaңaдaн қoрғaғaн PhD дoктoрлaры кaфeдрa мeңгeрушілeрі рeтіндe тaғaйындaлудa. OCЫ БEЙCEМБEТOВТІҢ НEГІЗГІ МAҚCAТЫ ҚAЗAҚ ХAЛҚЫН ТEХНИКAҒA ЖOЛAТПAУ, ТEХНИКAДAН МAҚҰРЫМ ҚЫЛУ! БEЙCEМБEТOВТІ ҚAЗAҚ ХAЛҚЫНЫҢ НEГІЗГІ ЖAУЫ РEТІНДE ЖAРНAМAЛAУ КEРEК.
Бек 2017-06-15 19:51:02
Ен үлкен сатқын сол...
Бек 2017-06-15 19:50:13
Бибігүл Төлегенованы қою керек...
Сәке 2017-06-15 16:02:32
Өзінің әкім қараларына пара алуға жағдай жасап, жегізу, олардың қалай, қашан, не жегендерін біліп отыру, қынаптан қылт ете қалса жазалау ел билеудің ең бір зымиян әдісі екенін білмеуші ме едіңдер? Біздегі сол ғой. Болмаса талай "жегіштер" отыр ғой билік басында. Олардың кім екенін халық біледі. Өздерінің қыл үстінде отырғанын олар да біледі. Сосын жанын салып жағымпазданады. Бұл аурудан құтылу енді қиын ау. Бүкіл елді құртты ғой.
Мурат 2017-06-05 05:45:54
билбордқа Сағадиев бейнесі тұру қажет
Бек 2017-05-31 01:08:09
Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ректоры Бейсембетов Искандер Калыбекович екі жылдың ішінде сол университеттің профессор-оқытушылар құрамының 90 пайызын құртты. Соны қазақтың жауы деп жарнамалау керек.
қонақ 2017-05-16 07:27:20
Пікір жазу дұрыс мақұлдаймын
Қаған 2017-05-13 16:21:41
Совет Сталин кезіндегі жаза ең тиімді!
Курылысшы 2017-05-07 20:38:52
Кудайдан корыкпаган,пендесинен уялмайды! Ултка карсы,кез-келген азаматты (азаматшаны) "жазалау" керек.
Бозғыл 2017-05-07 14:30:38
Қазақтың боксын тұралатып масқарамызды шығарған Мырзағали Айтжановты жарнамалайық.
Руслан Төлебай 2017-05-05 17:02:25
Орхон жазуын тоңқайтып қойып біздің пилпак бітірген мамандар онан латынға ұқсастықты іздеп, таба алмай қиналыста отыр.
тТт 2017-05-05 14:41:25
Картаға суретін салу демекші,бұл жерде америкалықтардың идеясын қолданса да болады.Халық несібесін жегендердің суретін дәрет қағазына басып шығару керек.Рахат қой , олардың бетіне әр кез сургучный печатты басып отырасың.
Есенғали, Антакиядан 2017-05-05 13:02:58
ЖЕЗДЕ, айтқаның Құдайдың құлағына шалынсын, әумин !
БАЛДЫЗЫМА 2017-05-05 11:46:34
БАЛДЫЗЫМ АУ ШҮРЕГЕЕЙЛЕРДІҢ АТЫН АТАП МАЙДАЛАН БА. БИЛІТЕ ОТЫРҒАНДАРДЫҢ БАРЛЫҒЫН, БАСЫНАН БАСТАП ӘСІРЕСЕ ЖЕПУТАТТАРДЫ КҮЛГЕ ҚАРА МАЙ ҚҰЙЫП ЕСЕККЕ ТЕРІС МІНГІЗІП ЕЛ АРАЛАТСА САУАП БОЛАР ЕДІ. ОЛ КҮНГЕ ДЕ ЖЕТЕРМІЗ
Дана Қазақ 2017-05-05 10:37:41
70 ЖЫЛ АРАК IШIП ШОШКАНЫН ОКОРОКГI МЕН ЗАКУСКА ЖАСАГАН КАЗАХТАР 90% ШОШКА СИЯКТЫ БОЛЫП КЕТТI ГОЙ ........ https://www.nur.kz/kk/1485279-aqtobe-oblysynda-auyldasynan-zhukti-b.html
Руслан Төлебай 2017-05-05 10:06:11
Сонда орхон жазуы латыннан шықты ма жоқ латын орхон жазуларын теріс айналдырып пайдаланды ма деген сұрақ шығады. Оқымытылар тексеруі керек.
Руслан Төлебай 2017-05-05 10:00:57
Меніңше төре тұқымын қазақ төріне шығару пікірі дұрыс та шығар. Дегенмен, ол Президент емес ағылшындардың королі, жапонның императоры секілді номиналды тұлға болуы керек. Бұдан біз ұтпасақ ұтылмаймыз. Біріншіден, тарихы ертеден келе жатқан өркениетті, шекарасы бар ел боламыз, екіншіден, Шыңғыс хан, Білге қағандар ежелден келе жатқан хандарымыз болып шығады, руна жазулары өзінің иесін табады, оның артында латын әрпі емес өзіміздің орхон жазуына өту мәселесі келетін болады. Орхон, сына жазуларын қолмен аударып, теріс жағынан қарайтын болсаңыз тура латын әріптерін көресіз.
Дана Қазақ 2017-05-05 07:26:55
https://www.youtube.com/watch?v=pihi6lc2N2M
Дана Қазақ 2017-05-05 07:19:06
100 Великих Людей Исламской Уммы...............................www.youtube.com/results?search_query=100+Великих+Людей+Исламской+Уммы
Төре, Мақсұтқа 2017-05-05 07:02:06
Мақа, айтпақ ойларыңыздың түпкі мағынасымен келісуге болады! Мысалы, Бір Төре - одан соң жеті Сұлтан (мүмкін 9 Төре). Бір Төре ең жоғарғы Қасиет (Билік), қалған жетеуі ең жоғарғы КЕҢЕС... Жолдан тайған БІРІНШІНІҢ тағдырын ана отырған ЖЕТЕУІ халықпен келісіп шешімін табады. Басын ал десе, басын аламыз, қаңғытып жібер десе, солай істелуі керек! Жағымпаздарға, екі жүзділерге жол жоқ! Ең жоғарғы билік БІРІНШІ мен ХАЛЫҚТА! Ойланатын мәселе жетерлік? Мына мен қолдан жасалған "демократиядан, оппозициядан" әбден кәңілім қарадай қалды, адам сыйлатын қадыр-қасиет көре алмадым? Ұлыбританияда отыр ғой Корольдер тұқымы, жоғарыдан қарап-қадағалап! Ол текқана текті, тегі күмәнсіз Төре тұқымы (жолдан қосылғандар емес) болуы керек?! АҚ Жолдан тайған, Қазақтың мүдесін сатқан болса, БАСЫН өзіміз -ТӨРЕЛЕР аламыз! Оған "кешірім" деген қағида жүрмеу керек! Бұл қоғамдық құрылымды түзетпесек болмайды! Ойды ой түртеді. Айтылмаған ой жетім! Ойланайық Ағайын!
Мақсұт 2017-05-04 21:32:55
Төре! Тегіңізді, атыңызды, және де осы сайттарда айтып жүрген актуальді пікірлеріңізді қолдаймын. Бірақ, ойлансаңызшы, қоғам ның барлық "ауруларының" бір -ақ емі, жалғыз ғана панацея "Төрелер тұқымы" -деген ақылға сая ма? Мейлі, Сізше болсын дейік: бір "Төре" президент болды, ол енді қанша уақыт Билікте болуы тиіс? Өле -өлгенше ме? Сіз түсінесіз бе, біздегі барлық "Бәленің" басы тегі белгісіз бір адамның "Мәңгілік" билікке құмарлығынан болып отырған жоқ па?! Ал ,енді -белгілі бір мерзімді белгілесін -дейік: Сонда -президенттік сайлауға тек қана "Төрелер" ғана түсуі тиіс -дегенді қалай түсініп, қалай түсіндіреміз?! Монархиалық құрылымда төре болсын, бөлек болсын, бір ұрпақ бар билікті мұралады. Бірақ бұл -жетістік емес еді, Өйткені Алла адам баласын тең етіп жаратқан! Халифаң қара нәсілді болса да -бағын, -деген уәж бар. "Ел басқару қабілеті тек қана Төре" тұқымына ғана тән" -деген түсінік бұл күнде жүрмейді! Осыны түсініңіз, мен сыйлайтын Бауырым! Өйткені менде Сіз секілділердің бірімін....
Амалсыз 2017-05-04 20:39:33
Жарайды бәрін: байлықты да, билікті де Төрелерге берейік. Сосын көреміз не істейтінін.Басқара алмай қайтадан орысқа қосып алшы бізді деп жалынып жүре ме, жоқ Қытайға бізге де қамқаор болыңдар барлық мусор товарларыңды біз алып, біз киіп, тамақ пен помидарыңды біз жеп жүрміз ғой деп бұлғаңдамасына кепілдік берсе.
Дана Қазақ 2017-05-04 18:18:17
ФАШИЗМ и КОММУНИЗМ ........https://www.youtube.com/watch?v=mAkncbVn7J4
Төре 2017-05-04 17:51:01
Билікті Төрелерге бермей, біздің Қазақтың тағдыры оңға баса қоймас. Өткен ғасырда, кеңес өкіметі тұсында 30 жылдары, Төре Елтай Ерназар келген соң оңала бастап еді, кейідері қайтадан сол "шылыққа" қайта кірді ... Алдымызда оданда жаман жағыдайлар болуы мүмкін. Йя Алла Тағала! Сақтай гөр бұл Қазақты?
Мақсұт 2017-05-04 17:17:05
Алдыңғы пікірімді қайта толықтырайыншы... Негізі Әкештің айтқанын жалпы Халық, қазынасынан айрылып жатқан жұрт орындауға тырысуымыз керек екен! "Ұрылардың" тым үлкейіп кеткен жүгінен қорқып "қашып" жүрген "жариялылық -есекті" қайта тауып, жоғалтқан қазынамыз бен тонаушылардың "жырлары" тиелген жүгімізді ауыл -елді аралап, көше -қоныстарды кезіп тарату керек шығар! Білсін Ел "Батырларын!!!".
Мақсұт 2017-05-04 17:07:37
Әкеш! Үлкен әкелік ой айтқан екенсіз. Кезінде, Кеңестің қатал тәртібінің өзінде аяқтарын қия басатындар болушы еді. Солардың да қорқатын ең үлукен қаупі "Жариялылық" болатын! Өйткені -"Коррупцияны" ешқашан жай жұмысшы, қатардағы еден сыпырушы жасамайды. Жасайтын жемқорлар - қолында билігі бар шенеуніктер, столда отырғандар...Жоғарғы Биліктегілер! Ал енді "Олар" кімнен, нені ұрлайды -деген сұрақ тумай ма?! Әрине, Халықтан, Халықтың қазынасын ұрлайды! Ешкім "Олардың" қолдарын қаға алмайды, өйткені -сот та, "заң да", құқық қорғаушылары да "Солардың жемтіктестері. "Олар" тек қана "Жариялылықтан" - халықтың қолындағы жалғыз, бірақ өте әлеуетті осы күштен қорқады. Бүгінгі күні Біздің басымызға тышып отырған Билік сондықтан "Үлкен Ұрлыққа" кірісер алдында Халықтың қолындағы дәл осы қаруды да тартып алды. Әкештің айтып отырған "Есекке теріс мінгізуі" дәл осы -"Жариялылық" болатын. Қазір не қалды?! "Есекте" жоқ, ер-тоқымы да жоқ... Есесіне "Ең Үлкен Ұрлықтың атақ дәрежесін қорғау, ұрпағын, тұқымын қудаламау" - деген сияқты "Заңдар бар. "Есек" жетектеген әлдекімдерді көрсе, алдын ала тиым салып, түрмеге тығу бар...
Мейрамбай 2017-05-04 16:14:12
Ғаламшарды Құдай (аты белгісіз) жаратқан кезде көптеген ұлттарды бірге жаратты. Енді, өзінің ұлтына жау болып немесе өзінің ұлтына сатқындық жасаған адамдарды есекке теріс мінгізу аздық етеді, оларды өтірік "істі қылып" түрмеге тығу керек.
Есенғали, Антакиядан 2017-05-04 14:07:12
ЖАЛАҢАШ, КҮЛГЕ АУНАТЫЛЫП, КӨК ЕСЕККЕ ТЕРІС МІНЕТІНДЕРГЕ КАНДИДАТТАР КӨП ҚОЙ ! ********************************************************************************************* Ирина Смирнова, қызылкөз, мумия сүйгіш Владислав Косарев, қайқаңдаған Қадыралина, миын ауыстырмаса қазақша қақпайтын Идирисов, актерсымақ Анвар Нурпеисов, "Хабарстанның" клоун "жұлдыздары" Аймира Шаукентаева мен Руслан Смыков, Нуртас Адамбаев деген адамсымақ, русча сөйләшмәсә оныклары аңламый (немерелері түсінбейді), сондықтан орысша сайрайтын әнші апам бар, қазақша нанын сұрап жей алмайтын "патриот" жандарал бар, ой несін айта берейін, қазақтың тең жартысы орысқа жан-тәнімен берілен мәңгүрт-көзқамандар емес пе ? !

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7955
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 15308