Жексенбі, 22 Қазан 2017
Деп жатыр 3428 38 пікір 27 Шілде, 2017 сағат 09:28

Қазақ тіліндегі латын әліпбиі 2017 жылдың аяғында қабылданады

Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің мәлімдеуінше, қазақ тіліндегі латын әліпбиі осы жылдың аяғына дейін қабылданады.

26 шілдеде Астанада берген баспасөз конференциясында Сағадиев латынша қазақ әліпбиін құрастыруға арналған арнайы комиссия 13 сәуірде құрылғанын айтты.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2025 жылдың аяғына дейін басылымдарды, құжаттарды және көше атауларын латынға аударуды тапсырған. Кейбір сарапшылар мұндай шараны қазақ мәдениетіне ерекше мән беру арқылы Ресейдің ықпалынан алшақтау деп бағалайды.

Қазақстан шамамен 80 жыл бұрын латын қарпінен бас тартып, криллица әліпбиіне көшкен еді.

1929 жылы совет билігі ислам дінін ұстанатын этностарды араб емілесінен латын әліпбиіне көшірген. Қазақстан 11 жыл бойы (1929 жылдан 1940 жылға дейін) қазақ тіліндегі латын әліпбиін пайдаланды, одан соң кириллицаға көшті.

Abai.kz

38 пікір
Нұргүл 2017-10-10 19:47:49
Латын əліпбиіне көшу қазіргідей жаһандану заманында маңызды да салмақты мəселелердің бірі саналады. Қазақстан өз тəуелсіздігін алғаннан бастап, осы кезге дейін көптеген келелі мəселелердің шешімін таба білген мемлекет десек,латын əліпбиі де өз шешуін табады деген ойдамын.
Райса 2017-10-03 12:32:39
Расында да, Елбасының көрегенді саясатын қолдауға шақырамын. Латын әліпбиі өскелең ұрпақ үшін қажет. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген, ауызбіршілікте болғанымыз жөн. Түрлі пікірлер айтылуда, дегенмен жақсы тұстарын сараласақ деймін. Еліміздің гүлденуіне, халықаралық аренадан көрінуге септігін тигізеді.
Жұмақан 2017-10-03 12:24:41
Латынға көшу - қоғам талабы. Әрине, қолдағанымыз дұрыс. Себебі, жаһандану кезеңінде Қазақстан Республикасының жан-жақты дамығаны бәрімізге керек.
Құрысын 2017-08-02 19:31:41
Латын, сатын қатын матынымен құрысын ол жазу. Ақша шығарып, елді бөлшектеуді доғару керек.
Ewropa 2017-08-01 16:10:30
Төте жазуды қосымша сабақ ретінде оқыту керек. Мысалы, түріктер османлыны қосымша сабақ ретінде енгізбекші екен.
Qazaq 2017-08-01 13:18:29
20 ғасырға дейін, 900 жыл бойы араб әріптерін қолданып жазып келгенбіз. Ахмет Байтұрсынұлының төте жазуы 100 жыл өтсе де қолдануға дайын тұр, тіпті 500 жыл өтсе де қолдануға келеді. Бірақ халық дайын ба оны қолдануға?
Ewropa 2017-07-31 18:30:55
Халықтың тілі де, мәдениеті де, экономикасы да әліпбиге байланысты емес, халықтың өзіне байланысты. Бірауыздан келісерсіздер, біз білетін алфавиттердің ішіндегі ең нашары ағылшын әліпбиі. Ол қазір үстем болып тұрған англо-саксон цивилизациясының әрпі болғандықтан бізге жылтылдап (көк қағаз сияқты) ғажайып көрінеді. Ал қазақ неге тыраштанады? Керемет алфавит бар, керемет орфография бар. Тәрк етпе бұл әліпбиді. Керісінше осыған дейін қордалаған дүниелерді әрі қарай дамыт.
Qazaq 2017-07-31 17:00:43
Мына жерде бұрынғы және қазіргі латын алфавитіне көшкен елдер алфавиті салыстырылған (ұйғырлар 1982 жылы қайтадан баяғы Ахмет Байтұрсынұлы әліпбиімен бірдей алфавитке көшкен): https://massaget.kz/blogs/22539/
Ewropa-ға 2017-07-31 16:42:33
Әзербайжанда "w" әрпі жоқ, дұрыс. Олар да түріктер сияқты дауыссыз "у" дыбысын "v" әрпімен белгілейді. vaxt (уахыт) - уақыт, qavğa (гауға) - қауға, heyvan (хейуан) - хайуан, əvvəl (әууәл) - әуелі
Ewropa 2017-07-31 13:28:47
Қазіргі жағдай ешқашан ғылымды дүмшелердің уысына бермеу керектігін көрсетеді. Мінеки, сарым-қыдырәлілер не істеп, не қойып жатқанын білмейді.
Ewropa 2017-07-31 12:15:21
Әзербайжанда w жоқ.
Ewropa-ға 2017-07-31 00:33:59
Түріктерде "ұ" дыбысы "ұу" деп дыбысталып жүр, ал дауыссыз "у" дыбысы "V" деп белгіленіп, "қ" дыбысы "к" деп дыбысталып жүр, мысалы: kavun (кауұн), tavuk (тауұк). Әзірбайжандарда да дауыссыз "у" дыбысы "V" немесе "W" деп белгіленіп, "қ" әрпін жуандатып "г" деп оқиды, мысалы: qarğa (гарға), vaxt (уахыт), qawğa (гауға). Сол сияқты, өзбек, қырғыз, қырым, татар, ұйғыр және басқа түркі халықтарымен сөздеріміз ұқсас. Түркі халықтарында алфавит ортақ болса, бір-бірінің сөздерін, дыбысталуы шамалы басқаша болса да, жазылуын оңай оқып түсіне алатын болады. Тарихқа қарасақ, барлығымыз тамыры бір халықпыз, ру-тайпаға бөлініп кеткен. Алфавитпен айналысып жүргендер осыны ескерсе жақсы болар, қарым қатынас жеңілдейді.
Кідірәлі Ewropa-ға 2017-07-30 22:55:10
ойбай, сұмдық бопты ғой
Түркі мүркі деген не ? 2017-07-30 20:53:12
Ей, сайрағыш "білгіштер" ! Түркі мүркілерің не, алдымен қазақ болып алсаңдаршы. Латын сатының бәрібір қазақты бөлшектейді, басқа пайдасы жоқ.
Ewropa 2017-07-30 18:27:25
қай ортақ түркі әліпбиін айтып жатырсыздар? Мысалы, түрік, әзербайжан алфавиттерінде w әрпі жоқ. Сосын w ағылшынша /у/, ал немісше /в/ болып оқылады (Volkswagen - фольксваген). Ортақ түркі әліпбиі деп жар салып жүрген мықты түсіндірсін енді. Ол ортақ әліпби басқаларымен талқыланыпты ма?
Mambetke 2017-07-29 18:47:56
ой өрісің тек солай сөйлеуге жетеді екен ғой, сен сияқтылар қазақ тілін бүлдіретін!
Aybekke Mambet 2017-07-29 18:39:14
Айтқаның дұрыс, шіркінай, доктор дегенді доғдыр, фабриканы -пәбірке, завод -сауыт, фельдшерді - першіл, адьютантты - атұлтан, счетовод дегенді-шәтәуәт, бухгалтерді - бұлғақтыр, жайдақ арбаны ләшеңке /лежанка/, автомобилді - әптімәбіл деп өткен ғасырда айтатын кемпір шалдардың тіліне қайта жетсең ғой. Арманың болмас еді, ә ! Осы бастан солай сөйлей берсейші, бір құмалақ шығып қалар .
Aybek 2017-07-29 14:46:51
Басты қиындық әліпби емес, тілді түзету! Қазақ тілінде өте көп жат сөздер қолданып жүр, оқылғанда да басқа тілдің ережелерімен оқылып, қазақ тілін бұрмалап жүр. Сол сөздерді қазақ тіліне келтіру керек, ал әліпби - барлық түркі халқына ортақ болу керек. Әліпбиге ұсыныс: https://massaget.kz/blogs/22026/
Оқырман 2017-07-28 14:26:53
Райхан дурыс айтасыз, латын әліпбиі бұл ойдан шығарған емес қазақтың бұрыңғы әліпбиі біз жоғалтқанды қайта тауып орнатамыз
Райхан 2017-07-27 18:19:21
Латын әліпбиіне көшеміз деп емес, ораламыз деп айтайық, ол ата бабамызды да қолданған әліпбиі, тухани жаңғыру деген де осы болса керек ті!
жанар 2017-07-27 18:19:03
шындығында латын әріптері ешқайсымызға таңсық емес, күнделікті өмірде қолданып жүрген қаріптер, тек соны ресмилейміз.
нейла 2017-07-27 18:18:51
біздің тәуекелшіл Президентіміз нөлден бастап осындай дәрежеге елді жеткізгенде, төл әліпбиге көшіре алатыныныа титтей де күмәнім жоқ.
үміт 2017-07-27 18:18:37
алдымызда жауапкершілігі мол үлкеенн бастама күтіп тұр, Алла жар болсын!
дастан-е-латын 2017-07-27 17:47:16
"Бір-ақ қарғып мінем деп мертігеді, жатады". Бұл Абайдың латынбайларға айтқаны.
Лора 2017-07-27 16:31:17
Қазақ тілді қоғам дайын мына өзгеріске, ал өз тіін ұмытқандар ғана аяқтан тартып отыр.
Улдай 2017-07-27 16:09:49
Ата-бабаларымыз латын әріпімен білімін ашқан. Сондықтан осы әріпке көшу қиын болмайды.
Нуржан 2017-07-27 16:07:17
Айтылған уақытқа дейін министрлік дайын болады деп ойлаймын.
дастан-е-латын 2017-07-27 15:36:15
Ввод латиницы оглушающий удар по неокрепшему казахскому языку.
Erko 2017-07-27 13:31:18
Öte kıwanıctımın. Tezirek kabıldasa eken.
Ерко 2017-07-27 13:24:07
Халыққа талқылатып қажет емес, қара халықтың бәрі бірдей ғалым емес қой. Бір дөңкейлер ағылшынның 26 әрібімен шектелу керек дейді, біреулер руна жазуына өту керек дейді, шетінен бәрі қуып жатқандар. Тіл мамандары, лингвистер өздеріңіз отырып ең қолайлы нұсқаны таңдайды деп сенемін. Қазақ тілінде 28 дыбыс бар, сондықтан макисимум 30 әріптен асырмайсыздар деп ойлаймын!
жәй Қазақ 2017-07-27 12:45:04
Қазақ тілі Қоғамда негізінен пайдаланылмайды, сондықтан Латынды кіргізгеннен Қазақтыққа пайда аз. Қазақ Елі болған соң, Қоғамда тек Латын әрпімен жазылған Қазақ тілі қана пайдаланылмай Қазақ ұлты көгермейді. Ал министрдің айтып тұрғаны "Кеспені құлаққа орау". Ширек ғасыр өтіп кетті, енді " ақырындап" енгізу" жөнсіз.
C 2017-07-27 12:33:35
Жылдың аяғына дейін 4-5 ай ғана қалды. Қабылданатын әліпбиді көрсетіп халық талқылауынан тағы да өткізсе артық болмас еді.
Марта 2017-07-27 12:14:12
Бұл өзімізге біраз жеңілдік әкеледі деп ойлаймын. Кітаптарды латынға көшіру әзірге мүмкін болмас, алайда кейінгі ұрпаққа керек болатыны анық.
Динар 2017-07-27 12:13:56
Бастапқы кезде не нәрсе болсын қиындық туғызбасы белгілі. Бірден бас тартып кету әрине қиын, алайда амал нешік, көнуге тура келеді.
Саванна 2017-07-27 12:13:37
Бұл дұрыс қадам, ел құлағын шулата бермей осылай істеу керек. Қабылдап жіберсек, тез үйреніп кетеміз.
Сания 2017-07-27 10:56:46
Латиница алфавит будущего, нашим детям легче будет изучать английский. Да и вообще, кириллица никуда не денется, не стоит беспокоиться
Санжар 2017-07-27 10:52:15
Возвращение к латинице будет несложным, когда-то наши предки писали латинской графикой, и мы сможем, к тому же соседи уже перешли и у них проблем не возникает.
Айгерим 2017-07-27 10:51:03
Время еще есть до конца года, значит алфавит примут в наилучшем варианте.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7989
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 15348