Жексенбі, 22 Қазан 2017
Абай.tv 7460 16 пікір 30 Шілде, 2017 сағат 07:43

Екі ұлын Қазақстанға жіберген әке Қытайда он жылға сотталды

Екі ұлын Қазақстанға жіберген әке Қытайда он жылға сотталғаны жөнінде уатсап әлеуметтік желісі арқылы бейнеүндеу мен хабар тарап жатыр.

Екі ұлын Қазақстан Республикасына жіберген әке осы ісі үшін Қытайда он жылға сотталды. Екі ұл ҚР азаматы ретінде Елбасынан әкесіне араша сұрайды. Тұтас Қазақ қоғамы, зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, екі тірі жетім сіздерден көмек сұрайды! Үнсіз қалмаңыздар. Бір көмек жасаңыздар.

Cондай-ақ кеше С.Аманжолов атындағы ШҚО мемлекеттік университетінің түлегі Аққу Еренбектің де Қытайда тұтқындалғаны жөнінде ақпараттар таралды.

19 жастағы студент қыз  ұялы телефонынан Құран және "Қылмыс" романы табылғаны үшін тұтқындалған. Аққу Еренбекті жаздық демалыста Қытайдағы үйіне қайтар жолда Майқапшағай-Жеменей шекарасында Қытай Қауіпсіздік қызметкерлері ұстаған.

Abai.kz

16 пікір
Аноним 2017-08-02 18:58:48
Неге жаппай, туткындап жатыр себеп барма екен? Обалго дам болсын туткындап жатса. Комектесинизши жогарда отырган ага буындар елшилик кайда. Жан айкайын тындайыкшы. Мына жылап отырган халыкдын.
Nayman ALASH 2017-08-02 16:26:03
ӘР ҚАЗАҚ --- МЕНІҢ ЖАЛҒЫЗЫМ! біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос. АБАЙ ХАКИМ БӨЛІНГЕНДІ БӨРІ ЖЕЙДІ!!! Әуелі біз бөлінгенді қояйық бауырлар!!! Сен қытай қазағы, анау моңғұл қазағы, мынау орыс қазағы деп айдар тағып, алалап өзмізді өзіміз бөлмейік, онсызда қазақтың басын қосуға жасалынып жатқан кедергілер жетіп асады, Өз қолымызды өзіміз кеспейік. СОСЫН, Жел соқпаса, шөптің басы қймылдамайды. Қай бір қазақтың қара домалақ баласы тегіне тартпаған дейсің : аузын ашса , жүрегі көрінетін, қой мінезді момын қазақ қой . заң бұзып, ереже аттап, кімнің қазанын теуіп құлатып кетіпті дейсің сол қытайдың қазағы да!!! олай заң бұзды деп жүгенсіз сөйлеп, күйіс қайтарған малш аузға келгенді көкіп, көпке топырақ шашуға бошмайды. Үшіншіден, Арандатушылыққа түсіп кетпейік делік, бұл да дұрыс ,Сақтықта қорлық жоқ. Әйткенменде, арбада сынбайтын , өгізде өлмейтін жолын қарастырғандыда ескерген әбзал болар. Әлем елдері қазыр бір тұтас тұлға , ешкім ешкімнен оқшауланып жеке дара өмір сүре алмайды. Қазақстан да солай, Қытай да солай. Халықаралық заңнамаларға сай қытайдың қазақтарға жасаған түрлі бассыздықтарына тосқауыл қойуға әбден мүмкіндік бар. ЕЛБАСЫДА осы билғы 5-Дүние жүзі Қазақтар құрылтайында осы мәселеге қатысты айтты ғой: бұл мәлімен менің құлағыма жетпеді, егер болып жатса, МІНДЕТТІ түрде СІМ арқылы көңіл аударатын боламыз --- деп. бұлардың барлығыда заң аясында салауатты, мәдениетті түрде адамдық ұқықты қорғаған заңды, орынды әрекет. Қытайдың шыңжаңдағы қазақтарға құйтыртқы жауыз саясат жүргізіп жатқаны анық, ал сондағы қандастарымыздың сол саясаттың құрбаны болып жатқаны олда анық. сондықтанда, Әркім әртарапқа бет-бетіне тартпай, жұдырықтай жұмылып, ауызбіршілігімізді сақтайық. Соңында ЕЛБАСЫ ұнатқан сөз сізгеде ұнайды деп сенемін ҚАНЫ БІР ҚАЗАҚ БАУЫРЫМ : ӘР ҚАЗАҚ МЕНІҢ ЖАЛҒЫЗЫМ!
жұмыр қылыш 2017-08-01 13:12:50
бұл жағдай ол жақтағы он мыңдаған қазақдардың басынна түған қасыреттың біреуі ғана! енді қазақ мемлекеттік биілік араласбаса, ол жақтағы қазақдардың тамырынна қара қытайлар балта шауып жатыр!
жəй Қазақ 2017-07-31 12:31:40
Абай кз-ға таң қаламын, пікірді алып тастағанда Қазақ Елінің "ауруы" жазылама. Арандатпайық "Бəрі жақсы" деп, "бұға бер, тыға берсін". Шынашақтай Еврей мен КНДР намысын қалай қорғайды, ешқандай БҰҰ-сызақ таптатпайды.
Шығар жол мен Руза дегенге Тәртіпқұл 2017-07-30 20:45:04
Арандатпай заңды сақтауға шақырыңдар, тасада тұрып арандату қазақтың нағыз жауларының тірлігі. Әсіресе Руза деген саған ескерту.
jaykazak --Шығар жол:-ға 2017-07-30 20:24:16
ана «еркін азя радиосы» дегеннің қытаи қазақтарының соиылын соғып дабылын қағады деу-тым балалық козғарас. олардың соңғы кездері қытаи қазақтары туралы осек-аяңға жақын «хабар-ошарлары» жиілеп барады.білетін-тұсінетін адамға бұл тек олардың «кұріштің(қазақтың) арқасында кұрмекке (басқа ұлт) су бермекші болған » тірлігі ғана .
Руза 2017-07-30 19:13:08
НАН қайда қарап отыр? Құрылтайда айтқанын ұмытты ма, әлде шет қазақтарының алдындағы жәй пиар ма?
Шығар жол: 2017-07-30 19:07:09
"jaykazak" пен "жәй Қазақ дұрыс айтады" -ға: Қытайдағы Қазақтарға қысым жасалып ондағы Қазақтардың ұсталып, соталып 5-10 жыл арқалап түрмеге кеткені туралы ақпаратты "Еркін Азия радиосы" т.б. шетелдік ақпараттар беріп жатыр. Оларды сіз-бен біз контролдай алмаймыз. Біздегілер бір апта немсе оншақты күн өткеннен кейін солардың ішіндегі (шетел ақпарат құралдарында жарияланған жаңалықтарды) кейбіреуін қазақша аударып беріп отыр. Оған оралмандардың не кінәсі бар. Қазақстанда жұрналист болып жүрген оралман немесе тұрғылықты журналисттердің ешқайсысы Қытай Қазақтары орналасқан өңірге барып жаңалық жазып отырған жоқ. Шетел ақпараттарды дабыл қағып жазып жатса - оған біздің іштарлық жасауға еш қақымыз жоқ. Сондықтан, "шетелдегі Қазақтар не болса сол болсын, өзіміз аман болсақ болды" деген бір ұлттың өзін екіге бөліп қарайтын мешеу идеадан аулақ болған жөн. "өгізге туған күн бұзауға да туады дегендей" бүгін Қытай Қазақтарының басына туған күн ертең сенің басыңа да тумасына кім кепіл. Ашық әлеуметтік желіде өтірік ұлтшыл болып, қалтарысқа келгенде жығылғанға жұдырық сілтегенді тоқтату керек.
Алдар көсе Есенғалидың көршісі 2017-07-30 16:47:08
Қытайдағы емес Қазақ еліндегі Қазақтарды жарытпай тексіздігін танытып отырған басшыдан не араша сұрайды ?!
Есенғали, Антакиядан 2017-07-30 16:26:05
Ф : "қашанға шейін созылады бұл басыну?БҰҰ-қайда? *********************************************************************************************** Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімін орындамай отырған Қазақстан билігін ол мекеме неғылады ? ! *********************************************************************************************** АЗАТТЫҚ РАДИОСЫ : "Астананың Сарыарқа аудандық соты БҰҰ-ның әйелдерді кемсітуді тыю комитетінің шешімін орындау үшін қаржы министрлігінен жеті миллион теңгеден астам моральдық және материалдық өтемақы өндіріп беруден бас тартты. Қазақстан мен Орталық Азияда тұратын әйелге қатысты мұндай шешімді БҰҰ комитеті алғаш шығарып отыр". 29 шілде, 2017.
жәй Қазақ дұрыс айтады 2017-07-30 15:01:24
Қытайдың ішкі ісіне араласып, Қазақстанды арандатпаңдар қытай қазақтары. Тыныш жүре алмасаңдар, заңды сақтай алмасаңдар, қай жерден жып етіп өтіп кеуге болады деген алақ-жұлақтарыңмен өздерің бастарыңа іс тудырып отырсаңдар кімге өкпелейсіңдер ?
jaykazak 2017-07-30 13:42:29
жақыннан бері осы саитта қытаида заңға тұскен жекелік қылмыстарды (қазақ) ұлттық-мемлекеттік дәрежеге көтеріп алашапқын болатын жазбалар көбеиіп барады. әр елдің салты басқа ,екі баласын оқуға жіберсе ол өз ұқықтары ,еш заңға қаишы емес.ал оның ұсталғанының сөзсіз тұрде басқалаи заңды себебі бар.ана ұсталған оқушының қылмысы «шетелден дінни жазба -матерял тасымалдау». қытаи заңында жеке тұлғалардың шетелден дінни тақырыптағы әрқандаи матерял алып қытаи шекарасына кіруіне заңмен қылмыс дәрежесінде тиым салынған.сондықтан әңгіменің бас-аяғын толық білмеи тұрып мұндаи жекелік қылмыстарды ұлт дәрежесіне көтеріп даурығудың қажеті жоқ
1 2017-07-30 12:24:51
Ұйғыр ана Рəбия құрлы болмады ау мына қазақта бір адам.Рəбия Америкада тұрып Обаманың жанында тұрып айтты бəрін қытайды.
Nayman Alash 2017-07-30 11:06:08
Қазақстан билігі қазыргі таңда ашық- әшкере қытайға қарсы шыға алмайтын шығар. дегенмен, ҚАЗАҚСТАН-ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ! бірлескен ұлыттар ұйымына мүше ел. Ең кемінде, халықаралық заң намаларға жүгіне отырып, қытайдың осы тектес адамдық ұқықты таптау сияқты халықаралық гуманитарлық заңнамаларға қарсы қылмыстарын көлденең тартуға болар , осы арқылы қытайға тосқауыл жасауға да болар! Қытай да БҰҰ ның тұрақты мүшесі , ол арада осы фактілер арқылы қытайға саяси бопсалау жасауға әбден болады! өйткені, қытай БҰҰ ға мүше болу үшін сол заңнамаларға қол қойып, келісім беріп кірген жоқпа!
Ф 2017-07-30 09:47:19
қашанға шейін созылады бұл басыну?БҰҰ-қайда?
Оқырман 2017-07-30 08:07:50
Бұған да көнер бұл қазақ.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7989
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 15348