Жексенбі, 22 Қазан 2017
Қауіп еткеннен айтамын 15309 29 пікір 3 Тамыз, 2017 сағат 09:16

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Қытайлықтар бүгінде Қазақстанның 132-ші этносы болып қалыптаса бастады. Келесі санақта бұл жаңа этнос ретінде анық көрінетін болады. Ұлты қытай жиендеріміз де дүниеге келіп жатыр. Бір күндері олар Қазақстан халықтары ассамблеясы аясында Парламенттен орын алады. Оған күмәніңіз болмасын. Кез келген шет елдік мемелкет қазақ жеріне ие болып отырған өз азаматтарының мүддесін қорғауға құқы барын тағы ескерейік.

Қытай адам құқықтарының халықаралық норма талаптарына сай қорғалуына аса назар аударып отыратын ел. Ол жақта 150 миллионнан астам адам жұмыссыз екен. Қытай үкіметі қабылдаған «Батысты игеру» бағдарламасында осы жұмыссыздар Қазақстан рыногын игеруге жұмылдырылмақшы. Бүгінде Жетісу өңіріне қытай жағынан келушілердің ағыны толастар емес.

Үлкен жауапкершілікпен айтамын, егер алдағы уақытта да осы айтылған жайларға шыныменен көңіл аудармасақ, бұл мәселелер болашақта Қазақстан мен Қытай арасында геосаяси жағынан да, этникалық жағынан да түрлі әлеуметтік түсінбестіктерді туындатуы мүмкін. Қазақстанды тізерлетіп болғасын Қытай таяудағы 15-20 жылда Еуроодақ елдеріне де ықпалын жүргізіп, оларды кез-келген мәселе төңірегінде мәмілелер жасауға мәжбүр ете бастайды. Қытайдың «қатал ойыны мен жұмсақ экспанциясы» Еуропаға Қазақстан мұнайына иелік ету арқылы ашылған қақпа арқылы жүзеге аспақ. Талай қанды қырғын, қып-қызыл соғыспен ала алмаған Қазақ жерін екі арадағы осындай құйтұрқы тәсілімен қолдарына іліктірген қытайлықтарды ол кезде күштеп те кетіре алмайсың!

Қытай диаспорасы кімге сүйенеді?  Олардың иммигранттары әлемнің қай түпкірінде болмасын қытайдың әскери және қаржылай көмегіне арқа сүйейді. Ендеше, бүгінгі қал-ахуалымыз шығыстағы көршіміз Қытаймен байланысымызға баға беруді талап етеді. Қытайдың соңғы жылдардағы экономикалық жағынын тез өркендеуі мен оның әскери күшінің өсуі ерте ме, кеш пе аймақтағы мемлекеттердің өзара ықпалының ара-салмағын өзгертуі мүмкін. Уақыт өте келе екі ұлт өкілінің арасындағы керіс туындап, ол екі мемлекеттің мәселесіне дейін көтеріліп, дауына айналса, сонда кімнің мүддесінің үстем шығатынын өзіңіз аңғара беріңіз. Оларға әскери тойтарыс беремін деп ойлаудың да қажеті жоқ.

Н.Қошаманұлы

Abai.kz

 

29 пікір
Абай 2017-10-14 01:16:02
Сонда не істеу керек? Нақты жоспар жоқ па қытайға қарсы? Биліктен үміт жоқ. Өстіп жазып отқанша жиналып ақылдаспадық па?
Мейрамбай 2017-10-12 09:33:53
Осы мақала және қатар тұрған басқа үш мақала 2017 жылдың үздік материалдары болып есептеледі ме???????????????? Не үшін????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????????
Əдемі 2017-10-11 16:40:44
Сондықтан ойланайық !
Əдемі 2017-10-11 16:39:51
Ия расында да қытайлықтардың саясаты - құйтырқы саясат. Ол бұл ойды тарихтан қарасақ, өте ертеден бастаған . Цыма Сяньның "өзге елді жаулағын келсе, ішіне от сал , жерін біртіндеп ал " - деген екен. Қазіргі заманғы саясаты осымен байланысқан . Енді біз не істеуіміз керек деген сауал туындайды. Біздің үкімет оларға қарсы , яғни кіруіне қарсы шек қоюы керек. Заңды қатайтпаса, тəуелсіздігіміз небәрі 50 жылға ғана тартуы мүмкін.
Болат 34 2017-10-10 13:31:34
Ескендір Зұлқарнайын Сыр бойында ауыр жараланып жерімізге дендеп кіре алмай шегініп кетіп еді, Қызылбастар патшасы Кир де, Дарий де бірі басынан айрылып, бірі Қызыл Құмның шөлінде қырылып табандарын жалтыратып еді, 300 жыл бойы қазақпен соғысқан қалмақтар жер жастанып тынды, ата-бабаларымыздан қорғанып 6 мың шақырымдық биік қорған салған қытайлар, енді келіп, 21-ғасырда соғыспай-ақ Қазақстанды бейбіт жолмен басып алатын түрі бар. Қазақ жерінің киесі Хан тәңірі шыңын қытайға бергеннен кейін, соның киесі ұрды ма екен, жерден айрылып бірте-бірте қытайланып, біржолата тарих сахнасынан шығып қалатын жағдайдың бастауында тұрмыз. Үкіметіміз жер қорғаған батырларымызды түрмеге жапты. Енді күніміз не болар екен?. "Жыртық үйдің де құдайы бар" деуші еді. Ұрпағымыздың қарғысына қаламыз деп, "Қазақ Бетпақдаласының" биліктегі бетпаққаралары ойлайды ма екен?! Араларынан, Ресейге өткізіп жіберуден бес облысымызды аман алып қалған, 20-ғасырдағы қазақ батыры Жұмабек Тәшеновтей жерімізді қорғайтын жүрекжұтқан азамат шықпас па екен?!
Жанслу 2017-09-27 09:44:58
Көп сөзді қойып... иісі Қазақ баласы... республикадағы Қытайларды дереу шығарып...Қытайды кіргізген адамдарды анықтап жазалау керек. Енді іске кіріспесе кешігеміз...
мамырбек 2017-09-18 19:34:28
бүлкұнде елмзге келген әр таза қтаиларды ешқашан етникалқ ретнде қаблдаүға болмаиды …
:жолаушы 2017-09-04 23:09:01
Поезда келе жатып еки айелдин ангимелерине кулак турдим, Оздери жумыстан босап ауылдарына кайтып бара жатса керек,Кытай компаниясында жумыс истегендер екен,Казактарды жумыска алындар дегенге айелдерди ала берипти курылыска ,140 айел еден жуушы болып тиркелген екен. (Ишимнен ойладым курылыстын ар кирпишин жуган ба деп). Типти Пвлодар обылысында бир ауылда ма, ауданда ма бари кадимгидей уй алып турып жаткан коринеди. Енди тагы бир ауылга коз салып,сол жерге материялдык комек корсетип,жагынып коныстанбакшы екен. Алгилердин ангимеси оте кызык ,неше турли...Бирак,соган конип журген, оларга коныстануга руксатты ким береди?
Тилек 2017-08-29 13:25:03
Қытаи мен жақындауың ажалыңа асық қаның! Бұдан құтылу қиын, бəріне билік кінәлы! Оларға заң шығару керек еді!
Бауыржан 2017-08-29 13:15:09
Елімді
Бауыржан 2017-08-29 13:13:03
Айтқан сөздеріңіз рас шығар мен білмеймін. Бірақ "Оларға әскери тойтарыс беремін деп ойлаудың да қажеті жоқ " дегеніңіз дұрыс емес. Жалғыз өзім жүріп соғыссамда еліиді қорғаймын.
arman 2017-08-26 01:31:36
Қытайлар қазір өз мақсатына перде артында тұрып жеткісі келді, сондықтан олар дәл қазір Қазақстандағы кез келген танымал тұлғаны сатып алып, солардың аузынан Қытай жарнамасын жақсылап жүргізіп келеді... Бір кезде Қытайдың қас жауындай болып жүрген, елге танымал тұлғалар, бүгінде басқаша оймен , басқаша тілмен сайрай бастады.. "Періште алтын көрсе жолдан таяды" - деп өздерін жүбатып қотын секілді... Қытайлар осыған дейін, жеке дамдарды өзіне қаратып, аузын майлап, сатып алса, ал енді оған қоса белгілі ұйымды өз ыңғайымен, нұсқауымен жүгізп, солар арқылы Қытай идеялогиясын мықтап қолға алды, тіпті Қытайлар ол ұйымдарды қаржыландырып келеді.. Қазақстандағы Қытай консулы негізінен осы жұмыспен мықтап айналысып келеді .мысалы: бірнеше жылдан бері Қытай консулы Қазақстандағы түрлі мерекелерді, айт, науырыз мерекелерін осы ұйымдармен бірлесіп өткізіп келеді, сол дастарханда Қытайды жақсылап жарнамалайтын видео-кескіндер көрсетеді.. осында Қытай үшін үлес қосқан ұйымдарды жұрт алдында марапаттайды -ау бір, оларда Құдайын көргендей басын тынмсыз шұлғып осы Қытай өкіметіне раметтерін жаудырады ай келіп... осы Қытай үшін игі шараны жан-тәнімен ұйымдастыратын бірден бір ұйым "Жебеу қоғамдық бірлестігі " екені баршаға аян, ол ұйымның жарғысында мүмкін "Қытай идеялогиясын ЖЕБЕУ " деп жазылғанда шығар... "іштен шыққан жау жаман" Қытайдың Қазақстанда ең шүбасіз сенетін бір ұйымы бар, олар "Дунган ассоциясы ", оДунгандар осы Қытай жайған дастарқандарда, осындай мерекелерде ашық түрде "Біз ұрпағымызға - сендердің отандарың Қытай, біз Қытайды ешқашан ұмытпаймыз "- деп үйретеміз деп ағынан жарылады... осыған лейін Қытай өкіметі Дунган жастарын Қытайдың жоғары оқу орндарында тегін, және грантпен оқытып келеді... осы жылы Қытай елшілігі ұйымдастырып, Жамбыл облысындағы Масанчи ауылындағы мектепке Қытай оқулықтарымен толық қамдап беріпті ... міне бүгінде Қытай жан-жақтылы Қазақстанға сұғынып кіріп келеді...
Мен 2017-08-16 15:10:24
Кытай тек ақшамен алмайды олар өөте қу халық мүмкіндігінше жалпақтаумен алдыңда бүкшеңдеп жүріп төріңнен бірақ шығады. Өмір бойы ешкім көрсетпеген құрмет көрсетеді қытайға барып жүргендер біледі , өзіңді əжептеуір мəртебелі кісі екенмін деп қаласың бірақ оның бəрі тегін емес екенін үйге келгенде түсінесің. Сондықтан олардан аса сақ болған дұрыс. Мен Димаш Құдайберген інімізге көрсетіліп раотырған соншалықты жарылқаушылықты да үлкен саясат деп ойлайм. Өйткені соңғы кезде біздің қыздар қытайға тұрмысқа шығып жатыр деп шу шығып , қытайлықтарға деген жеккөрінішті көзқарас қалыптасып келе жатқан еді енді бірден қытайлар жақсы болып шыға келді,енді қытайлар Алматыда еркін бас котеріп жүре алатын болды. Енді тіпті қаптап кетседе бүкіл қазақстандықтар қолдайтындай болып тұр. Димаш жəне оны қолдайтындар ренжімесін Димаштың талантына күман келтіре алмаймыз менде жанкүйерінің бірімін. Менің айтайын дегенім абай болайық əсірісе жастар , қыздар....
сұлтан 2017-08-09 14:23:09
қытайдың ақшасына сатылғандардың қатарында басы биліктегілерден тартып айағы оралманға дейін талайы бар. енді біраз жылдан соң қытай "бауырластарымызды қорғаймыз" деген сылтаумен әскер кіргізсе таң қалатын түгі доқ.
сұлтан 2017-08-09 14:18:57
қытайдың ақшасына сатылғандардың қатарында басы биліктегілерден тартып айағы оралманға дейін талайы бар. енді біраз жылдан соң қытай "бауырластарымызды қорғаймыз" деген сылтаумен әскер кіргізсе таң қалатын түгі доқ.
ОРАЛМАН. 2017-08-07 11:56:35
" Жалғас ---------- 2017-08-06 21:14:34 ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- -------------Қытайлар осында Қытайдан келіп, орнығып алған оралманға сүйенеді деген қауесет рас па ? " ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------ ----- Осы айтылған пікірде... бір шындықтың ұшығы бар сияқты... анау " ЖЕБЕУ " ұйымына күдік бар.....
Жалғас 2017-08-06 21:14:34
Қытайлар осында Қытайдан келіп, орнығып алған оралманға сүйенеді деген қауесет рас па ?
АБЫЗ 2017-08-04 11:01:53
Көп сөзді қойып... иісі Қазақ баласы... республикадағы Қытайларды дереу шығарып...Қытайды кіргізген адамдарды анықтап жазалау керек. Енді іске кіріспесе кешігеміз...
Қаһарлы қазақ 2017-08-04 01:56:35
Қиын-ақ! Қытайды диаспора қылса - бұл биліктің ұлтына істеген қастандығы, сатқындығы! Қытайлар қазір Қазақ елдіне дүңген, дұңған болып, мұсылманбыз деп кіріп жатыр. Олардың мұсылмандығы тек алдаудың жолы. Əйтпесе оларға Дін Ислам текке керек емес. Осыдан сақ болу керек!
Манас 2017-08-04 00:58:04
Қазақстанды сатқындар билеуде !
Бір қазақ 2017-08-03 22:02:22
Бізге кеп жатқандары Канада, АҚШ,Жапония,Малаизия, Сингапур,Австралия,Оңтүстік Африка,Австралия, Латын Америкасы,Еуропага кетіп жатқандарынан артылған бірең сараңдарығой. Соның өзі қаптап барат. Шынымен бет бұрар болса, бұл тасқынды тоқтату мұмкін емес-ау!
Есенғали, Антакиядан 2017-08-03 18:44:52
Алматы аэропортында келген самолёттерден жақыныныңызды күтіп алсаңыз, өзіңізді Қытайда жүргендей сезінесіз. Алматыға ағылған қытай мен ұйғырды көресіз.
Гүлназ 2017-08-03 17:11:02
Қытайларды елден шығару керек. Тәуелсіздігімізге қауіпті.
ЖИЫН 2017-08-03 15:55:29
...Осы сынақтан лайықты өту Билікке де, халыққа да зор жауапкершілік жүктейді. (???) Билік дегеніміз - халық және оның шешімі. Бірақ бізде олай емес. Нәтижесі қазіргідей...
ХАЛЫҚ 2017-08-03 15:27:49
К.Масимовті және мынау Қытайлар мен Қытайға тұрмысқа шыққан Қазақ қыздарын түгелдей Қазақ Елінен шығарып жіберуді... бүкіл Қазақ жұрты талап етуді ұйымдастырыңдар...
Кытəй 2017-08-03 15:15:11
Шенеунике пара бер, Пара берде бара бер.
Че 2017-08-03 12:29:42
Бұл іс кгб түлегі п.министр бүгінде ұлт қауіпсіздігінің басшысы К.Масимовтың стратегиясының жетістігі, мақсаты. Ол қытайдардың арасында ұйғырларда бар. Ұлтқа мемлекеттікке қауіп төндіретін адам қалай Ұлт қауіпсіздігіне жауапты өзі ???
Амантай 2017-08-03 10:39:38
Бұл тақырып тек автор ғана емес күллі Қазақ қоғамының алаңдаушылығын тудырып отырған бүгінгі күннің ең өзекті мәселесіне айналды.Ақырған аюдың шеңгелінен шыға алмай отырғанда енді әбжылан айдаҺардың шырмауына орансақ жағдайымыз мүлде ұшығып кететініне еш күмән жоқ шығар. Әрине сыртқы жау қауіпті, Ел ішінде ынтымық, бірлік болса күллі Қазақстан халқы бір мақсатқа ұмтылып, ортақ мүдде үшін жұдырықтай жұмылып тұрса, отаншыл, елдік рухымыз асқақтап тұрса бәрі де басқаша болар еді. Бірақ қазақтың елінің суын ішіп, нанын жеп отырғандардың ішінде мұндай елдік қасиеттерден жұрдайлары аз ба? Бәрінен де қауіпті іштен шыққан жау жаман. Осындай күрделі ахуалдан елді, халықты аман алып шығу үшін аса көреген, салиқалы, сындарлы саясат керек.Қазақ қоғамында шешім күткен келелі мәселе әлі шаш етектен. Қысқасы қазақ қоғамы бүгін сын сағатта тұр. Осы сынақтан лайықты өту Билікке де, халыққа да зор жауапкершілік жүктейді.
ХАЛЫҚ 2017-08-03 09:57:30
Осының барлығы - ақылсыз және Қазақтың келешегі керек емес - Басшының іс-әрекеттері !!.. Халық болып қалғың келсе құр сөзді қойып... нақты да қайырымды іске кіріс ?!!..

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7955
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 15309