Жексенбі, 22 Қазан 2017
«Соқыр» Фемида 2615 18 пікір 7 Тамыз, 2017 сағат 10:43

Оқушылар қазақ тілінің орнына география пәнін оқи ма, Сағадиев мырза!

Елімізде білім саласына бағытталған «2016-2019 жылдарға арналған жаңартылған бағдарлама»  енгізіліп жатыр. Бұл бағдарламаның  қазақ ұлтына жасаған ең бірінші соққысы үш тілділік болды. Былтырғы жылы бағдарламаның алғашқы құрбандары  1-сыныпқа барып төл әліппесін таппай қалды. Бұл масқараның тоқтайтын күні бар ма?

2017-2018 жаңа оқу жылынан бастап  5-7-сыныптарға жаңа бағдарлама енгізілгелі жатыр.  Ұстаз ретінде жаңартылған  бағдарламаның курсын оқып бітірдім. Методикасында әңгіме жоқ. Баланы еркіндікке тәрбиелейді, неше түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыны өз ойын ашық айтуға дағдыландыратын тамаша дүние.  Бірақ жаңартылған бағдарламаның  кітабы мен негізгі өтілетін  тақырыптары қазақ тілін жоюдың таптырмас  құралы екенін байқадым.

7-сынып «Атамұра» баспасы, қазақ тілі оқулығы.

(Министрдің сайтында халық талқысына жоба  ретінде  ұсынылған.  Мына сілтемеде: http://okulyk-edu.kz/ocenka-kz   )

Қазақ тілі кітабында «Ауа райы, климат, атмосфера», «Климат және климаттық аймақтар», «Климаттық өзгерістер»  деген тақырыптар жүр. Бұл тақырыптарға арналған  мәтіндер мен тапсырмалар да бар.

 

1. Мәтінді тыңдап, ауа райының біздің өмірімізге тигізетін әсерін талдаңдар.

2. Қазақстанда қандай климаттық аймақтар бар?

3. Шөл даланың негізгі өсімдіктері нелер? Шөл дала аңына немесе жануарына нелер жатады? Кестеге салып толтырыңдар.

Негізгі тақырып  «климат», тапсырма  «климат», мәтін  «климат», сонда қазақ тілі қайда?

Тапсырмаларды қарап отырсақ географияны оқып жатқан сияқтымыз.

Егер мәтін ретінде ғана берілсе немесе қазақ тілінің сөйлеу тілін дамытуға арналған тапсырмалар болса түсінер едім. Қазақ тілі сабағын оқытудағы негізгі мақсат қазақ тілінде сөйлеуге, жазуға үйрету болса, қазақ тілі сабағына климаттың, шөл даланың не екенін сұраудың  қажеті  бар ма?

Қазақстанның Білім және ғылым министрі Ерлан  Сағадиев  мырзадан мынаны сұрағым келеді: «Мен оқушыма қазақ тілін үйретемін бе, әлде шөл даланы аралап зерттеу жасап кетемін бе?»...

Айман Сағидулла

Abai.kz

 

 

18 пікір
Айнур 2017-09-15 01:14:01
Нуууу
Қазақ 2017-08-10 20:54:02
азаматтықтан кеткен мәңгүрттер,ер емес ездер.Сонша суретінде,киімінде кеткендерің қанша.? Миларың жоқ есектер.Сөз білім жәйында,ұрпақ келешегі жайында. Программа қабылданып кеткеннен кейін қылышыңды боққа шап. Кішкентай қыз құрлы болмадыңдар,пеікір айтқан не теңің?
Ерке 2017-08-10 00:13:13
Айман сіздің ойыңызбен келісемін қазақ тілі оқулығының сәні кеткен сияқты.
Мәкен 2017-08-09 19:10:26
Суретке несіне жабысып қалдыңыздар ? Ол сурет, белбеу, сағат Есенғали, Антакиядан дегенге ұнап қапты ғой. Бәкенге де ұнаған сияқты. Қойыңдар суретке тиісуді.
Бәкен 2017-08-09 19:06:03
Әй , Қайсар! Автордың суретін беретін редакция(портал) шығар , Айманның өзі емес?! Адамның түрінің қозғалған мәселеге не қатысы бар а? Мұнда мақала авторларының фотосуреттері үнемі шығарылып келеді ғой? Түріміз жаман болса , сонда суретіміз жарияланбауы керек пе? Ұнамаса суретке қарамай-ақ қой , о несі ай?І...( "Сәкен" едің енді "Қайсар" болып алғансың ба?!) Суреттен басқа айтарың жоқ па сонда?
Қайсар 2017-08-08 23:18:43
Түрін неге сөз қыласыңдар дейсіздер жазған сыныннан берген фотосы үлкен болса оның түрін айтпағанда несін айтасың?Шынында да фотосын бергендегі мақсаты не екен. Жазған менмін осындай әдемімін дегеніме?
Руза 2017-08-08 22:05:19
қашан бұныңғ артында тұрғандардың масқарашылықтары бітеді екен?
Бәкен 2017-08-08 21:19:56
Еламан: "Оқулық әлі шыққан жоқ қой бұл оны сынауға неге асығып отыр, Сағидулла деген тегіне қарағанда өзінің де қазашылығы шамалы сияқты ғой!" ************************************************************ Оқулық шығып қойған соң айттың не, айтпадың не?! Қалықтық талқылауға берген екен, Айманның сынағаны дұрыс және өте орынды пікірлер айтып отыр! Өздерің ондай кемшіліктерді мүлде көрмейсіңдер , көріп, ескерту айтқандарды күндейсіңдер! Тіпті автордың түр сипатына баға беріпті , кейбіреулер(Сәкен)... О , тоба! Түрінде тұрған не бар екен? Әп-әйбат, бір адамдық келбеті , көркі бар! Сен , Сәкен деген шырақ, өз жөніңді жөндеп алсаңшы а?
Есенғали, Антакиядан 2017-08-08 17:16:11
Пани Ядвига келсейші, қалай пахать ететінімді көрсейші !
Есенғали Антакияданға Ядвига 2017-08-08 17:06:41
Ой, сұмдық-ай, бұқа қартайсада мұрнын шүйіргенін қоймайды дейді қазақтар. А в Туле говорят : старый конь хоть и один раз в год еле еле шевельнется, зато борозду не испортит, но и глубоко не пашет.
Есенғали, Антакиядан 2017-08-08 16:48:25
Мәкен, мен бала қорқытатын құбыжық емеспін. Түрім қазаққа ұқсамаса да, Наташалар мен Ядвигаларға, Гертруда мен Анжелаларға ұнаймын.
Есенғали, Антакияданға Мәкен 2017-08-08 16:37:30
Есенғали, Сәкеннің мордиясына ғашықсың ба, онан да осындағы қарсыластарыңды бір үркітіп алу үшін өз мордияңды қойып қойсайш. Жақсы болса о, міне, керемет деп қыздар тамсанар, қазаққа ұқсамаса тентек баллардыда қорқытуға жақсы болады. Міне Есенғали осы деп.
Есенғали, Антакиядан 2017-08-08 16:07:31
Сәкен, сынағаның дұрыс-ақ, бірақ қомақты сағат жеңге сыймайтынын білсең керек ? Шалбарындағы белдігі - қоңыр, түрі - кәдімгі қазақ қызының түрі. *********************************************************************************************** Өзіңнің мордияңды осы порталға сал, бетіңнен бал тамып тұрғанын көрейік ? !
Сәкен 2017-08-08 11:20:59
Сынағаны дұрысқой бірақ фотосын бермеу керек еді,түрі ұсқынсыздау екен, оның үстіне сағатын жеңінен шығарып ақ шалбарға қара белдік тағып алғаны тіпті керемет екен....
зулпия 2017-08-08 09:01:01
Сагадиевтi cотка беремин! Казак тiлiн емтиханнан алып тастаганы--оз тiлiн кесiп тастаганы емес пе?
Еламан 2017-08-08 07:56:19
Оқулық әлі шыққан жоқ қой бұл оны сынауға неге асығып отыр, Сағидулла деген тегіне қарағанда өзінің де қазашылығы шамалы сияқты ғой!
мешкейге 2017-08-08 01:45:12
Айман сұрақты төтесінен қойып отыр, Сағадиевке жаның ашып,бүйрегің бұрып отырса өзің жауап бер.
Мешкей деген жақсы ат емес 2017-08-07 16:34:20
Мына мұғалім тыныш жұмыс істей алмай ма, ілік шығармаса ?

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7989
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 15348