Сенбі, 16 Желтоқсан 2017
Мәңгілік ел 1125 0 пікір 8 Тамыз, 2017 сағат 09:52

Жол көлік апатын төмендетуге бағытталған шаралар қарқынды түрде  жүріп жатыр

Жол көлік апатын төмендетуге бағытталған түрлі алдын алу шаралары  Талдықорғанда қарқынды түрде  жүріп жатыр. Оған  ҚІІБ Жергілікті полиция қызметінің жеке құрамы және облыстық жол-патрульдық полиция  инспекторлары ат салысуда. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

Жол-көлік оқиғасына жаяу жүргіншілердің қатысуымен облыста 382 факт  орын алды. Оның өсу көрсеткіші сегіз ауданда және Талдықорған қаласында байқалуда. Мәселен, 7 айда жаяу жүргіншілердің жапа шегуі 22,2%-ға өсіп, түрлі жарақат алу бойынша 38 дерек тіркелді.Көбінесе ЖКО-ның себебі жаяу жүргіншілердің тәртіпсіздігінен және жол жүру ережесін сақтамауынан туындайды.

«Жыл басынан бері жаяу жүргіншілердің 2222 жол қозғалысы ережесін сақтамау белгілері орын алды. Сонымен қатар, жаяу жүргіншілерді өткізбегендігі үшін 3995 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды. Бұл біздің қызметкерлердің жүргізген  мониторинг барысында анықталған. Жаяу жүргінші мен көлік жүргізушісінің өзара сыйластығы жол көлік оқиғасы қаупін төмендетіндігін ескеруіміз қажет. Және облыс тұрғындарына жол ережесін қатаң сақтауға, бекітілген орындардан ғана жолды өтуге шақырамыз», - деді облыстық ІІД полиция полковнигі, жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Сабуров Шынғысхан.

Abai.kz

0 пікір