Жұма, 18 Тамыз 2017
Құйылсын көшің 4150 58 пікір 8 Тамыз, 2017 сағат 15:09

Ұлт мәселесін шешуде Ши Жинпиң Назарбаевтың қолына су құйып бере алмайды...

Қанат Әбілқайыр: Құрметті Ауыт Мұқибек, Сіз  «Abai.kz» ақпарттық порталының ең белді авторларының бірісіз. Сондай-ақ, сайтымызды бар ынта-пейіліңізбен қадағалап оқып жүретініңізді де жақсы білеміз. Біз де Сіздің барша қызметіңізді болмаса да қоғамдық жұмыстарыңызды бақылап, бағып отырамыз. Жаңылмасақ, міне, кезекті еңбек демалысынан оралдыңыз. Қайда, қалай дем алдыңыз?

Ауыт Мұқибек: Рахмет. Бұл жолы 20 күнге демалыс алғанмын. Сол жылына бір келетін еңбек демалысымның жарымына таяуын атақты Алакөлге шомылуға, жарымына жуыған Солтүстік Қазақстан облысының екі-үш аудан, ауылдарын аралауға жұмсадым.

Қанат Әбілқайыр: Өте жақсы. Сіздің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшаңыздан «Сонымен, болашақта «Қызылжар қаласы» аталатын шахарға келіп жеттік. Бағыт – Есіл ауданының Бірлік ауылы. Ары қарай аяқ жеткенше бірнеше елді мекенді араламақпыз.. Мақсат – осында көшіп келген қандастармен кездесу, хал-жағдайын білу. Сөйтіп, келесі көшіп келушілерге бағдар беру, жол сілтеу...» деген жазбаңызды оқыдым. Жалпы, осы Алакөл мен Солтүстік Қазақстан облысына барған сапарыңыздың жайын таратыңқырап айтып беріңізші, ондағы қандастарымыздың хал-жағдайы қалай екен?

Ауыт Мұқибек: Соңғы алты-жеті жылдан бергі еңбек демалысымда Алакөлге барып, демалып жүрмін. Мені Алакөлге алғаш апарған, суға шомылу дегеннің не екенін үйреткен Тұмағам – Тұманбай Молдағалиев болатын. Шынын айтайын, мен сол Тұмаш ағамды үнемі сағынып жүрем. Ол кісінің Алакөлге деген махаббаты ерекше болатын. Жаз айы келісімен, демалысын ала салып, Көктұмаға тартатын. Міне, ардақты аға өмірден  қайтқалы алты жылға таяп қалды, мен сол Тұмағам шомылған жерге шомылып, өткен күндердің елесіне елітіп қайтам. Әкемдей болып кеткен ақынға деген сағынышым бір сәтке болса да басылғандай болады.

Алакөлдің Көктұма дейтін ауылына арғы беттен көшіп келген ағайындар көп. Солардың біраз жылдан шешілмей келе жатқан бір мәселесі бар еді. Сол түйін биыл шешілді. Осыдан он шақты жыл бұрын Көктұмаға Қытайдан, Моңғолиядан қазақтар көшіп келе бастайды. Ауылдың жергілікті тұрғыны, қадірменді ақсақалы  Жанахмет Бекатаров деген кісі қандастарына қамқорлық жасап, ауыл шетінен қырықтай отбасына баспаналық жер телімін бөліп береді. Қандастарымыз ақсақалға алғысын айтып, ол жерге түгел баспана тұрғызып алады. Көп өтпей, Жанахмет ақсақал қайтыс болады. Артына баласы Қанапия Бекатаров та дүиеден озады. Сонымен, манағы қырықтай отбасының жері мен үйлерінің құжаттары рәсімделмеген күйі қалады. Сенесіз бе, қолдарында бір жапырақ қағазы жоқ туыстар үй дегеніңді даңғыратып салып алған ғой. Ал, бұл жұмысты бітіріп берем деген ауыл әкімі жыл құрғатпай ауысып отырады. Оның үстіне, оралған ағайындардың жұмысты қағазбен емес, ауызбен істейтін әдеті бар. Алакөл жағасына, Көктұма ауылына көз тіккендер тіпті көп...

Сөйтіп, бұл мәселе күрделене түсті. «Ағайындар жерінен айырылып қала ма?!» деген қауіп менің де ұйқымды қашыра бастады. Сонымен, осы жылдың басынан бастап нақты іске кірістік. Хат дайындап, үй иелерінің қолын қойғызып, Өмірхан Қамбар деген аға арқылы Алакөл ауданы әкіміне тапсырттым. Аудандық Жер қатынастары мекемесінен «Сіздердің заңсыз үйлердің құқығын табыстау үшін сотқа өтініш берулеріңіз қажет» деген жауап келеді.

Ал, сотқа бергенмен қолында бір бет қағазы жоқ қандастарымыз түгел ұтылады. Енді не істеу керек?!

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Калетаевтың атына хат жазып, 37 отбасының иесінің қолын қойғызып, сенатор Дархан Аманұлы «Нұр Отан» партиясына азаматтарды қабылдауға келгенде жағдайды айтып, қолына тапсырған едім. Дархан Аманұлы қандастарының өтінішін депутаттық сауал етіп Алматы облысының әкіміне жіберген екен. Құдайға тәубе, Дархан Калетаев мырзаның ықпалымен бұл мәселе өз шешімін тауып, сол қырықтай отбасының жері мен үйлерінің құжаттары Заң аясында рәсімделіп жатыр. Алдының «Акттері» қолдарына тиіпті. Қандастарын қаңғыртпай, қамқорлық жасаған Аудан әкімі Ә.Ә.Жақанбаевқа, Көктұма ауылының әкімі Дәуренбек Мұқабаевқа рахмет! Қысқасы, ағайындардың сол қуанышын көріп, құтты болсын айтып қайттым десем де болады.

Ал, СҚО-ға келсек, маған «WeCHat», «WhatsApp»,  «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы хабарласып, қоныстанатын ауылдардың жағдайын сұрайтын қандастарымыздың саны өте көп. Өткен жылдың басында өзімнің ауылдастарым Әлен Оразәліұлы, Бекен Бақашұлы деген екі азаматты СҚО-ға барып, аудандарды аралап, бір ауылға тұрақтауды тапсырғанмын. Ол екі жігіт Есіл ауданының Бірлік деген ауылын ұнатып, сонда көшіп барды. Ары қарай жөн сұраған Нұрмұхамет Қайсар, Өлке Талапбек, Жәнел Серікбай деген азаматтарды да солай жібердім. Сөйтіп, Бірлік ауылына оннан астам отбасы көшіп барды. Жабылып қалған  ауыл мектебі қайта ашылды. Аудан әкімі құжаты дайын болған бес отбасыға ауыл іргесінен 10 гектардан шабыстық жер беріпті. Қысқасы СҚО-ға сол ауылды өз көзіммен көрейін деп бардым, дәл шөп шабу науқанының үстінен түсіппін. Есіл өзені ауылдан 300 метр жерде  ағып жатыр. Мағжан Жұмабаев ауданына да 25-ке жуық отбасы көшіп келіпті. Онда келген жігіттермен де ауызекі сөйлестім, аудан әкімі Асқар Бегіманов мырза қандастарының тұрақты тіркеуге тұруына құжаттарын дайындауға көмектесу үшін мемлекеттік тілді жақсы білетін Ғабит деген жігітті арнайы тағайындапты. Астанадағы ҚХР Елшілігінен атың өшкір СОТТЫЛЫҚ туралы анықтама  алуға баратын азаматтарға арнайы машина да беріпті. Жол бойы Аққайың ауданына да соғып, Аралағаш ауылына аялдадым... Қысқасы, тағы көшіп келем деген қандастар болса, бұл облыстың есігі айқара ашық. Қандастарымыз Заң аясында тиісті көшіп келу ақысын алып жатыпты. Оның үстіне,  биыл бір жылға дейінгі мерзімге үй майлау (жалдау) ақшасы қоса берілетін болды...

Бір апта жүріп, біраз жайды аңғардым. Кейбір қандастарымыз қызық. Мысалы Бірлік ауылына көшіп келіп алып, М.Жұмабаев ауданын аңсайды. Ал, М.Жұмабаев ауданына келгендермен сөйлессең, Бірлік ауылы деп, ауыздарының суы құрып отырғанын көресің. Қарасаң, сол ауылдардың бір-бірінен асып тұрған дәнеңесі жоқ: баяғы борпылдаған көше, ескі үйлер, алаң-ашық қора-қопсы... Бірақ, аудан орталығынан алыстаған сайын  ауылдардың отбасы аз, арзан сатылатын бос үйлер көп. Мал ұстап, тіршілік көрем деушілерге өте қолайлы. Заң түзелді. Ендігі мәселе тек қандастарымыздың өзінде тұр. Ақшасы көп, жағдайы барлары  Астанадан бастап, облыс, аудан орталықтарына орналаса берсін. Ал, оған қаражаты жетпегендер шалғайлау ауылдарға барып, арзан үйлерді сатып алып, жамап-жасқап жіберсе, тағы бір он-жиырма жыл отыруға жарап тұр. Жарық, су, мектеп бар. Жер шұрайлы және ол беріледі. Қай ауылға тұруды таңдау еркі, өз қолдарында. Сондықтан, қандастарымыз да бір уақ масылдық пиғылдан кішкене арылып, Елбасының, Үкіметтің осы қамқорлығын жан жүрегімен сезіне түссе екен дегім келеді...

Қанат Әбілқайыр: Жақында Қытайдан бес отбасының көшіп келгені, ол бес отбасыны  белсенді азаматтардың алдынан шығып, шашу шашып қарсы алғаны, Павлодар өңіріне дейін апарып қоныстандырғаны туралы жағымды ақпарат тарады. Сондай ақ, «WeCHat», «WhatsApp» әлеуметтік желілерін кезіп жүрген «Көшіп келуге виза ала алмай жатқан қандастарымыздың ешқандай кедергісіз, делдалсыз, ақысыз виза мәселесін шешті...» деген «Атажұрт – Нағыз көш» жобасының жарнамасын да көзіміз шалып қалды. «Оралмандарды Солтүстік облыстарға қоныстандырамыз!» деушілерді де естіп жатырмыз... Бұған Сіздің алып-қосарыңыз бар ма? Жалпы Көші-қонға осындай қызмет түрі керек пе өзі?

Ауыт Мұқибек: Иә, бұл жаңалық хабар мені де қуантты. Бұрынғы жылдарда жылына 20 мың отбасы көшіп келеді деп жоспарланып, қаржы бөлінуші еді. Айына неше жүздеген отбасы Атажұртқа оралып жатушы еді. Қазір бес отбасы көшіп келгеннің өзіне бөркімізді аспанға атып қуанатын болдық. Бұл жерде Еліміздің Көші-қон Заңында тұрған кедергі жоқ. Мәселе қазақ диаспорасы қоныстанған көрші мемлекеттерде болып тұр. Солардың қисынсыз қысымы мен кедергісі көшті тұралатып жатыр.

Ал, келген көшті қарсы алатын, қонысы туралы мәлімет беретін, діттеген жеріне жеткізуге жол сілтейтін қызмет түрі бүгінгі таңда өте-мөте қажет. Мен сол бес отбасыны қарсы алған жігіттермен сөйлестім, олардың бастамасы, бағыты қолдауға тұрарлық, әрине!

Бірақ, көш бастап, көшбасшы болатын азаматтар ең алдымен «Халықтың көші-қон туралы» Заңынан бастап, көші-қонға қатысты барлық Заңдар мен қаулыларды толық білгені және сол Заңдардың аясында жұмыс жасағаны дұрыс. «Ли фың рухымен» «Ұлт үшін, халық үшін» қызмет ету нарық заңдылығына үйлеспейді. Дәл бүгінгі күнде мұндай қызмет үшін «Ақы алмаймыз!»  деу – ақымақтық! Далақтап, көрінген көшіп келушіге жол бастап жүрсең, өзіңді, отбасыңды кім асырайды? Сол үшін, әрине, ақы алу керек! Сол жұмысқа белсеніп кірісіп жүрген жігіттер ең алдымен заңды түрде ЖШС немесе ИП ашуы тиіс. Осы қызметке жүгінгісі келетіндермен келісімге келу, жауапкершілікті тең бөлісіп көтеретін «келісім-шарттың» жобасын жасап, дайындап қоюы керек. Сосын, жасалатын қызметтің көлемі мен ақысын тұрақтандырған жөн. Сонда барып, әр облысқа өкілдер тұрғызып, оларға жалақы тағайындай аласың. Қызмет жанданып, кіріс көбейсе, аудан ауылдарға дейін жауапты қызметкер тұрғызуға болады. Түскен қаржыдан мемлекетке салық төлейсің. Ең бастысы, мұндай қызметпен айналысатын ЖШС немесе ИП-ның саны біреу емес, бірнешеу болуы шарт. Сонда барып бәсекелестік пайда болып, баға тұрақтанады. Әркім өзі қалаған қызмет түрімен келісіп, көшіріп келуге тапсырыс береді.

Жігіттердің әңгімесінің ауанына қарағанда, жұрт бұндай жүйеге дайын емес көрінеді. Жоқ! Жұртты соған дайындауымыз, үйретуіміз керек! Бәрібір мұның арты барып көлеңкелі бизинске айналады. Елбасының жолға қойып отырған бес реформасының бір талабы осы – ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ!

Жұрт үйренгенше, мұндай белсенді азаматтарды арғы беттен келген қалталы азаматтар мен солар құрған қоғамдық қорлар келісім-шарт арқылы бірер жыл демеп жіберсе, нұр ұстіне нұр болар еді. Бірақ, олардың деңгейі бұндай ұлттық деңгейдегі игілікті іс істеуге жететін емес. Керісінше, нәзір-құзыр, наурыз-шаған өткізуден, шапан-шапқыт жабудан арыға озбай тұр. Бірақ, соған қарамастан, жігіттер осы беталыстан таймаса екен, нәтиже шығарса екен деп тілеймін! Бір жолғы желіспен, аттан-айғаймен жұмыс бітпейді. Көші-қон – ұзаққа созылатын барыс!  Өз басым соңғы жылдары Көші-қон Заңының кедергілерінің азайып, кемелдене түсуіне біраз күш жұмсадым. Енді сол Заңдағы жеңілдіктердің өз деңгейінде атқарылуын қадағалап отырмын. Әкімдер анау-мынау десе, «Abai.kz»-те ұшықтап жібереміз. Мәселе бірден шешіледі. Көші-қонға ден қойып жүрген азаматтарға айтарым: жұмысты сауатты істеу керек!

Қанат Әбілқайыр: Дұрыс екен. Жоғарыдағы бір сөзіңізде қазақ диаспорасы қоныстанған көрші  мемлекеттердің қысымы туралы айтып қалдыңыз. Көрші ҚХР-дың қазақтарға жасап жатқан қиянаты туралы БАҚ-та көп жазылып жатыр. Сіздің бұл мәселеден хабарсыз қалуыңыз мүмкін емес! Қытай қысымы жөнінде не айтасыз?

Ауыт Мұқибек:  Иә, бәрін естіп жатырмын. Маған да хабарласып, бұл мәселе жөнінде көмек сұрап жатқандар аз емес.

Өзіңізге белгілі, Қытайда 56 ұлт бар, біздің елімізде 130 ұлт пен ұлыстың өкілі өмір сүреді.

Қытайдағы өзге ұлт өкілдерінің салыстырмасы үш-ақ пайызды құрайды. Ондағы халықтың 97%-ы қытайлар.

Ал, біздің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялағанда қазақтың саны жалпы халық санының 40%-на де жетпейтін. Құдайға тәубе, қазір қазақтың мөлшері 70 пайыздан асты.

Біз дербес мемлекет болғалы 26 жылға толған жоқ. Ал, жаңа Қытай үкіметі құрылғалы 68 жыл!

Демек, ондағы аз ұлттар ҚХР-ға қауіп төндіретін шамада емес.

Дүниенің қулығын меңгерген сол Қытай үкіметі жетпіс жылға таяу уақыт бойы билік жүргізгенде алақандай үш-ақ пайыз ұлттың мәселесін  дұрыстап шеше алмағаны өкінішті, әрі ұят жағдай болып тұр. Көз тимесін делік, Қазақстан Республикасында жасап жатқан өзге ұлт өкілдерінің жағдайын ол елдегі аз ұлттардың қазіргі өмірімен мүлде салыстыруға келмейді. Кеше ғана шетел ақпараттарынан «Қытай үкіметі ұйғыр жазуын қолданыстан шығарды» деген хабар тарады. Көріп отырсыз ғой, біздің отандастарымыз баяшат өмір сүруде. Елбасымыздың тікелей пәрменімен құрылған Қазақстан Халқы Ассамблеясы жұмыс істейді. Заң аясында біздің жерлестеріміз адамзатқа тән барлық теңдікті алып отыр. Тарихи Отанына көшем дегендерге билік еш кедергі жасап жатқан жоқ! Қайта көшіп келем деушілерге Қазақстанның есігі тағы айқара ашық. Мемлекет басшыларының біліктілігін  сынайтын ең бір кілтең сала – оның өзі басқарып отырған мемлекеттегі осы ұлтаралық қатынасты шешудегі шеберлігі. Асырып айтты демеңіз, қазіргі таңда ұлт мәселесін шешуге келгенде Ши Жинпиң Назарбаевтың қолына су құйып бере алмай қалды!

Ал, Қытайдағы қазақ мәселесіне келсек, Тәуелсіздік жылдарынан бері Қытайдан небәрі 200 мыңдай ғана қандасымыз Қазақстанға көшіп келіп, қоныстаныпты. Оның көп бөлімі малшылар, дихандар, кәсіпкерлер. Аз ғана бөлімі – зиялылар. Қай елде, қай ұлтта болсын халықты бастайтын зиялылар.  Қарап отырсаңыз, сол Қытайдан келген қазақ зиялыларының бірде-біреуі Қытай мемлекетіне қарсы бір ауыз сөз, бір қадам қиямпұрыс қимыл жасаған емес. Ши Жинпиң Қазақстанға келе жатыр дегенде бас басылымдарға бірінен-бірі асып түсетін бет-бет мақала жазып, ұзын-сонар сұхбаттар беріп өліп қала жаздайды байқұстар. Қызды-қыздымен бір саясатшы ағамыз «Мұндай алып көршіні сыйлаған Аллаға біз алғыс айтуға тиіспіз!» деп те жіберді жақында! Қытай – Қытай болғалы бір көршісінен осындай жылы сөз естіп көрді ме екен деші?!

Соңғы жылдары Қытай мемлекеттік Мұғажырлар ұйымының (хуацяо) өкілдері Қазақстанға тіміскілеп жиі-жиі келгіштейтінді шығарды. Оның алдынан шығып, атын байлап тоңқаңдап жүргендер де сол арғы беттен келген қазақ оқығандары. Жай зиялылар емес, Алматы қалалық Мәслихатының депутаты болып сайланған билік өкілдері де бар ол топтың ішінде.

Қытай елшілігінің діни мерекемізге жайған дастарханы

«Күллі мұсылман баласы сабырға шақырып, төзімділікке жебеген қасиетті Рамазан айы аяқтап, мереке қуанышына шомғанымызға аптадан аса қойған жоқ. Бүгін міне, ҚХР-дың Алматыдағы бас консулдығы мен «Жебеу» РБ бірлесіп ұйымдастырған мерекелі дастарханның құтты қонағы болып отырсыздар» деп, ҚХР-дың Алматыдағы Консулдығы басшыларының кезінде Қытайдан оралған манағы қазақ зиялыларына ораза айт мерекесі құрметіне дастарқан жайып, қонақасы бергенін, ол басқосуға ҚХР-дың Алматы қаласындағы бас консулы 张伟 мырза, бас консул орынбасары 郭心桥, «Нұр Отан» партиясы Алматы филиалының орынбасары Табеев Қайым-Мұнар Тұрдақынұлы, Алматы қалалық мәслихат депутаттары Роза Кеңесханқызы Бадеева, Фарида Мерхамитқызы бастаған құрметті қонақтар қатысқанын Omaraly Adilbekuly өзінің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі парақшасына (6 шілде күні) жазып шықты. Мұндай басқосулар жиі болып тұрады.

Көрдіңіз бе, Қытай Елшілігі Қазақ Еліне көшіп келген қазақтардың басынан сипап, діни мерекесіне дастарқан жайып, құрмет көрсетеді. Ал, олардың Қытай мен Қазақстан арасында барып-келіп жүрген туысқандарын Қытай құқық қорғау органдары тарпа бас салып құжатын тартып алады, телефонына жүктелген дінге қатысты бірдеме шықты болды, түрмеге тоғытып, соттайды. Қандай екі жүзділік бұл?!

Егер, Қытай Үкіметі дінге қатысы бар деген адамдарды соттағыш болса, ең алдымен ақша шашып, мұсылмандардың діни мерекесін тойлауға ұйтқы болып жүрген өзінің Қазақстандағы Консулдық басшыларын қылмыстық жауапкершілікке тартуы керек қой!

Қытай мемлекеттік Мұғажырлар ұйымының өкілдерінде де бет жоқ екен! Шыңжаңдағы қазақтарға жүргізіліп жатқан осынау адам төзгісіз қысымдарды көре тұрып, біле тұрып,  Қазақстанға қай беттерімен ұялмай, қызармай келетініне таңым бар!

Оның үстіне, байқап отырған да боларсыз, бұлар жай қытайлар емес, бірі – Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісінің өзі, бірі – Қытайдың шетелдегі ықпалын күшейтуге жұмыс жасайтын ұйымның өкілдері. Екеуі де ықпалды кісілер. Қарап отырып, солардың құрақ ұшып алдынан шығып, шын жүректерінен алғыс айтып жүрген сол аға-әпкелерімді аяп кетемін кейде. Не жетіскенінен елбеңдеп жүр дейсің, байқұстар екі елдің байланысы жақсы болсын дейді ғой баяғы. Осылардың көңілі үшін болса да Шыңжаңдағы қазақ мәселесін Ши Жинпиңге жеткізуіне болады ғой...

Қытайдың аз ұлттарға тағатын басты кінәсі де, қаупі де діндік ұстаным екен. Құриын деген мемлекет Құдаймен алысады. Оның бірден бір мысалы кешегі СССР!

Қытай мен Қазақстан «Жібек жолы» мен «Нұрлы Жолы» түйісіп жатқан көрші ел. «Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас үлгі аларлықтай. Біздің арамызда шешілмеген мәселе жоқ. Туындаған кез келген мәселе шешімін тауып жатады», - деді Елбасы кеше ғана ЭКСПО көрмесінің ашылу қарсаңында Қытай басшысы Ши Жинпиңмен кездескенде. Демек, бұл мәселе де сол екі басшының кезекті кездесуінде шешіліп қалар деген үміттемін.

Ол қазақ не көрмеді дейсің! Шың Сысай мен Мау Зыдұңның қырғынын да басынан өткерген. Енді Шын Шуангуоның қысымынан азайып қалмас. Бұл күндер де өтер. Ең басты нәрсе, бір қазақ бір қазаққа сүйеу бола білсе екен! Бекем бол, қазағым!

Қанат Әбілқайыр: Тұшымды сұхбат бергеніңіз үшін рахмет!

Abai.kz

58 пікір
қазақбай 2017-08-14 15:21:37
Өр алтай ұлы, өйтіп астамшылық жасама, Оспан туралы шындықтың бір пұшпағы айтылса, оған қарсы уәж жоқ болса, ашуыңды балағаттаудан алма, өтірік айтпайық. Ақиқатты жазған азамат сені құл деп кемсітіп отырған жоқ қой ! Ендеше не әкеңнің, не шешеңнің құны бар онда сенің оны құл деп кемсітетін? Оспан халық батыры, жанашыры, бірақ ол үлкен саясаттың ойыншығы, қуыршағы болған адам өкінішке орай. Ондай империялық үлкен саясаттар жеке тұлғаларды ғана емес, аз ұлттарды да, бүтіндей халықтарды да солай ойыншық еткен. Бұрынғы Ресей империясы патшасының қол астындағы отар құлы болған халықтар сияқты. Шарқы Түркістан мемлекетінің тағдыры да солай үлкен бір империяның (СССР) жобасы ретінде басталды да, артынан біртұтас Қытай халық республикасы құрылып, онымен СССР одақтастық шартқа қол қойыған соң Шарқы Түркістан жобасы жабылды. Оспан да керексіз болып қалды. Қазақтың Аманкелді Имановы сияқты. Тек Аманкелдіні алашолрдашылар өздері өлтірген болса, Оспанға орыстар ара түспеді.. Өзін қолдаған орыстар үш аймақ көтерілісін ұйымдастырып, аз халықтар тағдырын, үмітін ойыншық етті, ақыры саясат өзгергенде құрбандыққа шалды. Сондықтан өралтай ұлы, құраныңды оқи бер кімге оқысаң да, бірақ біреуді құл деп қақшаңдама. Құлдың кім екенін ажыратып ал.
Нұрлан 2017-08-14 01:45:57
Ауыт деген ағаны көрмеген екенмін. Бірақ, Қазақтың Ақ қалпағы жайлы жазған бір мақаласынан бері атын естуім бар. Сол мақаласынан соң-ақ нағыз ұлтжанды, ұлттық татулықты ту еткен, рушылдыққа жаны қарсы өте мықты адам екенін білдім. Сөзге шешен, іске шебер сияқты деп ойлап қоям. Аман болсын, шығармашылық табыс тілеймін.
Нұрлан 2017-08-14 01:44:47
Ауыт деген ағаны көрмеген екенмін. Бірақ, Қазақтың Ақ қалпағы жайлы жазған бір мақаласынан бері атын естуім бар. Сол мақаласынан соң-ақ нағыз ұлтжанды, ұлттық татулықты ту еткен, рушылдыққа жаны қарсы өте мықты адам екенін білдім. Сөзге шешен, іске шебер сияқты деп ойлап қоям. Аман болсын, шығармашылық табыс тілеймін.
Нұрлан 2017-08-14 01:44:47
Ауыт деген ағаны көрмеген екенмін. Бірақ, Қазақтың Ақ қалпағы жайлы жазған бір мақаласынан бері атын естуім бар. Сол мақаласынан соң-ақ нағыз ұлтжанды, ұлттық татулықты ту еткен, рушылдыққа жаны қарсы өте мықты адам екенін білдім. Сөзге шешен, іске шебер сияқты деп ойлап қоям. Аман болсын, шығармашылық табыс тілеймін.
Нұрлан 2017-08-14 01:44:22
Ауыт деген ағаны көрмеген екенмін. Бірақ, Қазақтың Ақ қалпағы жайлы жазған бір мақаласынан бері атын естуім бар. Сол мақаласынан соң-ақ нағыз ұлтжанды, ұлттық татулықты ту еткен, рушылдыққа жаны қарсы өте мықты адам екенін білдім. Сөзге шешен, іске шебер сияқты деп ойлап қоям. Аман болсын, шығармашылық табыс тілеймін.
өралтай ұлы 2017-08-13 23:44:21
Оспан батырға көмек берген орыс акең бе , қазаққа жаны ашып беріп пе көмегін, алде орысты пайдаланып қазақ ұшін кұрескен Оспан акең бе ? құраныңды кімге бағыштағалы отырсың ?!
өр алтай ұлы 2017-08-13 23:34:59
Ассалаумағаликум жігіттер ,сонда оспан батырға көмектескен орыс акем еді деп отырған құл қай бетімен қазақпын деп шымырыкпей отыр !
Nayman Alash 2017-08-13 22:53:28
Хаким Абайдан " кімнен жеңіліп көрдіңіз деп сұралғанда, " Ее, сөз ұқпайтын НАДАНнан күніне мың мәрте жеңілемін" деген екен,,,
Оркен 2017-08-13 19:07:01
әй, Алпамыс, сені іздегенім шындықты оқысын дегенім ғой, қазақбай бар шындықты айтып, көздеріңді ашыпты, қыбың қанған екен.
Алпамыс 2017-08-13 17:05:14
әй, Оркен, мені іздеп қайтпек едің, мені іздегенше осы пікір таластан шындық іздемейсің бе. шамасы қызық көріп қыбың қанған ау!
Nayman Alash vaw! 2017-08-13 15:25:53
Қазақбай найман алаш деген жүйкесі сыр берген айқайлағышты бір періп, Шимпанзесіне ұшырып жіберіпті. Сол керек рушылға.
білмейтін надандарға 2017-08-12 01:44:42
Осы Қытайдан келгендер үш аймақтың көтерілісі дегенді жиі айтады, мақтан тұтады. Дұрыс қой, бірақ ол 1944-1949 жылғы оқиға емес, екінші дүниежүзілік соғысқа дейін басталған оқиға. "Шарқы Түркістан республикасына " дейінгі оқиғалар бізге ұнай ма, ұнамай ма, шетел барлауының, ағылшын, жапон, СССР барлауының бақылауымен өтті. Әуелі 1937 жылы Шыңжаңдағы Қытай әкімшілігінің өтінішімен онда кеңес әскерлері енгізіліп, Алматыдағы /нөмірін әдейі айтпаймын/ Қазақ атты әскер полкі сонда жіберілді. Әскер құрамы түгел қазақ. Гоминдан әкімшілігінің әскери келісімшартына сәйкес онда тыныштық орнауға қазақ әскер полкі /ұлттық/ көмектесті. Оспан батырдың есімі сол кезде шықты. Жапонмен бәсекелес болған СССР оған қарсы Қытай әкімшілігіне көмек көрсетті. Ақша, қару беріп беріп Шығыс Түркістанда қазақ, ұйғыр ұлт-азаттық көтерілісін тұтатты. Коминтерн арқылы саяси және әскери кеңесшілер жіберді. Тіпті болашақ совет маршалдары Чуйков, Малиновский және басқалары Қытайда әскери кеңесші болды. Шыңжаңға Қырғыз Совет республикасындағы оқу наркомы-министрі, ұлты ұйғыр Ахмеджан Қасыми жіберілді. Ол қырық төрт-қырық тоғызыншы жылдары Шарқы Түркістан республикасының қорғаныс /әскери/ министрі болды. Ол сияқты басқа да саяси басшыларды совет мемлекеті жіберді. Бұрхани деген молдаға дейін. Мақсаты - СССР-ге одақтас, Жапониямен ұстаса қалса өзінің ықпалындағы буферлік мемлекет орнату. Оспан батыр сияқты қазақтан шыққан батыр, адамдарды ерте алатын тұлғаларды қолдады, қаруландырды, басқарды. Соғыстан кейін Оспан батыр билік дәмін татып, басшылық деңгейіне мастанып, советтік ықпалға бағынбай Моңғолия жеріне өтіп, шу шығарғанда Москвадан шұғыл жіберілген оның совет барлауындағы кураторы /қожайыны/ генерал-майор Наум Эйтингон Моңғолияға келіп, бәрін қайта реттеген. Оспанды сабасына түсіріп, Алтайға қайта жіберген. Мәселе Сталиннің коммунистік Мао билігін қолдап, Шарқы Түркістанды құрбандыққа шалып жіберуінде. Қырық тоғызыншы жылы оның басшылары авиаапатынан қаза болуы осының дәлелі. Ал бұл тарихты білмейтін қытайлықтар мен монғол қазақтары мақтанып, басқаша әңгіме айтады. Себебі құжаттарды білмейді. Оспан батыр, оның кім болғаны, совет барлауының қадағалауында болғанын, оның қару мен ақшаны СССР-ден алғанын білмейді, білсе де білмеген болады. Осының бәрін тоқсан екінші жылы қайтыс болған генерал Судоплатов естеліктерінде жазып кетті. Басқа да зерттеулер бар. Қытайдан алпыс екінші жылы келген, кезінде сол жақта Ахмеджан Қасымидің көмекшісі болған Лұқпан Бәдәуәм ол Шарқы Түркістан тарихын тәптіштеп, өзі қатысқан адам ретінде жазды. Оны кандидаттық диссертация ретінде қорғады. Мыңғұлов Наджип деген ғалым да танымды зерттеу жазды. Бірақ көпшілік қауым олардың бәрі кезінде совет жағынан ашылған архивтер негізінде, қатысқан адамдардың жазуымен шыққанын білмейді. Сонан кейін қазір ақылға сыймайтын аңыздарды айтады. Оспан батыр - тұлға, бірақ Оспанды Оспан еткен, даңқын шығарған совет қаруы, совет ақшасы, совет әскери кеңесшілері. Совет барлаушылары. 1941-1945 жылдардағы соғыс кезінде СССР Қытайға жүздеген адамдарын әскери жолмен жіберген. Солардың бәрі үш аймақ көтерілісіне қатысып, өз тапсырмаларын орындаған. Бәрі қазақ, ұйғыр, дұнған, татар ұлтының өкілдері. Соның бірі - қазақ азаматы - осыдан екі ай бұрын тоқсан бес жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Не нәрсені болсаң да біліп айтқан жөн. Байланыссыз әлемде ештеңе жоқ. Өтірігің қолма қол ашылып қалады.
Nayman Alash 2017-08-12 00:51:11
Битке өкпелеп, тоныңды итке шешіп берме деген ғой! бір ауылда бір тентек, бір бұзақы деген болады ғой, соған бола оралмандар солай, оралмандар бұлай деп, заң бұзғыш деп дүйім жұртты қаралау ақылды адамның істеитін шаруасы емес, олай заңға жүгінем деп қорқытпай ақ қой, сен білген заңды құдайға шүкір бізде білеміз, өзің айтпақшы, мен сенің қара басыңа тиіскен болсам, сен қара жұртқа тиісіп жатсың,
Nayman Alash 2017-08-12 00:42:19
Битке өкпелеп, тоныңды итке шешіп берме деген ғой! бір ауылда бір тентек, бір бұзақы деген болады ғой, соған бола оралмандар солай, оралмандар бұлай деп, заң бұзғыш деп дүйім жұртты қаралау ақылды адамның істеитін шаруасы емес, олай заңға жүгінем деп қорқытпай ақ қой, сен білген заңды құдайға шүкір бізде білеміз, өзің айтпақшы, мен сенің қара басыңа тиіскен болсам, сен қара жұртқа тиісіп жатсың,
Nayman Alash 2017-08-12 00:33:59
Ауыт ағаны таныған болсаң, білген болсаң, жақын тартқан болсаң,бұл мәселе жөнінде сол кісінің өзімен жеке отырып, жүзбе жүз сөйлеспедіңбе! бұл топты ортада жерден алып , жерге салып, елдің алдында намысына орынсыз тигенше . бұл да мәдениеттіліктің бір түрі болар...
Nayman Alash 2017-08-12 00:16:49
Мылқауды түрте берсе тілі шығар дегендей, сол тілін шығармақ түгіл,тісін көрсетуді білмейтін момын қандастарды қытай, моңғұл, қара қалпақ деп бүйірден түртіп, белден теуіп сағын сындырып, көңілін қалтырып, ұжданына құм құйған сол сен сияқты риздығынан айрылып қалам деп қорыққан қара халықтың қамы емес, қара басының мұңын ғана ойлаған аз санды азшылық болар,,, тағыда сол қызылдардың санаңды улаған уытымен өз қандасыңды , ата-бабасын қашқын деп мархұмдарға жазықсыз тіл тигізгеннен қорықпайсыңба!!! тарихты тек қана орыстан оқып ақйқат айттым деп отырсың ау,,,өкінішті,,, АЛТАЙ деген атаудағы өңір қазақстан да бар болса, ол қазыр қытай билік етіп отырған қазақ қоныстанған өңірде де АЛТАЙ бар, сол сияқты орыстада бар, сол қытайдағы АЛТАЙ деген атты кеше-бүгін қытай билігі қойып берді ғой деппең! ол сол өңірдің атам заманнан бері көшпенді қазақтың етникалық рулары мекендеп, сол жерді меңгеріп билік жүргізгенінің айқын дәлелі! Бүгінгі таңда қазақстанда еңбегі ерен бағаланып, Кенесарыдан кейін ұлт қаһарманы , ұлт азаттық күресінің көсемі деп танылған Оспан батыр исламұлы сол шығыс түркістанды қытайдың боданына айналып кетпесін деп сол жолда басын құрбан еткен танымалы тұлға. Таразының екі басын ұстап көріп, екі шоқып, бір қарап, ауызыңа йе болып сөйлегенді үйрен. Ертең осы айтқандарың өз алдыңнан шығатынын ұмытпа, АллАның алдында әр бір сөзің үшін жауап беретініңді ұмытпа, сөз иесін табады!
Найман алашқа 2017-08-12 00:01:11
Мен саған жауап беруді қойып едім, сұрап алған өзің: адал ақшасына Қытай қазағы үш пәтер алды дегенді қызғанышпен айттың деп өсектеп отырған. Тынышталсаңшы, үш пәтер алған Қытай азаматы үш пәтерді де өз "адал" ақшасына алған жоқ, тегін алды, бірінші үш бөлмелі пәтерді жаңа үйден "Қытайдан келген маман еді, бізге өте қажет еді , елге оралған маман азамат еді" деп, қалалық комиссияға барып, алып беруге шешім шығартқан өзім. Хаттамасында менің қолым тұр. Соған өкінемін. Өйткені шынын айтсам ондай маманға зәрулік жоқ еді, менікі оралманға көмектесу ниеті еді. Мен шын көңіліммен көмектестім деген азамат көп ұзамай басқа екі пәтерді заңсыз алды, басқалардан естіп, жағамды ұстадым, қалай алғанын өзі айтсын осында шығып, ары тұрса. Сонда арамдықпен өмір сүретін алаяқтарды, заңды бұзып, өз икеміне умаждап өмір сүретіндерді біз айтпауымыз керек пе ? Саған ескерту: енді қайталамаймын, тіліңді тартып сөйле, мен заңға жүгінуім мүмкін. "Күйіс қайтарған малшаны" дегенді көресің.
Найман алашқа қазақбайдан соңғы "сәлем" 2017-08-11 23:41:24
Пасық рушылдықпен жұртқа, онсызда басы біріге алмай отырған қазаққа, сен сияқты "ақыл" айтпас болар. Бұл орынсыз тірлік. Алдымен мені "нақұрыс" дегенің үшін, басқа қорлаған сөздерің үшін кешірім сұра. Сол қайта - қайта жазған қорлауың үшін Мен сені жердің жеті қабатының астынан болса да тауып алып, жауапқа тарттыруым мүмкін. Қорлау сөздерін айтқаның үшін. Басқа елдің басшысын қорлауға болады деген ұғым қанына мәдениет, білім, әдеп деген ұғым дарымаған, білімсіз адамның ғана түсінігі. Ол барып тұрған бейбастақтық. Сынайтын мәдениетті сөздермен -*ақ кез келген саясаткерді, басшыны, шетелдік болса да, мақтамен "бауыздауға" болады ғой. Ал сенің түсінігіңше, Ауытыңның да түсінігі сондай болар, ауыздарыңа не келсе соны айтуды ғана білесіңдер. Оны /аузына келгенді айтуды/ "демократия" дейсіңдер.Онан екі елдің арасындағы қатынас жақсармайды ғой. Біздің мемлекет Қытаймен қарама-қарсылық, текетірес соғыс жағдайында тұрған жоқ қой. Сондықтан айтар сөзді ойланып барып, орнымен айту керек. Бұл екі мемлекет арасындағы іс, екі ауылдың, немесе көрші екі үйдің арасындағы керіс емес. Ол демократияның белгісі емес, Ауыт құсап аузына келгенін "құса" салатын. Ауыттың айтқан сөзі үшін халықаралық қатынастар деңгейінде қарым-қатынас ушығуы даусыз. Оның соңы Қазақстан мемлекет деңгейінде түсінік беруге мәжбүр болады. Арты Ауыттың "ісіне" ұласады. Мұны түсінбейтін, санасы қабылдамайтын сенің деңгейің " 5 жастағы баланың әңгімесінің" деңгейінде тұр. Менің дипломдарымды санап әуре болмай-ақ қой, олардың құны жоғары, нағыз біліммен, бейнетпен, еңбекпен алынған. Саяси түйсікті менің айтқанымнан өзің қорытындылап ал. Саған берер кеңесім: бәріміз жеті атамызды, тегімізді, руымызды білеміз. Ол тек өз жақын туысқандарыңның деңгейінде ғана айтылуы керек, коррупциясыз, рушылдық ауруынсыз. Оны қоқаңдатып, менің руым найман-сайман-қайман-жайман - майман деп желпілдету нағыз тексіздіктің, өзін ақымақ болса да басқадан жоғары санайтын рушылдықтың, жікшілдіктің белгісі. Біздің бүгінгі қазақтың соры да - осында. Мүмкін менің де тегім найман шығар. Бірақ мен әділдік, ақиқат, бірлік үшін ешқашан руыммен, орысша айтқанда, "козырять" етіп, бірінші орынға қоятын, мақтанатын, қай рудан, жүзден екенімді сен сияқты бадырайтатын адам емеспін. Мен үшін барлық қазақ, ешқандай руына қарамай, - бірдей. Осындайдан сабақ ал, қош бол менің қорлаушым ! Ескерту: түсінсең Менің жасым сенен үлкен болуы да мүмкін. Ақылды, байсалды адам білмейтін, көрмеген бейтаныс адамына қоқаңдап шапшымайды. Бұл да біле-білсең әдептіліктің, мәдениеттіліктің көрсеткіші.
Nayman Alash тан қазақбайға Жауап 2017-08-11 23:35:00
Өзінің басындағы боқты көрмей, өзгенің басындағы шоқты көргіш жалаңтөс, құр сылдырлақ, кеудесі құр даңғырлақ көргішім-ай! Күйіс қайтарған малша, аузым бар деп оттай беруге боларма екен!!! ауызға келгенді бір лоқ еткізіп құсып жіберіп, ортаны былай бұлғауға болмайды! Оралман деп бөліп жарып, заң бұзды деп даурығып, алауыздық тудырып, ел арасына от тастап, қара халықты екіге бөліп, арандатушылық тудырған бұл қара ниет, арам пиғыл емей немене!!! Дәлел фактымен сөйлейді кемеңгер адам, қара дүрсінше қойып қалмай. қай бір қандасыңды қай тесіктен заң бұзған жерінен ұстап алып, сотқа жіберіп едің сонда, нақтылы дәлел фактың бошмаса, дүйім жұртқа күйе жаққаныңды қойа ғой. маңдай терімен, адал еңбегімен тапқан ақшксына 3 пәтер емес, 30 пәтер алсада ешкімнің таласы жүрмесі анық. дүние қоңызшылыққа, көре алмастыққа салынсаңыз--- ол пенделік қызғаныш адамды отқа күйдіріп, суға батыратын жаман қасиет. Оралман келіп, нанымды тартып жеді, жерімді бөліп алды деу --- ол иманның кемістігінен. Риздықты Беруші бір Құдай ғана, әркім өз несібесіне жазылғанын жейді, біреудікін біреу жеп кетпейді риздығын. қолыңдағыны тартып алса, қорадағыңды тонап алса, ол басқа әңгіме. буынсыз жерден пышық салмай ақ қой.
Nayman Alash тан қазақбайға Жауап 2017-08-11 22:57:02
" Тегін білген---тектілік." " Жеті атасын білмеген --- жетесіздіктің белгісі" – деген атам ҚАЗАҚ! Ата-бабамыздан қалған қасиетті қағйданы жанымызға қоррек қылған қара ҚАЗАҚТЫҢ ІЗБАСАРЫМЫЗ. кім екенің көрініп тұр деп бұйректен сирақ шығармай ақ қой! АЛ, сен сол сыңар езулы шолақ ойыңды қалай сылдырлатқан болсаң, менде сол іріп-шіріген ойыңды жәй түртсек, бықсыған сасық йісі кетерме екен деген әңгіме. Ондай қазанға мұндай шөміш бап болар. Ауырып дәрігерге барса, ауруын айтып, соған сай дәрі береді, жаман ауру болсада , айтып ескертіп, ем жасайды, ауруын жасырғанмен өлімі әшкере, тән ауруы ғой емделер. ал надандық деген асқынған жан ауруы болса, шынымен одан айығуы қйын екен, көріп отырғанымыздай...СОСЫН, егерде демократиялы елде өмір сүргенің рас болса, бір елдің басшысын тағы бір елдің азаматы келекеждеп, ажуалап, масқаралаған күннің өзіндеде, ол үшін ажуалаған азаматтың еліне соғыс ашу былай тұрсын, жәй әкімшілік жауапқада тартылмайды! кезінде, ұлыбритания азаматтары Обаманы қалай әжуалағанын әлем жұрты көрді, сонда тасыр-тұсыр соғыс болып кетіппеді! 5 жастағы баланың әңгімесін айтқан ұят емеспе үп-үлкен адамға,,,, Сонда оқығанымыз қайда соншама дипломды арқалап алып, саяси түйсік қайда!!!
Оркен 2017-08-11 18:08:29
Алпамыстың үні неқып шықпай қалды? Желі шығып кеткенау байғұстың күжірейемін деп.
Қытайдан бұрын келген қазақ 2017-08-11 17:32:34
Сонд, айтыңдаршы, Ауыт не істеп жүр, бұлар не істеп жүр?
м 2017-08-10 22:09:23
Мен Қазақбайдікі жөн деп білемін. Қытайдан өткен бір ананның 50 мың доллардай ақшасын заңсыз алып қалғаны есте болар, оған біз қарапайым халық наразылық та айттық. Ал тұрғылықты қазақ жанұяларының жылдар бойы жинаған 50 мың түгел, 500 доллар жоқтары да бар. Екі елде халықтың күн көріс жағдайы екі түрлі болды, кәсіппен енді енді айналысып жатырмыз. Тіпті балаларымыз 2-3 дипломы болса да өз мамандығына сай жұмыс таппай жүргені көп. Салыстыруға да келмейді. Бізден гөрі Қытайда зейнетақы да жоғары екенін білеміз. Қазақтарға қаратып айтылған соңғы қорлау сөздер де жалған емес. Енді мына басқа пікіршілер осындайды пайдаланып, өз қазақтарына лайықсыз балағат сөздер айтуы тым шектен шыққандық. Кім екенін білгендіктен сыйламаймыз, олардан аулақ болуға тырысамыз. Оларға халық та ермейді, билік те жақтырмайды. Етке шыққан арам сыздауық сияқты. Өзінше айналасына дарақы топ жинап бос даурығып жүргендері. Ойлансын.
қазақбай 2017-08-10 20:09:04
Соңғы пікір айтушы, мен Қытай төрағасының ар намысын қорғап отырғам жоқ, мен халықаралық әдеп нормасына кереғар ақымақ сөз айтылуына, оны баттитып тұрып ақпарат құралында жариялауға қарсылығымды білдірдім. Қытайдан оралғандар оны қазан ошақ басына жиналғандағы әңгімедей даурыға дуылдата жөнелді. Бұл екі ел арасындағы нәзік нәрсені базардағыдай айқай шуға айналдыруға болмайды ғой. Сонан кейінгі менің негізгі қарсылық пікірім: осында жарияланатын материалдарда Қытай оралмандары бір жақты жеңілдік сұрап, ухит-сухит жолмен заңды орағытып өтуге талпыныс білдіруінде. Бұл жалғыз менің ғана пікірім емес, мен білетін барлық адамдардың наразылығы. Ауыл, қала қазақтары болып енді бас қосып, бірігіп жатқанда өз қазағы өзін орысқұлдар деп қорлауды шығарды, осындағы бұрыннан тұратын қазақты қараорыс деп қорлауды шығарды. Осы сайттағы пікірлер оған айқын дәлел. Кімдер айтатыны да белгілі. Ал анау Найман алаш деген әңгүдік мені нақұрыс деп жазды. Оқыңыз осы жерден. Сондықтан қазақ бірігуі үшін кім болса да, қайдан келсе де тек заң жолымен өмір сүрсе бәрі орнына келеді. Оралмандардың балаларына оқуға түсуге заңсыз квота беріледі, басқа да жеңілдіктері бар. Мен Қытайдан оралған бір азаматтың бір жарым жыл ішінде Алматыдан үш пәтер алғанын білемін. Ал оны қолдаған мекемеде совет заманынан он үш жыл пәтер кезегінде тұрып, ақыры үй ала алмай жатақханада қалған жесір әйел әлі баспанасыз жүр. Сондықтан заңсыз пысықтық, заңды айналып өту, оралмандар тарарпынан кездесетін қулық /мен бәрі деп отырғаным жоқ/ осындағы халықтың наразылығын тудыруы заңды құбылыс. Адал өмір сүрейік, қулықпен есік-тесік іздеп өмір сүруге жол берілмеуі керек. Сонда қазақтың бірлігі туралы айтуға болады. Әлде сіз заңның сақталуына, әділдікке қарсысыз ба ? Демократия сіздің түсінігіңізше Ауытыңыздың аузына келгенін құса салғанымен өлшене ме ?
қазақбайға 2017-08-10 19:37:10
қазақбай сіз не үшін қытай төрағасының ар-намысы айаққа тапталды деп шыр-пыр боласыз? қазақстан демократиялы ел, ауыттың аусай айтқан бір ауыз сөзіне жабысқанша, баріміз бір кісідей бірігіп ұлыттың болашағын, отанның ертеңін ойламаймыз ба? бәріміздің отанымыз біреу, бізде береке-бірлік болмаса не күн көретініміз барлығымызға айан, оны тарйх өзі дәлелдеп кеткен. сондықтан бәр қазақ бір қазақ, ағайындар араздықты қойып, әр істі ақылға салып, ойланып істеп, ортақ іске көшейік, бір-бірімізге сүйеу болайық!
3a 2017-08-10 19:32:09
Әрине, өз президентіңді құрметтеген жақсы. Бұл жерде дауласушы екі жаққа түсетін ештеңе жоқ - басшылар өзара келісіп қоюы да мүмкін. Бәрінен ұтатыны жағымпаз Аутбек қу болып тұр ғой.
қазақбай 2017-08-10 16:59:19
Соңғы пікір айтушы, мәдени сөйлесуге икемің келе жатқан сияқты. Сондықтан өз пікіріне сәйкес келмеген сөз айтқандарды сатқын, қарғыс атқыр, шайтан деген анау өзін "Алпамыспын" деп қомпитқан қортықтың сөзін қайталамағаныңа рахмет. Қытайдағы қазақтардың жағдайына алаңдаған адам Ауыт Мұқибектерің сияқты БАҚ-та Қытай мемлекетінің басшысын "қолға су құюға жарамайды" деп қорламайды. Ауыттың мұнысын әдейі Қытайды Қазақстанға өшіктіру үшін жасалған арандатуы деп қабылдауға болады. Сонда Ауыт Қытайды қазаққа айдап салып, Қытайдың "хуоцяоларының" рөлін атқара ма ? Мұнысы қалай ? Оны қолдап Қытайдан келген басқаларың ауыздарыңа не келсе соны айтасыңдар. Ресми Қытай мемлекетінің елшілігі, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бар емес пе, сол мекемелерге елді шулатпай ресми арыз-өтініштеріңді беріп, жауабын күтпейсіңдер ме ? Бұл баспасөзде айқайлататын әңгіме емес қой, әрі беріден соң сендер осы айқайларыңмен, Ауыттарың Қытай басшысын қорлауымен сол жақтағы қазақтарға зияндарыңды тигізіп отырсыңдар. Әр нәрсенің өз реті, жөні бар ғой. Ал басқа ресми деректер бойынша Қытайдағы кейбір қазақтар мен ұйғырлар Сирияға барып ИМ үшін соғысып жүр деген де ақпарат айтылуда. Сол үшін Қытай жағы тәртіпті қатайтуда. Сондықтан Ауыттың Қытай мемлекетінің басшысын қорлаған сөздері жауапсыз қалмауы мүмкін. Бұл әдейі қасақана жасалған әрекет те болуы мүмкін. Тексеру керек.
қазақпайға 2017-08-10 16:18:09
қазақпай саған айтарым : ұзын сөздің қысқасы сен біріншіден қытайдағы қандастарымыздың жағдайын білмейсің, екіншіден қазақ елінің оралмандарға қаратқан саяасатын түсінбейсің немесе оған қарсысың, айналып келгенде қазақтың бірлігіне қарсысың, бұның бәрі сенің сөзіңнен көрініп тұр. бір елдің шетелдегі дияспорасы жазықсыз қысымға ұшыраса, оған лайықты аңыс қайтаруы ешқандай ішкі іске араласу саналмайды, мысалы 98-жылы қытыйдың индонезиядағы дияспорасы нәсілдік қырғынға ұшырағанда қытайдың қандай аңыс білдіргенін бәріміз біліміз. кейін әуелі индонезиядағы қыталардың оз тілінде мектеп ашуына да ықпал етті, айта берсең мысал жетерлік. біздің қандастарымыздың жәйін айтуымыз ешқашан арандату үшін емес, қайта ашшы болсада шындықты айту.
Найман алаш пен Алпамыс "дегендерге" қазақбай 2017-08-10 15:33:42
Найман алаш, сен адал адам болсаң руыңды баттитпас едің. Кімсің , қандай сана-сезімді пенде екеніңді кличкаң айтып тұр. Найман алаш, мен өз пікірімді айтқанда бір ауыз дөрекі сөз, сенің намысыңа тиетін сөз айтқаным жоқ. Сондықтан сенің бар дөрекі сөздеріңді шешеңнен бақырып түскеннен сондай тәрбие алған сорлы ғой деп өзіңе қайтардым. Анау Алпамыс дегенге де соны айтам, Алпамыс емес желнамыс екен. Мәдениетті сөйлеп, пікір айтуды білмесеңдер арттарыңды қысып, тыныш отырыңдар. Әр мемлекеттің өзінің заңы, ішкі саясаты, қауіпсіздік ұстанымы болады. Ол біздің мемлекетте де бар. Ол Қытайда да бар. Сондықтан осында келдіңдер ме, осы елдің заңын, тәртібін сақтаңдар. Қытайдағы жерлестеріңе, тумаларыңа да ол елдің заңын бұзбаңдар, тек заң жолын сақтап келіңдер, заң ретімен деген қағиданы түсіндіріңдер. Ал сендер болса басқа мемлекетте - Қазақстанда отырып алып, Қытаймен екі арадағы іске қол сұғасыңдар ! Оған Қазақстан мемлекетін итермелейсіңдер. Мемлекет сендердің қолжаулықтарың емес қой. Сендердің үндеріңді шығарғыш Ауыттарың екі Ұлы мемлекеттің басшыларын салыстырып, Қытай мемлекетінің басшысын "қолға су құюға жарамайды" деп соғады. Қорлайды, кемсітеді. Қытай мемлекетінің басшысын бұлай қорлауға оған ондай қақыны кім берді ? Оның айтқанын Қытай елшілігінің баспасөз қызметі көрмей, еліне хабарламай отыр деп кім айтты сендерге ? Ертең Қытай жағынан ресми сұрау, ескерту келсе Ауыттарың жауап бере ме аузына ие бола алмайтын ?Екі елдің арасына от жағу деген осыдан басталады. Ал менің тегіме, азаматтығыма тиісіп, қорлаған сөздеріңе айтарым : мен осы мемлекеттің ешқайда малын айдап, алтынын арқалап қиыншылық кезде зып етіп Қытайға қашпаған адамдарының ұрпағымын. Ата-әжелерім, туысқандарымның көпшілігі ашаршылық пен соғыста қырылған. Қазақтың қазақтығы, адалдығы, азаматтығы, арамсыздығы, иненің көзінен өтіп кететін қулықсыздығы, тіптен жалпы қулықсыздығы жөнінен сендердің кез келгеніңе үлгі бола аламын. Себебі заң алдында, мемлекет алдында адалмын. Сендер сияқты ұры есік пен тесік сұрауды, іздеуді білмеймін, ол ақылыма да симайды. Келдіңдер ме, заңды сақтаңдар, сендер осындағы қазақпен бірдейсіңдер, артықшылық сұрамаңдар. Бізден артық емессіңдер. Осы әдет үшін оралмандарды халықтың жек көретінін түсінетін уақыт келді ғой.
алпамыстан қазақбайға жауап 2017-08-10 00:24:30
әй қарғыс атқыр, киімді шайтан, сен адамдар арасында жүрген ібілістің ұрпағысың ғой, бұндағы жазықсыыз жала жала жабылып, шырылдаған қазақың коз жасы сенің төбеңнен жай оғыы болып тисін, халықтың қарғысына қалып, алланың қаһарына ұшыра, сендей жүзі қараға шындықты айтып түсіндірудің өзі қиамет қайым шығар.
алпамыс 2017-08-10 00:04:40
ауыт аға , Совет-Хан Ғаббасұлы аға : сіздерге көп рахмет, алла жандарыңызға жамандық бермесін! істеген істеріңіздің сауабы алладан қайтсын! жоғардағы мақалада қытай қазақтары туралы шыңғырған шындық айтылған.буған дәл қазыр қытайда тіршілік кешіп жатан, барлығн өз көзімізбен көріп отырған біз куәміз, арйне мунда қазыр көптеген адамдар аузын бағып, үнсіз қалды. оның себебі айтпаса да түсінікті, ал бұндай жайітті қызыл империяның қырсауынан азер құтылған қазақ азаматтары тіптен ұмыта қоймаған шығар... менің айтайын дегенім, ши жинпиң мырзаның билғы қазақ еліне жасаған сапарынан кейін де бұндағы жағдай өзгеріссіз қалды, әуелі кейбір өңірлерде тіптен ушығып, қандастарымыздың қысымға онан арман қысымға ұшырап жатқанын естіп отырмыз. Совет-Хан аға айтан, мұндағы қазақтар үшін өң шешімін тапты деген хабарлға сену қйын. өйткені мұндағы билік қытай төрағасының қазақстанға сапары кезінде діттеген мақсатына жетуге кедергі келтірмеу үшін тек алдамші шараларды қолданып, келісімдерге қол қойылып, сапар мақсатына жеткен соң бұрынғы қйтұрқылғына қайта қөшті. шыңжаңның жаңа басшылығы бұндағы жағдайды үш жыл ішіде өз қйалдарындағы бейнеге жеткіземіз деп жоспарлап отыр, ал олардың алдағы уақытта тағы қандай қйтұрқылықтарға баратынына ешкімнің көзі жетпейді.
Nayman ALASH: Қазақбайға жауап 2017-08-10 00:00:44
Қытай ол дінсіз, ұждансыз ел екені әлем жұртына анық факт. кезінде сталинның қызылының зұлымдығы АЛАШ ордасына, алаш зиялыларына, қысқасы қазақ даласына қалай жасалғандығы тарих беттерінде мөрмен басқандай өрнектеліп тұр. Солар кезінде ұлт сатқыны, арандатушы, дүрліктіруші, т.т тағылмаған айып қалмаған ау сол марқұмдарға. Бәрі бір, ақиқат йіледі, сынбайды!!! кімнің кім екенін кешегі тарих бүгін ашып берді. соңында бауырым, саған айтарым: білместікпен , надандықпен осы тұжырымға келіп отырған болсаң, онда көкірек көзіңді аш, қайта қосыл осы қара момын қауымыңа, адасқан тайдың айыбы жоқ, үйірін қайта тапқан соң деген. Егерде әдейі айтқан болсаң, онда тәубеңе кел!! Егерде үшінші жол бар десең, онда құрдымға кеттім дей бер!!! АҚҚА ҚҰДАЙ ЖАҚ!!! Арамзаның құйрығы бір тұтам!!! ҚҰДАЙМЕН ҚҰРДЫМҒА КЕТЕТІН АЛЫСАДЫ дейді! АЛЛАның қарғысы болсын сол құрдымға кеткірлерге, екі дүниедеде оңбай кетсін!!!
Міні Алланың қаhары шыбын жегіштерге. Че 2017-08-10 00:00:28
https://youtu.be/TwoepPg6SX0
Nayman ALASH: Қазақбайға жауап 2017-08-09 23:44:57
Көпке топырақ шашпа! Көптің қарғысына қалсаң , көмусіз қаларсың! Қай қазақ болмасын елдің ала жібін аттама, бір сабақ жібін ұрлама деген тәлім тәрбиеде өседі. Аузын ашса жүрегі көрінетін момын қазаққа жала жабылып тұрғанын йісі қазақ, қаны қазақ баласы біледі, қанында тамшыдай қазақй қаны болса! Осыған қарағанда,сен шатасың немесе жетесізсің немесе нақұрыссың немесе сатқынсың!!!
Nayman ALASH 2017-08-09 23:34:24
Сенің кімнің сойылын көтеріп, кімнің ұранын ұрандатқаның айдан анық көрініп тұр. ЕЛБАСЫның ерен еңбегін тұңғыш рет бағалаған адам ол Ауыт мырза емес әрі Ауыт мырза соңғысыда емес. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ жиналыстарда, ең ықпалдысы, осы жақын арада ЕЛБАСЫның БҰҰ да қазақ тілінде баяндкма жасауы --- ол кісінің халықаралық абыройының қаншалықты жоғары екенін дәлелдейді. Ауыт ағаның бұл арада ол кісінің еңбегін тілге тиек етуі ЕЛБАСЫның кемеңгер саясатына деген тәнтілігі мен оны қолдауы. ЕЛБАСЫның саясатына қолдау көрсетіп, соны үгіттеп отырған қайраткерді сотқа беру керек деген сен сияқты алаяқтарды бірінші сотқа беру керек!!!
Тілек 2017-08-09 23:26:49
Алланың шынайы дінін аяқ асты еткісі келген қытайларды Алла аяқ асты етсін!
Nayman ALASH 2017-08-09 23:16:23
Қазақбайға жауап: Өз ағасын ағалай алмаған, кісі ағасын жағалай алмайды! деген нақыл дәл сен сияқты сырттан тон пішетін қара дүрсін немесе санасына селкеу түсіп, өз көлеңкесінен өзі қорыққан көкірегі соқыр көр наданға айтылған болса керек! Ауыт аға жалғыздың үні шықпайтын, жаяудың шаңы шықпайтын сол қйын қыспақтан , жалғыз аяқты тар соқпақтан даңғыл жол тауып, көші-қонды алдыға сүйрегенде, ай қарап отырдыңба?!! Маңқаң ағып міңгірлеп шыға келіпсің енді қара басты сумаңқы жыландай, қай үңгірден шықтың, кімді шағайын деп келдің, көкірегі ояау адам бәрін біліп, көріп тұр! Ауыт аға туралы ол кісіге баға беретін сен кім едің!!! Ол кісілер жар құлағы жастыққа тимей, шыбын жаны қазағым деп шырылдып, суға батып, отқа күйгенде, ыштан буыңды түзеп байлай алушы ма едің қара басыңның!! Е, сор маңдайлым,
қазақбайға жау жүрек 2017-08-09 23:11:48
сен кім едің ауыт мырзаға тіл тигізетін,ол кісі қытайдағы қандасдардың тағдырынна уайым жеп шырылдап жүрген тұлғалардың бірі!алдымен қытайдан ақша алып қазақдардың көшіне қарсы жұмыс жасап жүрген сатқындарды соттау керек !
қазақбайға жау жүрек 2017-08-09 23:02:22
сен негізі қазақдан шыққан сатқын екенсің ! қытайдың ақшасын алған бір бәле шығарсың! қытайдан қазақ елге көшіп келген қандасдардан бірде біреу терроистбен байланысы жоқ екені ішкі істер министрі анықтап шықты,сендер қытайдың сатып алған итті, қазақдың көші жанданыуға жаусыңдар!қытайдағы бей куна қазақдардың қамаққа қамалып, себебсіз жаламен сотталып жатқан қазақдардың көзі жасы атқыр сатқынбайлар!
Ауыт мырзаға қазақбай 2017-08-09 20:48:29
Ауыт мырза, Қазақстан мен Қытайды, екі елді, екі елдің басшыларын бірін кемітіп, қолына су құюға жарамайды деп , бірін жағымпаздана көлгірси мақтап айтуға сенің қандай қақың бар ? Сол үлкен саясатты сен солармен бірге, тең мемлекет басшысы ретінде бірге жүргізіп баға берсең бір сәрі. Сен ондай "тұлға" емессің. Қазақстанның басшысын мақтап, оған қазақбай әдетпен көпшік қойғанда сен Елбасының абыройын арттырдым деп жағымпаздандың ба ? Қулығыңныңда жөні болу керек қой . Сен керісінше Елбасын арандатып отырсың. Қытай мен Қазақстан арасын сен неге шиеленістіресің ? Ондағы туысқандарың сол мемлекеттің заңын сақтасын, қылмыс жасамасын, қулық жасамасын. Сонда бәрі тыныш, оңды болады. Сен мұндай қулық әрекетіңді қой. Мұндай екі елдің қатынасын шиеленістіретін, қарама қарсылыққа әкелетін әрекеттерің үшін сені жауапқа тарту керек.
СТУДЕНТ ШӘКІРТТЕРІ . 2017-08-09 20:33:51
Көп сөзді қойып... Халыққа бірден ІС жасауды Совет-Хан атамыздан үйреніп... үлгі алайық ?!.. Көп жасаңыз Ата... рахмет !!.. Пікіріңізді оқып шыққаннан үлкен тәлім алдым...
250 қандастан Че 2017-08-09 20:16:53
Ауыт мырза 250 қандасымыз үкімет тарапынан заңды тіркеуге тұра алмағаны ма сонда ? Сіздің жар салып жүргеніңіз қалай сонда??? Түрмеде отырған 250 қандасымызға қиыншылықсыз құжаттарын істеп берген милицияларға герой атағын беру керек шығар мүмкін ?
Алтайшы 2017-08-09 15:03:54
Қытай үкіметі құрылғалы 68 жыл! Иә, енді, 2 жылдан кейін мына Шы-Жың-Пиң аз ұлттарға көрсетіп жүрген құқайын тоқтатпаса, СССР құсап құлап қалады. Ауыт мәселені дұрыс көтеріп отыр. Көші-қонға қытайдағы қазақтар өздері тым немқұрайды қарады. Екі ойлы болып жүргенде енді, қытайдың қуғын-сүргініне ұрынып жатыр. Әлі кеш емес. СҚО-дағы иен қалған ауылдарды шетелдегі қазақтар келіп игермесе, қытай келіп шықпай қоюы мүмкін. Ойланайық.
Бейтаныс ағаң 2017-08-09 15:02:50
Ауыт, айналайын, аман болшы. Мен үшін әр сөзің алтын сенің.
АЗАТ ОЙЛЫ АЗАМАТ 2017-08-09 12:20:12
Басынан бастап бір тыныспен оқып шықтым, түйгенім - Қытайдан келген зиялылардың көбінде намыс жоқ екен...
Рр 2017-08-09 00:15:31
Мұғажыр- халыққа таныс сөз емес еді, түсіндіруі керек қой. Мұғажыр сөзі М.Шоқайша, эмигрант- хижрат етуші, шындық үшін күресуші. (М.Ершу). Қытайда 1982 ж. шыққан Мұғажырлық заңы. Мұғажырлық қоғам - сыртқы миграциялық іске араласатын мем. бюджеттен қаржыландыратын ұйым. Қос азаматтық ісімен айналысады - қазақстан азаматтығын алғандар ол елден тіркеуден шығарылып, азаматтығы жойылады (Қамшы порталы). Кеңестен кейінгі тәуелсіздік алған елдердегі ішкі мұғажыр саясаты. Шеттен ағылған өзге диаспораларды ішке орналастыру. Қазақты бұрынғы жер-су, қоныстарынан ығыстырған мұғажырлар - орыс перселендері .. т.с. (Абай кз)
жұмыр қылыш 2017-08-08 23:57:43
АУЫТ ағаға мықты денсаулық,хайырлы өмір түсіруді нәсіп қылғай, қытайдағы қандасдардың басынна қасірет түған да соны жасырмай пәш еттіңіз аға, қаламыңызға АЛЛА куш қүат берсін,аминь
1 2017-08-08 23:07:13
тағы:оңтүстікте бір ауыл халқы жаппай ауруға шалдығып жатыр -деп жазады Қазақ үніпорталы,-бұл не сонда? 51зауыт келсе бүкіл қазақ жері қырылатын түрі бар ау
!!!! 2017-08-08 22:44:35
жолымызды алған өзбектер жерімізді де алып жүрмесін,-деп жазады Қазақ үні, ал енді осыған кінəлілер бар ғой?
Мақсұт 2017-08-08 22:01:34
Ауыт Мұқибек ақын азамат. Ақын болдың екен-алдымен елдің қамын жеп, қайғысымен ауыру, бұл заңдылық. "Саясатта несі бар, өлеңін жазып тыныш жатпай ма?" - деген Биліктік бопсалау -сол баяғы сензуралық қысымның бір түрі. Ауыт осы қысымды өзіне тән қулықпен -НӘН-ді қошеметтеген болып айналып өтетін сияқты көрінеді. Мына мақаласында да соның іздері жатыр, әйтпесе- бәрін білгенде "Қытекеңнің" алдында ең әуелі кімнің "алдынан шығып атын байлап, тоңқаңдап жүргенін", "құрақ ұшып алдынан шығып, шын жүректерінен алығыс айтып. не жетіскеннен елбеңдеп жүргенін..." -түсінгенде, солардың басты себебін түсінбеді деу -мүмкін емес. Ауыт біледі бәрін, түсінеді! Бірақ ақ адал ниеті алыстағы ағайынды ауылға бұруды арман еткен мақсаты үшін таразыға бар мүмкіндікті салатын шығар. Мақаланың соңына қарай айтылған ащы ақиқаттары мына мен. сияқты оқырман пақырлардың да жүрегіне жетіп жатты. Шын көңілден рахмет Ауыт Мұқибек аға! Игі мақсаттар үшін күрескерлік деген осы болар!
Руза 2017-08-08 22:00:31
Бәрінен де, жасанды құрылым, ассамблеядан арыла алмай жүрсек, енді соны жарапаздандағаны. Жарайды, ол да ЕБ жағынудың бір көрінісі болса керек. Бірақ өз елінде диаспоралар билесін деген неткен бишаралық еді... Жағынудың да шегі бар емес пе? Әмбе де емес сіздей танымал адамның? Сол 130дың 100-і 4-5 пайыз ғана болар.. Сонығой, қазақтілді қазақ қаптап кетеді екен деп, масадайды пілдей қылып көрсетіп отырған билік. Оны өзіңізде біліп, көріп отырсызғой, қазақті көбейтпейміз деген талай биліктегі құбыжықтардың қарсылығын сездіңіз де?
Сәкен Елеуұлы. 2017-08-08 21:48:55
Бәрекелді, Совет-Хан мырза! Азаматтық іс осылай болуы керек, деп сені үлгі ете жүрермін! Бізде не аз? Нақты іс аз. Не көп? Мәнсіз мақтан, көбік сөз, "Мен!" деген қуыс кеуде көп. Өте өкінішті! Бүгінгі өкінішке өкініш жамала беріп, ертең өкіріс болмаса екен! Болдырмау үшін қызуы кем қызылсөзді азайтуға, білім мен білекті бірдей пайдаланып, халық мүддесін көздеп, Азамат Совет-Хан мырзаша күресу керек. Тағыда өкінтетін жәйт: арифметика тілімен айтсам, әр 10 қазақтың 1-2-сі ғана Азамат, қалғандары - жалтақой, жағымпаз, өзін өзі де шашбаулап, өзгелеріне де шашбаулататын қалталы қулар. Мысал керек десеңдер, "Егемен Қазақстанның" 1- 4-беттерін шолып отырсаңдар, сол жетіп жатыр, е, оны менсіз де білесіңдер ғой. И-и-ә-ә, жымиып, жылмиып, күпініп, күмпілдеп сөйлеп-сөйлеп, бір күні қытекеңдердің астына түсіп қалмасақ жарар еді!..
Руза 2017-08-08 21:29:40
Бірінші рет зарықтым Мұхит інішектің айтқанынан... ЕБ жағымпаздығы шектен асып барады..., Оралмандарға қызмет көрсету ақылы болсын дейді... Неге, үкімет шашып жатқан ақшасын, соларды қоныстануға жұмсасын демейді? Онсыз да беріп жатқаны мардымсыз оларға. Ақыры ИП дегенін де айтып кетейін). ЖК (жеке кәсіпкер) ретінде жылдар бойы соғысып келе жатырмын, ИП СИПЫ деп жазбаңыздар да, айтпаңыздар да). Барлығын мойындатып келемін, Аллаға шүкір. Жұмысымда, 3 тілде де, жеке кәсіпкермін. Мемлекет, бірінші ИП деп берген құжатын өзіне лақтырып, кешіріңіздер, барлығы сіздер сияқты тілін сатқан орысқұлдар дейсіздер ме деп, адамдұрысты тіліндегісін алғам. Ал Моңғолиядан келген әріптестерім, орыс тілін, үйреніп алып, ИП болып жүр.. Байғұстар... Жарайды, мен сөйлегім келмейді сол тілде, түсіне алсаңыздар, сол РФ-дағы орыс сияқтымын, әмбе де емес мемқұрушы ұлт деген статусымыз бар. Қай мемлекетте, олар, өздерін 2-сорт санап, басқалардың тілінде өмір сүреді? Ал олар орыстардың тілін білмеді де ғой. Бірақ, өкінішке орай, мен өз тарихи отаныма, Қазақстаныма келдім, РФ-ға емес, сондықтан тек өз тілімде өмір сүремін, өздерің, түсінбесеңіздер, аудармашы арқылы сөйлесіңіздер менімен деп қасқайып тұрып алған бір қазақты көрмедім...
проф. Совет-Хан Ғаббасұлы. 2017-08-08 19:28:58
Ауыт Мұқибектің сөздерінің көбі жалаң екен ?!.. Қанша жылдардан бері көші-қонмен шұғылдана жүрседе... 2015 жылғы анализ бойынша, Тәуелсіздік алған 25- жылда Отанына оралғандарды - БІР миллионға жуық дегеннің нақты сипаты мынандай... 64-65 %- ы - ӨЗБЕКТЕН келсе... 7 % - ы Монғолдан... ал бар-жоғы 11 % -ы ғана Қытайдан келіпті. Ширек ғасырда айтылған-шуылдаған СӨЗ көп те... ІСТІҢ түрі мынау ?!.. Бұл деректерді білетінім... быйыл Май айының 7-де... осы көші-қонмен шұғылданып жүрген азаматтар... Менімен жолыққысы келеді деген уәжбен... жақында ғана танысқан ҚЫДЫРӘЛІ дейтін балам - ТІЛЕК айтып, ертеңінде жігіттермен жолықтым. Әңгіме үстінде Қытайдың ... сонда тұрып жатқан Қазақтарға 9-түрлі жайсыздықтармен еңіретуде... қысу да көрінеді. Мен - сөз көп... ІСТІҢ жоқтығын айтып, бірден жаңағы жайсыздықтарды қағзға бетіне түсіртіп... 36- АДАМҒА қол қойдырып, бір күннен кейін ҚЫДЫРӘЛІ ЕКЕУМІЗ ертелетіп АСТАНАҒА келіп... бірден СЫРТҚЫ істер министірлігіне кірдік. Мені АҚСАҚАЛ ретінде танитын азаматтардың арқасында... сол күні-ақ мәселеге кірісіп кетті. Соның әсерімен келесі аптада Қытайдан арнайы делегаттар келіп шаруа жүре бастады. Ең кереметі сол аптада - Қазақтар тұратын аймақтың БАСШЫСЫ орнынан кетіп... біраз мәселелердің дұрыс шешіле бастағанын естідік. Мына пікірді де... ойда жоқта ... осы шаруаларға араласқандықтан жазып отырмын. Анау СЫРТҚЫ ІСТЕРГЕ жазылған ӨТІНІШТІҢ бір данасы НҰР ОТАНҒА да тапсырылған еді... Жоғарыдағы жазбадағы... ПАВЛОДАРҒА көшіп келгендерді қарсы алып... шаруасын реттеп жүрген де ҚЫДЫРӘЛІ болатын... кеше келіп барлық жайды баяндады...
Әділжан 2017-08-08 19:20:07
Ауыт бауырмыздың тыңдырған ісі тым мол: жақында ғана Қазақ телеарнасында жүргізген пікірсайыста (теледибатта) Сүлтанәлі Балғабай мырзаны аямай жеңгеніне куә болғанымыз рас, енді мына интервюде Қытайдағы болып жатқан жағымсыз жайттарды ашық та, батыл білдіріпті. Жарасын Ауыт.
Есенғали, Антакиядан 2017-08-08 17:34:04
Қытай жымысқы қулығымен-ақ түбіңе жетуі мүмкін. Сонда қытекеңдердің қолына су құюға құман іздеп жалтақтап қалмаңдар, мақтанамын деп жүргенде.
Әбу 2017-08-08 16:42:31
Е, жарандар, сөз арзан да, сөз қымбат. Кімнің қолына кім су құюға жарайды, кім жарамайды, оны енді ертеңдер көрерміз. Иә, кімнің кімге бас иіп, жолын беріп, айтқанын істеп жүргенін де. Кім қаптағанда кіммен жылап көрісетінімізді айтып кеткен бабаларымыз дипломсыз даналар екен. Бір ғана Алматыда, нақты білетіндердің айтуынша, қытекеңдердің өз аттарына, өзгелерінің аттарына ашып алған 140 шамалы ресторан, кафе, шәйхана, асханасы... бар екен. Үйіліп басып жатқан тауар дүкендері ше? Мұнай мен газ жақта неше мыңы жүр және әлі де неше мыңы келеді? "Құдай сақтасын!" дегеннен басқа не айтармыз?!.
Алматы тұрғыны 2017-08-08 15:19:46
Өте жақсы сұхбат. Қанатжан, саған рахмет! Осындай тұшымды дүниелер көп бола берсін!

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 2971
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 7669