Сенбі, 16 Желтоқсан 2017
1495 1 пікір 9 Тамыз, 2017 сағат 08:10

Қытайдағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Алматылықтар көршілес жатқан Қытайдағы жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жер сілкінісі Астана уақыты бойынша  5:27-те тіркелді. Зілзаланың ошағы Алматыдан 490 км жерде, СҰАР аумағында болған. Еуропа сейсмологиялық орталықтың деректері бойынша, зілзала қуаты 6,4 балды құрады.

Еске сала кетейік, Сычуань провинциясында жергілікті уақыт бойынша 21.19-да 6,5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Табиғат апатынан шамамен 2 мың адам бар қонақ үй ішінара бұзылған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Қытайдағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.

Abai.kz

 

1 пікір