Жұма, 18 Тамыз 2017
611 0 пікір 9 Тамыз, 2017 сағат 08:22

Әли Феруз адвокаты журналист өміріне алаңдайды

"Новая газета" журналисі Әли Феруздың мүддесін сотта қорғаушы адвокат Филипп Шишов өз қорғауындағы азаматтың өмірі үшін алаңдайтынын айтты.

Шишовтың мәлімдеуінше, Феруз денесінде ұрып-соғу іздері қалғанына қарамастан, құқыққорғау органдары журналистке зорлық-зомбылық көрсетілуіне қатысты қылмыстық іс қозғауға асығар емес.

"Әли өзіне қол жұмсады дегенді естігіміз келмейді", - деді адвокат.

Әли Феруз Мәскеуде 1 тамызда ұсталды. Оны көші-қон заңдарын бұзды деп айыптады. Сейсенбі күні Мәскеу қалалық соты Ферузды Өзбекстана депортациялау туралы шешімді тоқтатты. Журналистің әріптестерінің айтуынша, елінде Феруздың өміріне қауіп төніп тұр. Феруз арызын Еуропадағы адам құқығы жөніндегі сот қарамайынша, ол Ресейде қалады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 2970
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 7669