Жұма, 18 Тамыз 2017
491 0 пікір 10 Тамыз, 2017 сағат 08:47

Халықаралық ұйымдар Түркіместаннан тәуелсіз журналистерді қудалауды доғаруын сұрайды

Халықаралық "Хюман Райтс Вотч" (HRW) адам құқығын қорғау ұйымы мен "Адам құқығы бойынша түркімен бастамасы" ұйымы Азия Олимпиада кеңесінің басшылығынан Түркіменстан билігінен журналистердің кәсіби жұмысын кедергісіз атқаруын талап етуін сұрады.

Олимпиада хартиясы БАҚ бостандығын құрметтеуді талап етеді, сол себепті Азияның Олимпиада кеңесінің басшылығы әділетсіз бас бостандығынан айрылған журналистердің босатылуын талап етуі тиіс, деп есептейді халықаралық ұйымдар.

Олардың мәлімдемесінде Түркіменстанда бұқаралық ақпарат құралдары қиын жағдайда жұмыс істеп жатқаны айтылған.

Тәуелсіз журналист Солтан Ачилова соңғы уақытта қатты қысым көрді, оған бірнеше мәрте шабуыл жасалды.

Түркіменстан белсендісі Гаспар Маталаев та жалған айыптармен түрмеде отыр. Азаттық радиосының штаттан тыс тілшісі Сапармамед Непескулиевті 2015 жылы шілдеде қолдан ұйымдастырылған айыппен үш жылға соттады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 2969
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 7668