Жұма, 18 Тамыз 2017
1104 0 пікір 10 Тамыз, 2017 сағат 08:54

Өзбекстан Орталық Азия елдеріне аймақтағы саясатын таныстырады

Өзбекстанның сыртқы істер министрлігі 11 тамызда Ташкентте "Орталық Азия - Өзбекстанның сыртқы саясатындағы басым бағыт" халықаралық конференциясын өткізеді.

Оны ұйымдастыруға Халықаралық қатынастар ақпараттық-сараптамалық орталығы, ПРООН өкілдігі және ЕҚЫҰ жобаларды үйлестіру кеңсесі көмектесті.

Форумда Өзбекстанның аймақтағы саясатының мазмұны мен мақсаты көпшілікке түсіндіріледі. Бұған қоса өзбектер осы жиында аймақтақы қауіпсіздік пен тұрақтылықты арттырудың негізгі мәселелерін көтереді.

Конференцияға Орталық Азия елдерінің парламент депутаттары, сарапшылар және саясаткерлер, Ташкенттегі дипкорпус, көрші елдердегі Өзбекстан елшілері, министрлік өкілдері, сонымен бірге журналистер, СІМ баспасөз қызметтері шақырылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 2971
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 7669