Жұма, 18 Тамыз 2017
Бәсе... 3230 55 пікір 10 Тамыз, 2017 сағат 12:52

 Этникалық қазақтардың экстермистік ұйымдарға қатысы жоқ

 

Қытай Халық Республикасынан келген этникалық қазақтардың террористік және экстремистік ұйымдарға қатысы жоқ деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрлігінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті «Нұр Отан» партиясына.

Естеріңізге сала кетейік, бұның алдында ақын, қоғам белсендісі Гүлісхан Домалай бастаған 17 адам «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов мырзаның атына хат жазып, «ҚХР-дан қоныс аударып келіп Қазақстанның азаматтығын алған қандастарымыздың арасында Сирияға кеткендер, сондай-ақ террорлық және экстремистік ұйымдармен байланыс жасап ұсталғандар бар ма?» дегенге саятын сауал қойған еді. Бұл хатты «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов ҚР Ішкі істер министрлігінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментіне жолдаған. Аталған департаменттен кеше Жұмажан Қамкенұлының атына жауап хат келді. Департаменттің жауап хатында «... арыз бойынша жүргізілген тексеру іс-шараларының барысында Қазақстан Республикасы азаматтарының арасында террористік және экстремистік қылмыстарды жасағаны, оның ішінде шетелде халықаралық террористік ұйымдардың қызметіне қатысқаны үшін іздестірудегі, Қазақстанның азаматтығын алған ҚХР-дан келген оралмандардың жоқтығы анықталды» деп  жазылыпты.

«ҚР азаматтығын алған оралман қазақтар мен этникалық ұйғырлар Қазақстан арқылы Сирияға кетіп жатыр» деген қауесетті ақын, ғалым Дүкен Мәсімханұлының аузымен «Первый канал - Евразия» арнасы таратқан болатын.

Кейін Дүкен Мәсімханұлы  «Первый канал - Евразия» арнасы сөзімді бұрмалап жіберді" деп, одан соң: "Әлгіндей жаңсақ сөзді ел аузынан естіген едім" деді. ҚР Ішкі істер министрлігінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы А. Арыстановтың «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов мырзаның атына жолдаған жауап хатында да Дүкен Мәсімханұлының қате ақпараттарға ұрынғаны көрсетіліпті. Қараңыз:

Осы күндері ҚХР-дың Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданында этникалық қазақтардың әртүрлі саяси қысымға ұшырап жатқаны, қытайдың «саяси ағарту» орталықтарына алынып, тіпті, қайсыбірінің себепсізден себепсіз сотталып кеткені белгілі болуда. Деректерге қарағанда, жергілікті билік қазақтардың діни наным-сеніміне қарсы қатаң бақылу орнатып, қысымға алып жатқан көрінеді.

 

Abai.kz

55 пікір
ДАНА ҚАЗАҚ 2017-08-14 05:30:53
Международная комиссия ООН по расследованию нарушений прав человека в Сирии собрала достаточно доказательств для того, чтобы признать президента Башара Асада виновным в военных преступлениях, об этом заявила представитель комиссии Карла дель ....... сообщает Reuters.
ДАНА ҚАЗАҚ 2017-08-14 05:27:29
ПОЛ -ИТ-ЦИЯ .....https://www.nur.kz/kk/1585624-tanymal-sayasattanushy-ishki-ister-mini.html
ДАНА ҚАЗАҚ 2017-08-14 05:24:49
НЕ ПОЛИЦИЯ А ПОЛМАФИЯ ...........https://www.nur.kz/kk/1585624-tanymal-sayasattanushy-ishki-ister-mini.html
Жарахмет 2017-08-12 17:19:48
Басқасын қайдам, Ауыт деген нағыз көталақ сатқын. Қытайдағ қазақтардың жан айқайы туралы жақ ашпайды желбуаз, жолбике сормаңдай неме. Ал патшаға, міністрлерге жағымсып, көтке кіру керек болса алыдмен тырапайлай шабады. Рас, қытай қазақтары түгел емес, арызқой, жалпақшешейлер.
бейтаныс 2017-08-12 14:34:28
Төлеген71 баурым өте дұрыс айттың,нағыз қазақ осылай жаны ашып шындықты айту керек,келген аз қазағының мінін іздеп ірткі салатындардан болмай
ДАНА ҚАЗАҚ 2017-08-12 10:31:08
РАСПИЛ ПО КАЗАХСКИЙ ........ https://www.nur.kz/1585451-roditeli-abiturientov-ustroili-bunt.html .......немесе Казахтын акшасын бытшыт кылу.
Астанада қатты боқтайтын әйел жүр 2017-08-12 00:30:45
https://kaz.365info.kz/astanada-khatty-bokhtajtyn-ajel-zhyr-18-275488
есенге жауап 2017-08-12 00:20:14
сен нағыз оқымаған қара құрсақ екенсің, дәлел фәкітбен ішкі істер министрі мәлімет жасап тұрса, көзін жұмып құлағын тосып алып жабайлық танытып отыр!
Төлеген71 2017-08-11 23:48:53
Шығыс Түркістандағы қазақтарға көмектескіміз келсе, онда алдымен олардың нендей мәселені айтып жатқанынап құлақ түру керек, бұрмаламай. Олар, 1-ден, мұсылманшылыққа қысым жасалуына қарсы, 2-ден, қазақ тілінде оқуды кемітуе байланысты, 3-ден, қазақ елімен барып-келіске кедергі келтіруге байланысты бізден көмек сұрауда. ... Мысалыға, ҚР-дегі ұлт емес, жәй кез-келген келімсекке де осындай хақысын беріп қойдық қой, 130-ұлтты елміз деп, шындығында қазақтан басқа ұлттың ешбірі де тұрғылықты емес, жәй келімсек болса да! Ендеше, Қытайдағы қазақтардың да сондай хұқыққа ие болуына неге атсалыспасқа?! ... Кез-келген дамыған елде адамның дініне қысым жасалуы қылмыс саналады. Христиан елдердің өзі мұсылмандарға ашық қысым жасай алмайды. Ал қытай болса, неге тұрғылықты қазақтардың жеріне келіп алып, оларды өз дінінен ажыратпақ болуда?! Қытайлар молданың уағыз-насихатын бұрмалауды былай қойып, азанның мәтінін өзгертпек болуда! Сондай-ақ, молдаларды қамап, қудалауда! - Осыларды айтып, Түркияның, Арабияның, Еуропаның, және барша мұсылман елдердің мұндай қытайлық сорақылыққа қарсы тұруына үн қосу керек, нағыз қазақ болсаңыздар!
Бейтаныс дегенге осындағы қазақ 2017-08-11 21:56:26
Сен осындағы қазақты "орысқұлдар" деп ашық қорлап отырсың, онда неге келдің Қазақстанға ? Сендерге мұнда қалған басқа ұлтты, қалада өскен қазақты қырып тастап, қазақ жерін тек Қытайдан келгендер үшін тазартып береміз деп біреу уәде еткен жоқ шығар. Сөзіңе неге жауапты болмайсың ? Бірлік ең алдымен сыйластықтан, мәдениеттіліктен, жақсы сөзден басталады. Оны білмесең үйренбейсің бе ? Қытай мемлекеті өз заңымен тәртіп орнатып жатса оған не шара? Ол басқа көрші мемлекеттің ішкі ісі. Қытайдан келгендер өзара дауласып, сыйыса алмасаңдар да "орысқұлдар іріткі салып" отыр дегенді қандай дерекке негіздеп айттың? Ертең заң алдында осы сөзіңді дәлелдей аласың ба? Ойланып сөйлеу керек екенін жадыңда ұста, басқаларға тиіспе.
бейтаныс 2017-08-11 19:58:20
құрметті қандастар өзара дауласпаңдар,бұл жерде араға ірткі салатын қытай қазағын көре алмайтын орысқұлдар бар екен,дүкен мырза қателесті нағыз факітпен дәлелмен айту керек еді,осы сөзіне бола қытайда канша қазақ еліне келе алмай быраз діндегі қазағымыз түрмеде отыр,қанша елімізге еңбегі сіңседе,зардабы қытай қазағына тиіп жатыр,сонда қалай тыныш отыра аласың,сирияға ең көп кетті деген тарбағатайдан мен қанша іздестірсемде бір қазақ баласының семиясын таппадым,бес уақыт намаздыда білмейтін діннен бейқабар қазақтар сирия тұрмақ қазақ еліне жібермей тұрған темірдей қатты қытайда қалай уахабис шыгады,шындыққа жанаспайды,бұл сылтау осы арқлы аз ұлттарды құрту, осындайды біле тура осындай кезде дүкендей тұлғаның сөзі ішті ауыртады
Гүлісxан Домалай 2017-08-11 19:41:28
Осында бүркеншік атпен кіріп аузына келгенін көкіп отырған, әсіресе қазаққа жала жауып Дүкеннің қара басын қорғау үшін бүкіл ұлтқа күйе жағып отырған сатқындарды ІІД не анықтатып бірден жауапқа тарытқызамын. Сөзің шын болса ашық әшкере дәлеліңді көтеріп ортаға шық. Болмаса мына арам бейшаралығыңмен Дүкенді қорғамақ түгілі өз басыңды жоқтай алмай қаласың. Басына күн туған қазақтың тағдрымен ойнама!!!
Есен 2017-08-11 19:07:27
Жақында ғана қытаидағы аулыма барып ондағы жағдаиды көзіммен көріп келдым. Дүкен Мәсімхан түк те жала жауып отырған жоқ. Шындықты айтып отыр. Қытаидағы қазақтар тұратын аудандардан Сүриаға кеткен, сонда қайтыс болған, қаитып келе алмаи жүрген қазақ балалары бірлі-екілі болса да бар екені өтірік емес. Ал бұрындары ол жақтағы қазақтардың арасында да мұртсыз қауға сақал, шолақ балақтар, беиіт-күмбездербі талқандап жүргендер көп болатын. Қазір азаиып қалыпты. Дүкен ештеңені отырған жоқ. Дүкен Мәсімханға деген жеке өшпенділіке бола ақиқатты бүркемелеуге болмаиды.
махамбет 2017-08-11 17:13:02
қытай үкіметінің ондағы қазақтарға қысым көрсетіуі ондағы қазақтардың сириаға кеткенінен емес, мүлде басқа себеп, басқа мақсатпен жүргізілген құйтұрқы сайасат. оған ешкім тосқауыл бола алмайды. қаласа да- қаламаса да ондағы қазақтардың ендігі көрер күні белгілі.
ДАНА ҚАЗАҚ 2017-08-11 17:09:35
РАСПИЛ ПО КАЗАХСКИЙ .......... https://www.nur.kz/1585063-grant-tiziminde-taghy-da-shu-altyn-belgi.html
Ақылшы 2017-08-11 15:17:19
Бұл жерде Дүкеннің қазаққа жалған жала жапқаны рас! Оны Домалайдың анықтатып, құзырлы орыннан жауап алғаны жөн болды және ол жауапты Абай.кз сайтының жариялап, халықтың көкейіндегі күдік-күмәнді сейілткені тіпті дұрыс болды. Ал, қалғаныңдікі былжырақ, оттама...
Билгишке 2017-08-11 13:39:57
Билгиш сенде сана жок тупой екенсин.
Есіл Айым 2017-08-11 13:04:51
Құрметті қандастар не айтып не жазып отырсыздар? Бұл жерде қытайдан келгендер, аналар мыналар, руға жерге жікке бөліп қоқысып отырғандарың не ұсақтық? Бұл жерде күллі қазақтың тағдыры тұрғысында ойласаңдаршы. Қалалардың бәрінде қара қытайлар қаптап жүр, біздің қазақтарды слл ҚХР ақша беріп арандатып бір біріне айдап салып отыр. Қай жерде кім төбелеспей жатыр? Қол сынса жең ішінде . Ал ұлттың мемлекеттің мүддесін бірінші ойьау керек есі дұрыс адам
Батыс мына малдарың 2017-08-11 12:49:03
https://www.nur.kz/kk/1583756-aqtobelik-zhankuyerlerdinh-futbolda.html
БІЛГІШ 2017-08-11 12:46:31
Дүкен мысық отырып алып, әртүрлі атпен мүңкітіп жатыр...
Оралмантанушы 2017-08-11 10:37:15
Қарап отырсаң, жер бетіндегі ең жалақорлар, даукестер, пәлеқорлар , арызқойлар - қытайдан келген қазақтар екен. Сенбесеңіз қараңыз: Қазақ қауымдастығының жиналысында шапан шешіп төбелескен Алмас Ахметбек пен Рақым Айыпұлы - екеуі де қытайлық! Әлімғазы Дәулетқан мен Мұхтархан Оразбай - екеуі де қытайлық! Қабдеш Жұмаділов пен Несіпбек Айтов - екеуі де қытайлық! Қабдеш пен Жәди - екеуі де қытайлық! Қабдеш пен Әбдіжәміл - Қабдеш қытайлық! Жасан Зекей мен әйелі - екеуі де қытайлық! Дүкен Мәсімхан мен Сағынтай Сұңғатай - екеуі де қытайлық! Тұрсынәлі Рыскелдиев пен Сәбит Досанов - Тұрсынәлі қытайлық! Мырзатай Жолдасбеков, Дүкенбай Досжан (марқұм), Сауытбек Абдрахманов, Жанболат Аупбаев секілді елағаларының сақалынан алғыш, "Жарқын Жаншуақ" деген бүркеншік атпен өзінің жерлестері туралы лаң мақала жазғыш - Ауыт Мұқибек қытайлық! Елағасы Қуаныш Сұлтановқа қисынсыз жала жапқан - Тұрсынхан Зекенұлы - қытайлық! Бұл жолы Дүкен Мәсімханның бір сөзінен бола, тырнақ астынан кір іздеп, оған жала жауып, арыз жазып шулатып жатқандардың бәрі қытайлық! Қытайдан келген ағайындар-оу, ұят бар ма сендерде?! әлде бәрің сондай псих ауырусыңдар ма?! Қазақстанға әкелген өнеге, дағдыларың құрысын!!! Қытайдан алған үлгі, тәрбиелерің солай шығар бәлкім. Біздің жастарымызға сол жаман, пасық әдеттерің жұғып кетпесе жарар еді.... Бір уақ ұялып, ойлансаңдар етті...
ДАНА ҚАЗАҚ 2017-08-11 08:50:48
https://www.youtube.com/watch?v=cPCdpZg-5IE
Әлімжан Асауов 2017-08-11 08:31:19
Айналайын қытайдан келген бауырларым! Құрметті Дәурен Қуат мырза! Мен де ертеде қытайдан келген ағаларың болам. Қазақта "бөрік кигеннің намысы бір" деген аталы сөз бар. Сол айтқандай қытайдан келген қазақтардың жақсы сөзі, жақсы атағы шықса, мен де атым бәйгеден келгендей қуанып, марқайып қалам. Өткен жолғы Дүниежүзі қазақтарының құрылтайында Елбасымыз елге оралып еселі еңбек етіп жатқан әйгілі төрт қазақтың есімін атады. Соның үшеуі қытайдан келген бауырымыз екен. Қандай мәртебе! Қандай мақтаныш! Ал соңғы кездері ө жер, бү жерде (тіпті мына жердегі комменттердің ішінде де жүр) "қытайдан келген қазақтар оралман ағайынның ішіндегі ең сүйкімсізі", "қытайдан келген қазақтар арызқой, жалақор, пәлеқор..." деген сөз жиі айтылып жүр. Бұл жақсылық емес. Бұл ертең жалпықоғамдық пікір болып қалыптасып кетсе, сендердің қай-қайсың үшін де абырой емес. Бәріңнің жолың кесіледі. Сондықтан өнбес дауды қойыңдар бауырларым! Дүкен Мәсімхан да жайдан-жай айтпаған шығар. Бір жерден оқығанын, біреуден естігенін айтыпты. Жалпы Дүкеннің сол сөзімен не бүлініп кетті?! Қытайдағы ағайынның Атамекенге келуі тоқтап қалды ма? Жоқ! Қытайдағы ағайындар қыдырып та, көшіп те, жұмыс бабымен де, оқуға да келіп жатыр. Айналайын Дәуренжан! Сені де арғыбеттен келген ағайынның ұрпағы деп естимін. Саған айтар өтінішім, жерлес, тағдырлас ағайындарыңды жаман атқа қалдыратын, ағайынның арасына жік түсіретін, олардың ұрпағына кесірі тиетін мынадай жазбаларды сайттарыңа бермей-ақ қойғаның жөн болар еді. "қытайдың қазағы бәлен, түглен..." деген атақ қалыптасып қалса, ертеңгі күні ұрпақтарыңа да жаман. Оларға да кесірі тиеді. Сондықтан бәрімізге абырой әпермейтін мынандай ұят тірлікті доғарыңдар шырақтарым. Сәлеммен ағаларың Әлімжан Қызырұлы
жау жүрек 2017-08-11 01:38:32
дүкенді жақтаушыларға айтарым: дүкен жұрттың алдында өтірік сөйлеп кәзәп болды ! осы кәзәпдығы үшін кәнәлға шығып жұрттан кешірім сұрау керек ! болмаса дүкенді соттау керек, енді бүлай өтірік сойлеп қытайдағы қандасдарға жала жауатын болса арты жақсылыққа апармайды дүкен мырза!
жұмыр қылыш 2017-08-11 01:32:55
дүкен қанша ғалым болсада, өсек тасыйтын қатындар сыйақты өсек тасып, дәлелсіз сөз сойлеп жұрттың алдында масқара болды ! негізі дүкенге қытайлар ақша бергенде шығар !
Мұратқа 2017-08-10 23:34:06
Мұрат мына жерде шын мәнінде сасып отырған сенсің. Не жазғаныңды өзге түгіл өзіңде түсінбеген сияқтысың ғой. Ұлттық мүдде жайлы жазатындай өзің не істеп едің?! Осында жазшы, біз оқиық. Дүкеннің ғылыми еңбектерін білеміз. Оқып жүрміз. Адал еңбегімен, Алла берген талантымен өзін-өзі мойындатқан жігіт. Мықты болсаң осыған аргумент келтірші. Сендер болсаңдар монитордың артына тығылып алып, жеке басына, фамилиясына тиісіп отырсыңдар. Бұларың ұят тірлік. Осының бәрі көреалмаушылық пен қызғаныштың әңгімесі.
Сәуле 2017-08-10 22:55:31
Дүкен Қытайдан келген қазақтардың ішіндегі өте білімді азамат. Тарихи отанына ерте келіп қөші-қонға жан аямай еңбек сіңіргенін жоққа шығаруға ешкімнің қақысы жоқ. Елбасы құрылтайда атап өткен шеттен келген ең мықты төрт қандасымыздың бірі - Дүкен Мәсімханұлы. Оның еңбегі сіңбесе, үлкен кісі бекерден-бекер мақтамаған шығар. Дүкендей қандастарыңмен мақтанудың орнына балағына жармасып отырсыңдар. Әй оралман бауырлар ай........ Қисынсыз қаралап, жеке басына тиіскенше ғылыми еңбектерін оқыңдар. Бірақ мында жазып отырған адамдардың деңгейіне қарасам, Дүкеннің еңбегін оқып, саралауға өрелерің жетпейтін сияқты.....
Руза 2017-08-10 21:52:51
дүние ғаламторы, БАҚ-тары да жазып жатырғой, бұл масқара қыспақты, қазаққа туған. Ал оңбаған дүкендей, әрдайым ұлтының сатқындары болған қазақта.. 1 евразия каналына келетін болсақ, оның құны белгіліғой: Былтырғы митингті ғана айтайық, қайда бізге, қатысушыларға, "100-150 доллардан таратты" - содан кейін жиіркеніп кетім, каналдан да, оның өтірікші жорналшыларынан да..
Секе 2017-08-10 20:54:12
Осында Қайсар деген азамат: "қытайдың қазақтарының бар өнері осы екен. бірін бірі сотқа беру, бір бірінің үстінен арыз жазу. біреуі жарқырап көрінсе соған ор қазу. дүниежүзінің басқа елінен келген қандастарымыз тып тыныш ақ өмір сүріп жатыр. әйтеу шулататын, өз жерлестерін орға итергіштейтін қытайдан келген қазақтар ғана." деп өте орынды айтыпсыз. Шеттен келген 1 миллион қазақтың 600 мыңы өзбекстандық. "қың" деген дыбыстары шықпайдығы ғой шіркін. Түптеп келгенде бұл қытайдың қазағының ішінде санасыз, надандар көп екендігін көрсетеді.
Мұрат 2017-08-10 20:19:04
Бұл жерде Дүкеннің жақтаушыларының әңгіме деңгейінен ақ айналасында ұлттық мүдде деңгейінде әңгіме айтар ешкімінің қалмағанын білдіреді, кілең қара басының қамынан ойы аспайтын , бықсық бақас адамдар. Орыста бір мәтел бар өзіңнің кім екеніңді достарыңа қарап танимын дейді, ал дүкен юайлы арашашыларда өте отбасы , ру, жерлестік деңгейімен жек диеплом қоқыр қоқсықтан ары аспайтын адамдар екенін көрсетіп отыр. Бейне түртіп қалсаң сасый беретін тезек секілді, бес тиынға пайдасы жоқ әңгіме,
Мұрат 2017-08-10 20:19:03
Бұл жерде Дүкеннің жақтаушыларының әңгіме деңгейінен ақ айналасында ұлттық мүдде деңгейінде әңгіме айтар ешкімінің қалмағанын білдіреді, кілең қара басының қамынан ойы аспайтын , бықсық бақас адамдар. Орыста бір мәтел бар өзіңнің кім екеніңді достарыңа қарап танимын дейді, ал дүкен юайлы арашашыларда өте отбасы , ру, жерлестік деңгейімен жек диеплом қоқыр қоқсықтан ары аспайтын адамдар екенін көрсетіп отыр. Бейне түртіп қалсаң сасый беретін тезек секілді, бес тиынға пайдасы жоқ әңгіме,
Мұрат 2017-08-10 20:11:21
Білген адамға бұл іс руғада, жерлестіккеде қатысы жоқ. Бұл үлкен деңгейдегі ұлттық мемлекеттік мәселе, ал Дүкен діде ешкім атқалы шапқалы керек етіп отырған жоқ. Бұны одан бұдан көріп құр борбайлағанша Церияға кеткен оралман жоқ екен деп қуанып ары қарай ҚХР да жәбір көріп жатқан шандастарды қалай құтқаруды ойластру керек. Бұнда Дүкеннің арам жанымен пасық басы ешкімге керек емес , керек болып отырғаны оралмандардың қылмыстан аман екендігі құрғақ борбайлағанша осыны ойлау керек
Мен 2017-08-10 20:04:59
Кытайдан келген безграмотный казахтар араларынлагы грамотный Дукенди талап жатсындар. Дукен сиякты енбек жасап барып бирнарсе айтсандар жарасушы еди...
Дархан 2017-08-10 18:54:23
Осының бәрін ұйымдастырып жүрген анау оралманның жалған жанашыры, бір кездегі көші қонның делдалы - Ауыт Мұқибек деген алаяқ. "Нұр Отанға" Гүлісхандардың атынан арыз ұйымдастырған -Ауыт! Ол арызды ҚР ІІМ жолдаған - Ауыт! Ол жақтан келген жауапты копия жасап, Абай.кз-ке мәтінді дайындап берген -Ауыт! Сонда қалай Ауытты оралманның жанашыры деуге болады? Жоқ әлде Дүкен Мәсімханұлы басқа ру (албан) болғаны үшін оған жанашырлық танытқысы келмей, керісінше қастандық сайлап отыр ма? Демек өзінің тағдырлас, жерлес ағасын жарға, орға сүйреп жүрген Ауыттан кімге опа келеді? Бұл арамдығың ашылады әлі ауып кеткен Ауыт бала.
Досым Құлахметов 2017-08-10 18:45:21
Қ ы т а й т а н у ш ы Д ү к е н ((((((( Жарыған екеміз
Амангелді Қ. 2017-08-10 18:43:37
Қарабет қылдың ғой қара орман қазақты, Дүкен-оу!
Амангелді Қ. 2017-08-10 18:13:55
ей қытайдың қазақтары! сендерде ұят бар ма?! әлде сол Дүкен Мәсімханды атып, шауып, кескілеп, жерге көміп беретін адам іздеп жүргеннен саусыңдар ма өзі?! ұятсыз екенсіңдер шеттеріңнен. Өткенде де бір ай шуладыңдар ғой, жетпей ма сол?!
Мұрат 2017-08-10 17:49:50
Қазір өзінің не жазып отырғанын білмейтін, ұлтының мүддесіне ақылы жетпейтін нәрсіз ессіз жазғыштар көбейді. Тиын тебен берсең ұлтын отанын сатып жіберетін арсыздар көбейді. Білген адамға бұл ҚХР нан келгендердің бақастық арызы емес, ақымақ Дүкеннің жауабынан қазақ елі шеттен келген қазақтарға құжат беріп тераристік ұйымдарға аттандырып отырған көпір деген мағна шығады . Ал Гүлісxан бастатқан топ мемлекетпен ұлттың бұған кінасыда қатысыда жоқ екенін ашкерелетіп отыр, осыны дұрыс түсінетін шама шалмаған қазақтарға айтарыңда қалмайды
Есен 2017-08-10 17:34:08
Қытай қазақтары серия түгілі өз отанына жете алмай жүр. Осындай ұлттың басына күн туғанда күйе жағып орға итерген ҚХР ның тыңшыларымен тиынға сатылған сатқындар ұрпақ алдында қарабет болады. Дүкенді қорғаштағандар Қазақтың тағдырынан гөрі қытайдың тиынына сатылған өтірікшілер
әжесі 2017-08-10 17:31:34
Гүлбану өзіңнен статусы төмен екен деп Айманға тиісе кетуің жөн болмады. Айман дегенменен сұрақты дұрыс қойды.Ал қай ата- ана болса да ұрпағына жаны ашиды,.әсіресе тарих мамандары,дұрыс айтсақ доқтырлары бүткіл тарих оқуларын мейлінше әбден құртты. Қиялдағы ата бабасын тықпалап,тарихта аты аталмаған батыр кейіпкерлер пайда болды.Мамбет деген тарихшыны ғалымдар қанша сынаса да суға батпайтын екен.Бүткіл оқулықтар,тестідегі сұрақтар ұлы жүздер туралы.Бұл ұятсыздық,мемлекет тарихына қастандық..
Досым Құлахметов 2017-08-10 17:26:48
"Осы Дүкеннің атын естісем құсқым келеді"..... онда тез дәрігерге бар, мүмкін дукеннен ауыраяқ болып қалған шығарсың.
қайсар барат 2017-08-10 17:24:34
қытайдың қазақтарының бар өнері осы екен. бірін бірі сотқа беру, бір бірінің үстінен арыз жазу. біреуі жарқырап көрінсе соған ор қазу. дүниежүзінің басқа елінен келген қандастарымыз тып тыныш ақ өмір сүріп жатыр. әйтеу шулататын, өз жерлестерін орға итергіштейтін қытайдан келген қазақтар ғана.
Алғали Жәрдем 2017-08-10 17:16:26
Осы Дүкеннің атын естісем құсқым келеді
Нуршат Береке 2017-08-10 17:15:30
Жүрген жерің лаң болды ғой Дүкен ит-ай
Нуршат Береке 2017-08-10 16:02:52
"АЗАТ ОЙЛЫ АЗАМАТ" ! сени мэселенін мэнінен гори, дукеннин атак-дарежеси, сыйлыктары кобирек кызыктырып, ишиңди солары ортеп, кызганыштан олтирип жуген коринеди гой ....
Erkin Karatay 2017-08-10 15:55:43
Duken aghamyz ote orindi, shindikti aytkan.
Алғали Жәрдем 2017-08-10 15:50:39
Гүлісхан бастаған арызқоиларға аитарым, шинжиаңдағы үш аимақтың кез-келген ауданына барсаң, баласы сүрияға кетіп қаитыс болған, немесе еліне жете алмаи зар еңіреп журген қазақ жастары туралы көп естуге болады. әмбе шинжиаңдағы қазақ баспа сөзінде де ол туралы күнде айтылып жатыр. Қазақстанның ішкі істер минстрі білмесе ұлттық қауыпсыздік көмитеті оларды әбден біледі. Бул арада дукен мәсімханды кіналаудың түкте керегі жоқ.
АЗАТ ОЙЛЫ АЗАМАТ 2017-08-10 15:01:11
Мынадай адамды (адам деуге де келмейді, хайуан ғой) оқытушы тұрмақ, сыпырушыға алмау керек! Өзі суайт, сауатсыз және мемлекеттен алмаған атағы жоқ екен. Бәрін сыпырып алған жөн!
алаш деген қазаншыға бесбармақ 2017-08-10 14:52:53
Қытайдың ішкі саясатына араласып, Қазақстанды арандатпай тыныш отырсай, шыдамай баратсаң сол Қытайыңа қайта барып, сол жерде күрес олармен, соғыссаңда өз еркің. Мұнда отырып алып, арандатумен айналыспа. Анау бірінші жазғаның дұрыс ОЯН ҚАЗАН деп. Сол қазаныңды қайнатып, ботқаңды жеп тыныш отырған абзал ғой. Басқа мемлекеттің - Қытайдың ішкі саясатына араласатын қандай қазансың ???
Ерзат 2017-08-10 14:32:25
Дүкен халықтан кешірім сұрауы керек, болмаса сотқа беру керек. Сосын бұндай адамды мемлекеттік қызметтен, әсіресе, оқытушылық қызметке араластырмау керек.
Ерзат 2017-08-10 14:32:13
Дүкен халықтан кешірім сұрауы керек, болмаса сотқа беру керек. Сосын бұндай адамды мемлекеттік қызметтен, әсіресе, оқытушылық қызметке араластырмау керек.
алаш 2017-08-10 13:48:47
қытайлар ұлты қазақ адамды жау санап санын азайтуға кірісті, өз жеріндегі алақандай қазақтардан бастап кетті, енді қазақстанға қол сала бастаған екен. Оян, қазақ!
алаш 2017-08-10 13:47:02
ұлты қазан адамдады жау санап санын азайтуға кірісті ,өзі жерындегы алақанндағы қазантадан бастап кетті ,енді қазақстанға қол сала бастаған екен .оян қазан .
Ғалым 2017-08-10 13:10:28
Қытайтанушының түрі осы болса, жетіскен екенбіз...
Парасат 2017-08-10 13:00:00
Атаңа нәлет, Мәсі!

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 2971
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 7669