Жұма, 18 Тамыз 2017
Жаңалықтар 616 0 пікір 10 Тамыз, 2017 сағат 13:32

Түлкібаста таза ауыз су шығаратын зауыт іске қосылды

 

Таза ауасының өзі жанға шипа Түлкібас ауданы, Күмісбастау ауылында жаңа технологиямен қамтамасыз етілген «АQUA SEREBRO» табиғи бұлақ суы зауыты іске қосылды хабарлайды Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Зауыттың жұмысына жалпы құны 250 млн қаржы жұмсалған. Жаңадан 26 адам жұмыспен қамтылып отыр. Зауыттың қуаттылығы сағатына 1000 дана 5 литрлік және 5000 дана 1 литрлік құтыдағы ауыз суы шығарылады. Зауытты«А-СПЕКТР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда.

Жаңа цехтағы барлық технологиялық процесс сапа стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Өндірістік қабатта химиялық, бактериологиялық зертханалардың орналасуы өнім сапасын жан-жақты тексеруге аса қолайлы болуда.

Цехтың ашылуына аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков, ауыл тұрғыны М.Ибрагимов сөз сөйлеп, ауыл ішінен ашылып отырған цехтың жұмысына сәттілік тіледі. Зауыт лентасы қиылған соң қонақтар цехтарды аралап көріп, зауыт жұмысымен танысты.

Жалпы бұл зауыт Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы туған жерді дамыту бағдарламасы бойынша ауылды дамыту мақсатында ауыл тумасы, зейнеткер Ж. Сұлтанов қолға алып, ауыл халқын жұмыспен қамтып отыр. Кәсіпкер келешекте өнім көлемін ұлғайтып, тұтыну нарығы аясын кеңейтуді жоспарлауда. Тіршілік нәрі өңірдегі барлық ауыл-аймаққа ұсынылып, саудаға шығарылуда.

Айта кететін жайт аудан әкімдігі алдағы уақытта осындай тамаша табиғат аясында табиғатқа зиян келмейтін өндіріс орындарын салып, аймақ халқына таза табиғи өнімдермен қамтуды көздеуде.

Абай-ақпарат

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 2969
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 7668