Жексенбі, 22 Қазан 2017
Жаңалықтар 2378 5 пікір 11 Тамыз, 2017 сағат 18:36

«Нарынқол» ауданы құрылады

Алматы облысында жаңа ауданды құру туралы мәселе қаралды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

Бейсенбідегі облыстық маслихаттың отырысында үкіметке сәйкесінше ұсыныс беру туралы шешім қабылданды.

«Қазақстан Республикасының Үкіметіне Алматы облысының құрамында әкімшілік орталығы Нарынқол ауылы болатын және Алматы облысы Райымбек ауданынан жер бөлу арқылы жалпы ауданы 711 937 гектар болатын жаңа аудан құру туралы ұсыныс берілсін», - делінген маслихаттың шешімінде.

Аталып өткендей, республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жаңадан құрылған ауданға «Нарынқол» атауын беру туралы ұсыныс жіберілді."

Абай-ақпарат

5 пікір
Ұлас 2017-08-14 23:45:13
Нарынқол ауданының құрылуын қолдаймын. Бірақ, аудан есімі Нарынқол болғанын қаламас едім. Нарынқол деген қазіргі Нарынқол ауылы тұрған кішкене ғана аумақтың аты ғана. Бұл өңірдің сонау Үйсін дәуірінен бері келе жатқан ескі атауы ТЕКЕС (ТЕКХАС). Оданда аудан есімін сол өңір үшін Ақ патша мен айқасқан батыр Саурық, Тазабектің есімімен, болмаса сол жердегі жұртқа, тіпті барша қазаққа аты мәлім Шоған абыз, Әлмерек батырдың есімін беру өте маңызды болмақ.
қазақ 2017-08-14 20:29:08
Тарихи маңызы бар Қапал ауданында құрса балар еді.
Өмір 2017-08-13 13:11:19
Бізде қалай? Алдымен қиратады кеп... Ашылғаны дұрыс. Әй, қайдам, Үкімет қолдай қояр ма екен? Мынандай өткелең заманда...Керісінше, шекараны нықтамасақ, жерлерімізден айрылып қалуымыз ғажап емес.
Бәукен Әмірен. 2017-08-12 22:29:14
Жер-жердегі жұмыс орындарының бәрін ту-талақай етті... Жауап берудің қазір қажеті жоқ, таратылған аудандарды қалпына келтірсе, тамырына қан жүгіріп әлі-ақ жан бітеді...
! 2017-08-12 12:12:52
бірінші қиратып тастап сосын а,дұрыс істемеппіз -деп ойлайтын бас-р бізде ғана.əп -əдемі мықты ауданды ту-талақай қып енді дұтрыс істемеппіз деп отыр.совхоз-колхозды таратып завод фабрикаларды тып-типыл қылғандар халықтың жауы емес па?жауап беретін біреуі бар ма?

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7989
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 15348