Сенбі, 16 Желтоқсан 2017
Кәсіп-түбі нәсіп 4020 0 пікір 18 Тамыз, 2017 сағат 10:58

Жетісу жерінде май өндеу саласы бойынша 130 жұмыс орны ашылмақ

Қазіргі таңда Талдықорған қаласындағы 20 ірі және орта өндірістік кәсіпорындар салықтың негізгі бөлігін құрап отыр. Осы көрсеткішпен берілген жылдық тапсырманың 70%-ы орындалды. Бұл туралы Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев баяндады.

Жыл соңына дейін 5 өндірістік кәсіпорынды кеңейтіп, 381 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар май өндеу саласында 130 жұмыс орны ашылмақ. Ағымдығы жылдың 1 тамызынан бастап 800 млн теңге бөлініп, 130 жұмыс орны ашылды.

«Талдықорған қаласының даму қарқыны тұрақты. Басты мәселелердің бірі - жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту алғашқы орында. Жастар практикасына 124 адам бағытталды, 47 азамат әлеуметтік жұмыс орнына тартылса, 689 азамат қоғамдық жұмысқа жұмылдырылған. Аталған кезеңде жұмыспен қамту органдарына 2985 адам өтініш берген. Олардың 1298 тұрақты жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамту деңгейі 43,5 пайызды құрайды», - деді Бағдат Қарасаев.

Abai.kz

0 пікір