Жексенбі, 22 Қазан 2017
Жаңалықтар 646 0 пікір 9 Қазан, 2017 сағат 20:16

Елдос Сметовтың командасы жеңілді

Қазақстанда конфедерация кубогының іріктеу кезеңдері басталды. Дүбірлі додада спорттың 5 түрінен спортшылар бақтарын сынады. Атап айтқанда, спортышалыр бокс, дзюдо, таеквондо, еркін жəне грек рим күрестерінен өзара мықтыны анықтады.

Тараз қаласында өткен іріктеу кезеңінде "D" тобының спортшылары жартылай финалдық жолдама үшін барын салды. Жеребе бойынша "D" тобына Ақмола облысы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы жəне Алматы қаласының құрама командалары түскен болатын.

Конфедерация кубогының іріктеу кезеңдерінің ресми ашылу салтанатында спорттық жекпе-жек жəне күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының мүшелері мен Жамбыл облысының басшылары қатысты.

Дзюдо жəне таеквондо бойынша 2016 жылғы конфедерация кубогының иегерлері Жамбыл облысы биыл жанкүйерлер үмітін ақтай алмады. Олар екі спорт түрінен де Алматы қаласының спортшыларына төтеп бере алмады. Дзюдодан Жамбыл облысының құрама сапында ҚР Ұлттық құрама мүщесі, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Əлем чемпионы Елдос Сметов, ұлттық құрама мүшесі Азиз Қалқаманұлы сынды əлемдік жарыстарда ел намысын қорғап жүрген дзюдошылар белдесті. Сондай-ақ, Алматы қаласының намысын халықаралық жарыстарда жүлделі орындармен қазақ жұртын қуантып жүрген Ғұсман Қырғызбаев, Ғұмар Қырғызбаев, Елдос Жұмаханов, Қызылорда облысының құрама сапында "Қазақстан барысы-2017" турнирінің жеңімпазы Еламан Ерғалиев күресті.

Таеквондо бойынша да Алматы қаласының спортшылары осал еместігін көрсетті. Олар жергілікті спортшыларды, Жамбыл облысының құрамасын 85:90 есебімен жеңіп, 2017 жылғы конфедерация кубогынан жүлдесіз қалдырды.

Грек-рим күресі бойынша боз кілемде белдескен Қызылорда облысының балуандары шешуші кездесуде Алматы қаласының спортшыларынан мықты екенін дəлелдеді.

Еркін күрес бойынша Алматы қаласының балуандары қарсылас шақ келтірмеді. Шешуші жолдама үшін күресте Қызылорда облысының балуандарыннан мықты болды.

Елімізде конфедерация кубогы былтырдан бастап өткізіліп жатыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры 125 млн теңгені құрайды. Конфедерация кубогының финалдық кезеңі 2-3 желтоқсан күндері Алматы қаласындағы "Балуан Шолақ" спорт кешенінде өтеді деп жоспарланған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7955
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 15308