Жексенбі, 17 Желтоқсан 2017
Бетбұрыс 1924 37 пікір 9 Қазан, 2017 сағат 23:00

Жаңа нұсқа: қазақ әліпбиінің латын қаріпінде жазылуы

 

 

Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесті деп хабарлайды aqorda.kz сайты.

Жиында Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды.

Қазақстан Президенті мемлекеттік тілді реформалау рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті.

– Бұл күндері қазақ тілінің жаңа әліпбиіне байланысты мәселе қоғамда қызу талқылануда. Оған көптеген адам қатысты. Латын қарпіне көшу туралы идея біз тәуелсіздік алған кезден туындаған болатын. Қазақ жазуының латын қарпіне көшуі әрдайым менің айрықша бақылауымда болды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне атқарылған жұмыстардың нәтижелері жөнінде А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Е.Қажыбек және Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Е.Тілешов баяндады.

Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда көрестілген жаңа нұсқа халықтық талқылаудан өткен нұсқа болып табылады. Бұның алдындағы нұсқа қоғам белсенділерінің тарапынан қабылданбаған болатын.

Abai.kz

37 пікір