Жексенбі, 17 Желтоқсан 2017
46 - сөз 1328 6 пікір 10 Қазан, 2017 сағат 07:19

Алдымен өзімізді жөндейік!

"Өзіңе сен,өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап".

(Абай).

Біз "өз ағам" деп біреуге іні болғышпыз, "бір туған бауырым" деп аға болғымыз да келеді. Алдымен, өзімізбен өзге жұрт санасатындай ел болып алайық та! Өндірісімізді өркендетейік. Оны айтсаң мамытовтар "текстиль мен жеңіл өнеркәсіп қырғыз экспортының 11 %-ын ғана құрайды" дейді. Ал, біздің экспорт құрамындағы текстиль 0,3 % екенін, "жеңіл өнеркәсіп" деген сөздің жоқ екенін айтпайды. Оның өзі жоқ болған соң аты қайдан болсын! Қазақ нарығын қырғыз киімі жаулап алғанын (түрік пен қытайға қоса) көргісі келмейді. "НамыстаН ӨЛМЕЙ өзбектің машинасын мінеміз" десең, "машина мен оборудование өзбек экспортының небәрі 5,5 % құрайды" деп жауап береді. "Жылауықтар" деп ат қойып алған бізге өзінше. Ал, пенсия жайлы Атамбаевтың сөзіне жауап бермейді. "Өзбек машинасы" деген ұғым бар, қазақ машинасы деген ұғым жоқ... Агроэнеркәсіптің өнімі 2015 ж экспортымызың 4,5%-ын ғана құрады. "Экономиканы әртараптандыруымыз қажет" деген (диверсификация) сөзді ауызға да алмайтын болдық, соған қарағанда қолды бір-ақ сілтеген болсақ керек... Айналайын билік-ау, білімге, техникаға, өндіріске ұмтылу керек қой. Қашанғы мұнайдың көбігіне, мәз болып жүре береміз?..

Өмірзақ Ақжігіт

FB парақшасынан алынды

6 пікір