Жексенбі, 22 Қазан 2017
Асқанға - тосқан 2312 18 пікір 10 Қазан, 2017 сағат 09:55

Қазақ президенті баратын жиынға Қырғыз президенті бармайтын болды

 

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Сочи қаласына (Ресей) бармайтын болды. Қырғыз басшысының жұмыс сапары 10-11 қазанға жоспарланған еді. Бұл туралы мемлекет басшысының аппараты хабарлады.

Атамбаев Сочиде ТМД ұйымына мүше елдердің басшылары кеңесінің және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің жиналыстарына қатысуы керек болған.

"Жекелеген саясаткерлердің қылмыс әлемінің көмегімен сайлау күні жаппай тәртіпсіздікке дайындалғаны туралы фактілер тіркелгенін, бұған қоса мұндай саясаткерлердің шетелден қаржылай қолдауын ескере отырып, президент ел қауіпсіздігі мен тәртіпті жеке өзі бақылау үшін жұмыс сапарынан бас тартты", - делінген ресми хабарламада.

Атамбаевтың тапсырмасымен, Сочидегі жиындарға қатысатын делегацияны премьер-министр Сапар Исаков бастап барады.

Қырғызстандағы президенттік сайлау 15 қазанда өтеді.

Cочиде өтетін  ТМД ұйымына мүше елдердің басшылары кеңесіне ҚР президенті Назарбаев барады деп күтілуде. Назарбаев баратын жиынға Қырығызстанда өтетін сайлау мәселесін сылтау етіп Атамбаев бармайтын болып жатыр.

Abai.kz 

18 пікір
пенсионер 2017-10-11 19:07:04
Жөнін айттау, артынан өз айтқанынан қорыққан адамдай жиынға бармай қашқандай тəрізді. Өйтіп айтқанына болайын
Мансұр 2017-10-11 16:40:04
Сылтау болса сылтау шығар, дегенмен Атамбаев жөнін айтты. Біздікілер еліріп біресе форум, біресі олимпиада, біресе ЕХРО деп ақшаны жеуге сылтау іздегенше, халықтың жағдайын көтеуді ойлау керек еді. елдің жағдайын түзеп алмай жатып, басқа елде не шаруасы бар.
Ерсін 2017-10-11 09:24:43
Меніңше Атамбаев қазақ елін жамандаған жоқ, тек біздің басшылардың сөздеріне ұтымды жауап берді деп ойлаймын. Қырғыздың қазақты жамандаған сөздерін таба алмадым. Ал біздің басшылар енді Атамбаевқа есеп беріп жатыр. Күлкілі.
Мақсұт 2017-10-11 02:12:03
Менің осы әңгімелерге араласуға көбіне мүмкіндігім бола бермейді. Сондықтан, маған көмектесіп, кейбір ойларымды келесі тақырыптарға аударып, жалғастырған жанашырларға Алланың разышылығын тілеймін. Өйткені бәріміздің илегеніміз бір терінің пұшпағы ғой... Сонымен:... Назарбаев ең әуелгі саясатынан бастап елді екіге бөлді. Не себепті? Мысалы мен түсінбедім... Мысалы -Кеңестік құрылымның бар байлығын екіге бөліп, 20 пайызын басқарушы бір адам, қалғанын жалпы жұрт (Мүмкін -20пайыз) бөліседі - деген Заң?! Бұл - Халық пен Биліктің арасына қаса қана жік салып, ара жігін бөлу емес пе? Одан кейінгі бүкіл мемілекеттік ұстаным -Халық пен Биліктің ара жігін алшақтатып, біріне бірі өліспей беріспейтін қарама қарсылық тудыруды көздейтін сияқты. Елді осылай бүлдіру Назарбаевқа не үшін қажет?! Осы күні Елбасты ең әуелгі түсініксіз бір мақсатына толық жетті! Халық пен Биліктің арасына үлкен жік түсті. Егер ертең Қазақстан ұлы бір дүрбелеңге тап болып, өзара қырылысып жатса, біздің паразидент бар байлығының бармағын сорып Ресейдің төрінде қызығын көріп жатпақ па?!
Ескен 2017-10-11 02:09:08
Сол жемқорларыңды халық емес қой сайлайтын. Елбастың тағайындайды.
Арқа қазағы 2017-10-11 00:41:16
Жақын туыстары украиндарды табаланған орыс құсап бізде ең жақын бауырларымызбен араздасамыз ба енді?
жəй Қазақ 2017-10-10 22:35:27
Ақаев, Бəкиев сияқты отырып алмай, əу бастан айтқанындай орнын босатып отыр. РФ, РК, РБ - тай өмірбақилық жоқ. Конституцияға тиіскен жоқ Азамат, Бесінші Президент сайлауы Заң аяасында өтуіне уайымдауда, бұл əрі оның Президенттік Міндеті.
Ескен 2017-10-10 22:08:05
Бізде байлар көп, бірақ, таза өз еңбегімен байығандар аз. Дамыған елдерде байлар бизнеспен айналысып байиды. Ал, бізде, халықты тонау, жерге жалған документ жасап соны жоғары бағамен сатып баю, біреудің ақшасын алдап алып сонымен баю. Әттең, заңды белшесінен басып тұрып жер сатып, қарапайым халықтың жерінің үстіне заңсыз құжат жасап жерін тартып алып, түрлі айламен халықты тонаған әкімдерді әттең желкесін қиып тастар ма еді. Осындай бәлелерге неге ҰЛЫ АЛЛА бір зауал келмейді. Неге біз тозып жүреміз. Бәріненде ел басымыз аман болсын, әттең, ел басы төмен жақты білмейді ғой. Мұрны пұшық болсада байдың баласы сөйлей беретін заман бітпейтін болды. Бізге әділетті қоғам керек. Сотқа барсаң ол да қалтаңа қарайды.
Төре 2017-10-10 19:51:33
"Қырғызстанға жас президент керек" - Ал Қазаққа жас және басқа Проезиденттің қажеті жоқ! Міне ДАНАЛЫҚТЫҢ шыңы!?
Қатардағы жай қазақ 2017-10-10 19:41:33
Қырғыз президенті А. Атамбаевтың мына сөзі жаныма батып кетті: Каждый народ заслуживает своего правителя! Сонда қатардағы қазақтар кінәлі ме, бізді ұрылар мен жемқорлар билеп отырғанына?! Халық әділ сайлауды қаламай отырған жоқ, бірақ Ақордадағы саяси режим оған жол бермей отырғанын мектептегі балаға шейін біледі. Елдегі ВВП көрсеткіші жоғары болғаннан не пайда, егер көпшілік оның қызығын көрмесе! Бұрыңғы партноменклатура мен олардың ұрпақтары Қазақстанды талан -таржыға салса да оған саясатқа қатысы жоқ жай қазақтар кінәлі ме? Тек бір кінәміз саяси сауатты адамдардың бізде аз болғаны болар? Сондықтан жалған оппозиция өкілдеріне біраз алданып қалдық. Халықтың демократияға ұмтылысын дамытуға Қазақстандағы саяси сахнада жүргендер онша мүдделі болмады. Қырғыз саясаткерлері халқының алдында анағұрлым ашық әрі честный болып шықты. Бірақ жаңа ұрпақ өсіп келеді. Олар "Хабар" мен "Казахстанская правданың" ертегілеріне сенбейді. Насихатты шынайы ақпараттан ажырата алады. Қазір ресми билік тарапынан айтылатын цифрлар мен деректерге кұдікпен қарайтын болдық. Тіпті шындық фактілер болса да қолымызды бір сілтейтін болдық. Өйткені күнделікті жеке өмір, тұрмысымыз Астанадағы шенеуніктер суреттегендей болмай отыр.
Бәкен 2017-10-10 17:58:37
Атамбаев өте дұрыс , тек шындықты айтқан! Оның неменесіне тулайды біздің "атқа мінерлер"?! Расында да , ешкім өйтіп сынамасын десе өнеркәсіпті , ауылшаруашылықты , білім мен денсаулық салаларын түзесін! Бәрін өздерінің қара бастарына ғана жаратып , тырмаштап індеріне тарта бермей! Зейнетақы қоры мен әлгі "қауіпсіздік" қоры дегенді де талан-таражға салып , үлестіріп құртатын болды , өтірік пе?! Билік басындағы ат төбеліндей, аздаған топтың мүддесі үшін , солардың үрім-бұтақтарының баюына ғана жұмыс жасалып жатыр бізде! Өтірік пе?! НӘН-нің өзі алдымен халықаралық нормаларға қайшы әрекеттерге барып , ондағы билікке үміткерлермен жасырын келісім жүргізген , Қырғызстан жөнінде , ондағы жан басына шаққандағы ЖӨ туралы ақпаратты өз мүддесіне , мақтану үшін мысалға келтіріп, кемсіткен! Өтірік пе?! "Қырғызстанға жас президент керек" - деп "ақыл айту" қай нормаға сай келеді екен а? Өз жөнімізді жөндеп алмаймыз ба, алдымен?
Берік 2017-10-10 17:04:17
Оу ағайын, Атамбаев белгілі нәрсені жариялы түрде жеткізді, Ол қазаққа тас атқан жоқ, керісінше бір туған екенімізді айтты Ол тек басқа елдің ішкі ісіне қол сұққаны үшін қазақ билігін сынады. Бетің қисық болса айнаға өкпелеме дейді. Оның несіне шамданасыңдар. Оның басты жетістігі сол,, ол елде енді ұры қарылар билік басына келмейді. Ал экономика оның жалғасы болып табылады.
Қазақ 2017-10-10 16:32:43
Салыстыруға болмайтын жағдайларды салыстырып мақтанамын деп жүріп басына бәле тілеп алды.
Түңілген 2017-10-10 14:24:28
"Жаман адамнан алыс жүр"-деген Құранда бір сүре бар. Қырғыздарда әлі иман бар. Біздің қазақтан иман кетіп, тек байлықты армандап, айдың-күннің аманында азғындап барады. Қазаққа тез арада иманды басшы ауадай қажет. Болмаса, қанша байлығың болса да құдай атып, имансыз ұлт жоғалады.
р 2017-10-10 12:42:18
арты қуыс қой, қайтесің.
Нөсербек Заңәділ 2017-10-10 12:37:08
қырғыз халқының қамын жеитін президент керек, Атамбев қырғыз шаруашылығын еш өрге бастыра алмады. өз жетесідігін қырғызға қамқор қазақтан іздегені қай сасқаны. оның мәлімдемесін қырғыз халқы қолдамайды.
Қарапайым қазақ 2017-10-10 11:18:00
Бізде оңып тұрған жоқ. Қымбатшылық. Кредит:Айлық елу мың.Тариф анау.
Қазақстанда тұратын қырғыз 2017-10-10 10:07:48
Баратын БЕТ жоқ қой...

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7955
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 15308