Жексенбі, 22 Қазан 2017
Кеше мен бүгін 645 2 пікір 11 Қазан, 2017 сағат 11:26

Жанармай тапшылығы мәселесі апта соңына дейін шешілуі тиіс – Л.Тұрлашев

«Өткен аптаның бейсенбісінен бастап, Алматы облысы аумағында жанармай тапшылығы мәселесі туындады. Оның ең басты себебі, еліміздегі ең ірі - Павлодар мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстарына тоқтағаны. Салдарынан, өндірілетін бензин азайды. Осындай жағдайда сұраныс та өсіп кетеді. «Бензин жоқ» дегенді естіген халық жапа-тармағай бензин алуға ұмтылып, сұраныс әдеттегіден 2-3 есеге өсіп кетті. Дегенмен, жағдай толық бақылауда. Энергетика министрлігінен де, жергілікті әкімдіктен де салаға жауапты мамандар бекітілген. Қазір сұранысты қанағаттандыру үшін барлық жағдай жасалып жатыр». Бүгін журналистерге арнайы баспасөз-мәслихатын өткізген Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашев осылай деді.

Мәслихатқа Алматы облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Алимжан Тохтасунов, Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Әсет Қанағатов және Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Тұрсынбай Галинов қатысты.

«Облыс аумағында 335 жанармай бекеті бар. Оның 134-інде бензинмен қоса газ құйылады. Қазір бекеттерде 22 мың тоннадан астам жанармай қоры бар. Облыс аумағында АИ-92 маркалы бензин бағасы 147-159 теңге айналасында тұр. «Газпромнефть» бекеттерінде бензин құюда еш мәселе жоқ» дейді Алимжан Тохтасунов.

«Бүгінде үкімет боп, жергілікті әкімдіктер боп мәселені қатаң бақылауда ұстап отырмыз. Қазір сұраныс импортпен жабылып жатыр. Сол себепті, жанармай бағасы қымбаттады. Мемлекет бағаның шарықтап кетпеуін қадағалап отыр. Осы аптаның соңына дейін мәселе толық шешімін табады деп ойлаймын» деді облыс әкімінің біріші орынбасары.

«Жанармай бағасының қымбаттауы – азық-түлік бағасының қымбаттауына әкелуі мүмкін бе? Әлде жағдай бақылауда ма?» деген «Қазақстан» ұлттық арнасының меншкті тілшісі Қуаныш Қанатұлының сұрағына Тұрсынбай Галинов жауап берді.

«Әрине, бензиннің қымбаттауы барлық тауардың қымбаттауына әкелуі мүмкін. Бірақ, біз жанармай бағасының негізсіз өсіміне жол бермейміз. Ондай болған жағдайда, әдейілеп бағаны көтерген мекемелерді жауапқа тартамыз» деген Т.Галинов дәл қазіргі уақытта комитет құзырында АИ-80 маркалы бензиннің бағасын бақылау ғана бар екенін жеткізді.

Abai.kz

2 пікір
білгіш 2017-10-12 00:19:06
Ай ұятсыздар ай,жағдай толық бақылауда деп айтудан бір танбайсыңдар ауыздарыңызға біреу түкіріп қойғандай.Бүкіл СНГ,батыс елдеріне масқара болдық қой.50 елдің қатарымызда дегені қайда елбасының,осындайда болады ма?Атамбаев дұрыс айтқан екен ғой,оған ренжіге болмайды
жəй Қазақ 2017-10-11 17:11:19
Осы НПЗлар немене бұзыла береді, үшеуінде жаңартамыз дегелі 10 жыл болды, əлде қаражатты тағы ұрлап қойды ма. Қош де, бензин келер, баға 170 тенге болмас бұрынғы 144 қайта оралар. Мақаладағы төртеу түгілі облыс Əкімі бензин мəселесін алмайды, босқа жақсы аттанған не керек.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7955
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 15308