Жексенбі, 22 Қазан 2017
Деп жатыр 5751 22 пікір 11 Қазан, 2017 сағат 14:14

Шетелдік БАҚ: Путиннің жақтастары өзара дауласып жатыр

Кешелі-бері қазақ қоғамы, қазақ қоғамы дейміз-ау, шетелдік БАҚ қырғыздың төртінші президенті Алмасбек Атамбаевтың айтқандарын талқылап әлек. Біз шолу жасадық.

Атамбаев не деді?

Әуелі, социал-демократ Алмас байке Қырғызстанның  ішкі  саясатына  араласуға әрекет етпек болған қазақ билігіне  өкпесі  қара  қазандай  екенін байқатты. Алты жыл қырғызды басқарып біте-қабыл болған Ол президенттік креслосын тапсырарда бұлқан-талқан болып, біртүрлі мәлімдеме жасады.

«Если  наши соседи  не очухаются, не  опомнятся, я буду говорить  по-другому. Каждый  народ  должен  выбирать  своего  правителя, и он  заслуживает  того, кого  выберет. ВВП  города  Алматы  в 5 раз больше, чем  ВВП всего  Киргизстана. А ВВП  Казахстана  больше ВВП  Киргизстана  в 20 раз. И  валовый   продукт  Казахстана  в  доходах в  10  раз  больше  Киргизстана. Почему  тогда  пенсии  Казахстана  больше  (киргизских)  всего  в 1,5  раза, а не  10  раз, а  тарифы выше  в 5 раз? Почему?  Потому что  разворовывают   богатства  в  Казахстане.

Атамбаев  подает  казахам «плохой» пример. Потому  что, народ хочет  справедливой   власти. Правильно  Назарбаев  на встрече с Бабановым  говорил  о  молодом  президенте. Но, самый  старший  кандидат  (в президенты  Киргизии ) на 20 лет  моложе  Назарбаева. А я—на 16 лет. И  кому  нужен  молодой  президент, нам или  Казахстану?  Я  все равно  проведу  честные  выборы» -, деді.

Құрманбек  Бакиевтің билігін құлатқан соң, қырғыз жұртын Роза Отынбаева, Өмірбек Текебаев әм Алмасбек Атамбаев бастаған топ басқарды. Бұлар уақытша үкімет жасақтап, бір жарым жыл ішінде қырғыздың жап-жаңа мизамын (Конституция) жазып шықты. Сөйтті де, тізгінді Алмасбек Атамбаев ұстады.

Сөйткен Атамбаев Астанамен де, Мәскеумен де әмпей-жәмпей саясат ұстанып, Астанадағы ағасын арқасынан қағып, аларын-алып жүрді. «Ойбай, Нұреке, сіз келсеңіз жетісіп қаламыз. Тіпті, Ыстық көл де нұрланып сала береді» деп әсіре мақтап, миллиондаған қаржыны гуманитарлық көмек деген қоржынға сыйдырып алғанын айтамыз...

Қонақ келсе, қант сұрай келетін туыс қазақты тілдеді. Өзі ағалап-жағалап жүретін президентті «кәрі-сүйек» деп сөкті.

Айыр қалпақ ағайын ашық демократиялық саясатты ұстанатын, тақты мұрагерге немесе ізбасарға бермейтінін, сайлаудың әділ өтетінін айтып, ағынан жарылған Атамбаев кенеттен демарш жасады. Демаршы – өңірде дестабилизацияға әкеліп соқтыра жаздады.

Президент – провокатор. Бұл Президенттің өзі айтатын сөз емес

Саясаткерлер Оның бұл сөзін сайлау алды саяси науқан деп бағалап, провокацияға мән бермеуге шақырды. Президент – провокатор. Бұл Қазақстанның ресми өкілдерінің Алмас байкеге берген бағасы.

«Асып-тасып сөйледі, қызыл эмоцияға берілді» десек те, Алмасбек Атамбаевтың сөзі көптің көңілін аударды. Бұл Президент айтатын сөз емес еді. Қырғыздағы әне-міне өтетін сайлау алдында электоратты өз адамына аударып қалуы үшін айтылған провокациялық осы бір әңгімені, ақыры айту керек болса, қырғыздың қынадай қаптаған депутаттары айтпапты ма... Саяси қателік.

Оу, Алатаудың арғы бетін жайлап жатқан қырғыздың Ақаев, Бакиев дейтін басшылары да кетті ғой. Әндіжанның биімен, құдалықтың буымен туыстасып жатқан жоқпыз ба?..дестік, біз.

Атамбаев пен Путинің достығы. Мәскеу де қырғыз сайлауына араласуда

Алмасбек Атамбаевтың ақ көбік ауыз боп айтқаны шетелдік БАҚ-тың контентіне айналды. Тенденция – Атамбаев пен Назарбаевтың арасы суыды.

Мысалы «BBC-дің» орыс тіліндегі сайты «Астанадағы бір кездесу үшін, Қазақстан мен Қырғызстан арасы суыды» деп жазады.

«19-қыркүейте Қазақстан Президенті қырғыз президенттігіне үміткер Өмірбек Бабановпен кездесті. Ал қырғыздың Сыртқы істер министрлігі бұл үшін Қазақстанға наразылық білдіріп, сайлауға ықпал ету әрекеті деп бағалады. Бабановтың Қазақстанға жасаған сапары, оның сайлаудағы басты қарсыласы, қазіргі Президент Алмасбек Атамбаевтың ізбасары Сауранбай Жиенбековпен арадағы дауды ушықтырды» деп жазады.

«BBC» бейтарап позицияны ұстанатын лоялды ақпараттық агенттік дегенімізбен, оның орыс тіліндегі қызметкерлері фактіні нақтылап алмапты. Президент Назарбаев пен кандидат Бабанов Астанада емес, Алматыда кездесті. Бұл екеуі Алматыда кездесіп жатқанда Алмасбек Атамбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Сочиде сөйлесіп отырғаны тағы бар.

Орталық Азия мәселелері бойынша сарапшы Аркадий Дубнов қырғыздағы сайлауға Мәскеудің бей-жай қарамайтыны айтқан.

«Россия не может быть не заинтересована в выборах в Киргизии хотя бы потому, что ей нужно иметь в Бишкеке власть, лояльную по отношению к Москве». Иә, Кремльге керегі сөзін өткізе алатын, ОА саяси процесстерді бақылау жасай алатын оңшыл президент. Путинге қолайлысы – Сауранбай болуы бек мүмкін деген болжам да айтылды.

Қолайлы демекші, Атамбаев пен Путин соңғы бір жылдың ішінде бірнеше мәрте жүздесті.  Тіпті, Ала-арчадағы ақ сарайда кездескен Атамбаев пен Путин ресми протоколды бұзып, құшақтасып жүрды. Е, бәсе, Ресейдің гимні ойнаған сәтте Атамбаевтың қолын жүрегіне жүгіртіп жібергені тағы бар. Бұл жестикуляция алты жылдың ішінде Мәскеу мен Бішкектің арасы қаншалықты жақындасып үлгергенін аңғартады.

Ашуға алдырған әділетті жауап

«Азаттық радиосының» қырғыз тіліндегі қызметі де қазақ-қырғыз қатынасына сынадай қағылған Атамбаевтың сөзін талқылапты.

Сөйтіп, қырғыз саясатшысы Равшан Жиенбековтің «Атамбаевтың айтқаны әділетті. Ашуға алдырған әділетті жауап» деген пікірін берді.

«Қазақ туғандар біздің ішкі мәселелерімізге килігіп, сайлау кезінде тура емес нәрселерге жол беріп келеді. Қырғыз президенті эмоционалды адам. Бірақ ол азырақ шектен шығып кетті. Мұны дипломатияның тілімен жеткізсе де болар еді. Назарбаевтың Алматыны мысал еткені үшін қырғыздың жаңа саяси жетекшілері кемсініп жатыр. Бұл ойдың ішінде «сендер кімсіңдер, керек болса Алматыға теңесе алмайтын мемлекетсіңдер» деген басыну бар. Алматы мен мен Қырғызстаның бюджетін салыстыруға келмейді. Өйткені ол мұнай, газ, бағалы метелл есебінен толықтырылып отыр. Бұл олардың билігінің игілігі емес. Алматыны қарқынды дамып келе жатқан Таллин, Вильнюс сияқты қалалармен салыстырса бір жөн», - дейді (Назарбаевдин Алматы шаарын мисал келтирип салыштыруусунун ичинде кыргыз мамлекетин жана саясий жетекчиликти кемсинтүү жатат. Бул ойдун ичинде "силер ким болуп калыпсыңар, керек болсо Алматы шаарына дагы тең келбеген мамлекетсиңер" деген басынтуу жатат. Бирок Алматынын бюджетин Кыргызстандын бюджети менен салыштырып болбойт. Анткени ал газ, мунай, металл сыяктуу баалуу жаратылыш ресурстарынын эсебинен толот. Бул алардын бийлигинин ийгилиги эмес. Алматы шаарын эч кандай жаратылыш байлыгы жок, бирок натыйжалуу өнүгүп жаткан Таллин жана Вильнюс сыяктуу шаарлар менен салыштырса бир жөн).

Ағылшын тілінде «Presstv.com» сайты «Қырғызстан ішкі саясатқа араласқаны үшін Қазақстанды айыптайды» атты мақала жария болды. Онда Президент Назарбаев пен кандидат Бабановтың кездесу сөз болған.

«Қазақстан (Қырғызстанмен салыстырғанда-ред.) Орталық Азиядағы ірілеу әм бай мемлекет. Ол да Ресеймен жақсы қарым-қатынаста. Алайда, Астана мен Бішкектің арасындағы саясат салқын. Оған себеп трансшекаралық сауда-саттық пен су ресрустарын пайдалану секілді мәселелер» (Kazakhstan, a bigger and wealthier Central Asian nation, is also a Russian ally, but relations between Bishkek and Astana have been rocky due to tensions over cross-border trade and the sharing of water resources), - деп жазады.

«Jamestown.org» қазақ-қырғыз арасында дау тудырған кездесу жайлы саяси шолуын жария етті. «Қырғыз сайлау алды шахмат тақтасындағы Назарбаев гамбиты» атты мақалада Бабанов СДП өкілі, Атамбаев мұрагері Сауранбай Жиенбековке қарсы тұрар қауқары бар бірден-бір кандидат – Бабанов екендігін жазады.

«Назарбаевпен кездескеннен кейін Бабанов нөпір сының астында қалды. Әсіресе сыншылар оны ел мүлкін шетелдік олигархтарға сатпақ болды деп айыптайды. Десе де, оның жақтаушылар көп» (After his talks with Nazarbayev, Babanov came under fierce attacks from various media outlets in Kyrgyzstan that lean toward the sitting president, Almazbek Atambayev (For.kg, September 20). Critics specifically accused him of scheming to sell out the country’s wealth to foreign oligarchs. Nevertheless, he is still widely recognized by many observers in Kyrgyzstan as the only opponent capable of defeating Sooronbay Zheyenbekov, the ruling Social Democratic Party of Kyrgyzstan (SDPK) nominee, who has been groomed by Atambayev), - дейді.

Ал «Мicetimes.asia» порталы «Путиннің достары арасында дау шықты. Назарбаев пен Атамбаев арасы суыды» атты мақала жариялады.

«Қырғыздың қазіргі басшысы Алмасбек Атамбаев Сочиде өтетін ТМД елдері басшыларының кеңесіне барудан бас тартты. Бармауының себебін «елдегі саяс науқан кезіндегі бейберекетсіздіктер» деп түсіндірген. Дегенмен, Атамбаевтың Сочиге барудн бас тартуы – Нұрсұлтан Назарбаевпен көріскісі келмеуі де негізгі себептердің бірі» (The current leader Almazbek Atambayev has cancelled his trip to Sochi for a meeting of the Council of heads of CIS States in connection with information about upcoming in the Republic of the riots, reports TASS. Also the reason may be the reluctance of the state to meet with Nursultan Nazarbayev, with whom he had a correspondence conflict), деп жазады басылым.

Түріктің «Mynet Haber» сайты да қазақ-қырғыз қарым-қатынасы туралы мақала жариялап, екі елдің арасындағы даудың білтесін тұтатушы Өмірбек Бабанов депті.

Жә, Атамбаевтың ақырғы сөзі осы мазмұндағы мақалаланың арқауы болды. Дейтұрғанмен «Назарбаев пен Атамбаев арасындағы дау» деген контенттің ең креативтісін – «Вечерний Бишкек» жазды.

«1 миллион қазақстандық Атамбаевты президент болуға шақырды» деген мақалада жоғарыда айтылған саяси тартыс туралы ақпараттар мен әлеуметтік желілердегі пікірлерді топтапты.

Түйін: Міне, өткен аптадағы Атамбаевтың қызды-қыздымен айтқанының ақыры осы болды. Сөздің түйінін түйе отырып, қырғыз тіліндегі мына бір учкул сөздүү айтқанды жөн көрдік.

«Бир туугандарыбызды, түгөйүбүздү, атабызды сүйгөнүбүз менен, жан кыйнылганда ар дайым оозубузга биринчи энебиз келет». Авторы кім екенін білмедік. Дегенмен, бір туған қырғыздың осы сөзін қазақшаға қотормасақ та түсінікті болар.

«Хан Кене мен Наурызбай батырдың қолына қарсы шапқан қырғыз манаптарының ішінде айыр қалпақты милықтата киіп алған орыс-казак жасақтары болды дейтін дерек бар. Сөйтіп ақырында ақ патша қырғызды қазаққа айдап салып дегеніне жеткен көрінеді. Әйтсе де, бірақ, қазақ пен қырғыздың іргесі бөлінген жоқ. Шоқан қырғыз тарихына шолу жасады. Енесай мен Алатоодың арасында көшкен қырғыз көшін "эпопеялық көш" деп атады." Манас жырын" қағазға түсіріп, ғылыми айналымға енгізді. "Ыстықкөл очерктерін" жазды. Мұхтар Әуезов Мәскеуде "Манас жырын" "буржуазияның жыры" деп бет қаратпаған Совет цензурасынан қорғап қалды. Жас әм талантты жазушы Шыңғыс Айтыматовты биікке көтерді. Сол Шықаң "нағашы жұртыма барып келейін" деп Алатаудың теріскей бетіне аттанғанда қазақ жазушылары алты қанат ақ боз үйін тігіп алдынан шығатын. Қала берді, қазақты қырғыздай жақсы көретін, қырғызды қазақтай бауыр тұтатын ел кемде кем. Міне, осындай арқа-жарқа елдің арасына Атамбаев сияқты оңғақ саясаткерлердің сөзі сына болып қағылмауы керек деп ойлаймын. Атамбаевтар келеді кетеді. "Сенің де кигенің ақ қалпақ, менің де кигенім ақ қалпақ, бетіміз біздің жап-жалпақ" деп қазақ-қырғыз аман-есен жүре берсін!». Бұл жазушы Дәурен Қуаттың жазғаны. Біздің де айтпағымыз осы.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

Автор

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Контент-редактор

Нұргелді Әбдіғаниұлы - ҚР Ақпарат саласының үздігі. Саяси шолушы.
22 пікір
...туяғынан қыранды қайырғысы келген саясат болып отырғаны да онда. 2017-10-14 14:16:43
-Кешіріңіздер қазіргі саясатта өзінше өте қауіпті, тіптен шекараның да қалыңдығын жұқалау саясаты болса, ол арандатушылыққа жол жоқ әрине.. Ел басының саясаты өте дұрыс, елді сақтау, елдің арандатушыларының саясаты бізге дарымай-ақ қойсын деген саясаты. Еліміз Жердегі болып жатқан , небір кибірлігі бар саясатқа жауап бере бермейтін саясат болса , әрине ол да дұрыс саясат... Дос болған саясатқа достықпен жүрген адамгершілік саясат бізде.. Ал достықты пайда көзіне көздеп жұмсап, адами адамгершілікті ысырып қойса , ол тырнақ астынан кір іздей отырған сатқындығы бар интригашыл саясат.. Достық қай кезде де болмасын, қашандада болсын, имангершілік диалектикалығы амангершілікпен астасқан -бірлігі үшін, адамдық , қымбаттылығы бар жақсы қасиеті үшін керек - тек сондай достығы бары керек, берік саясаты бары керек- бұл дүниеде.!! Дос сол үшін де жаралып, керек болғаны.Бір -біріне адам ретінде,сену үшін, майда шуйделікпен сені сатпай, жан тәнімен ,көмек берген, жан тәнімен қоршайтын адалдық үшін керек.. Ал ендеше тек пайда көзін көздеп, сен де бер, мен де берем,, сен ал да мен де сондай пайда іздеймін десе, ондай болмаса мен саған қас бола қаламын десе, ол шынайы достық емес, тек есеп -қисапқа шеберлік танытқаны , экономикаға ғана ұста болып , соған ғана жақынмын дегені . Есептесең де, есептемесеңде Жер диалектикасы бар екенін ұмытпағанымыз жөн деген екен баяғыда- ақ дана СЕНЕКА адамымыз... Экономиканы көтеру үшін, оның қатар жалғастарын да / әлеуметтілігін, фалсафилығын,руханилығын, адамгершілігін/ бұлжытпай рухани адамгершілікпен алып жүрген саясат күшті саясат екен деген еді.. . Ендеше күштілігі жоқ есеп пен қисапқа мол- халықтың назарын дұрыстыққа емес, бұрыстыққа апаратын апалогетшіл, өсек- аяңды тыңдататын интригашыл саясат тек ызаландыру саясаты екен, аяғы іштей тындырып жүрген- жанын жеген саясатын орындағаны ғана болғаны.. Ондай ұсталыққа мол саясат, екеу арада, келісім шарты да бейбітшілік үшін,бола береді,болып та есептеліне береді екен,бұл саясатта сондай болғаны. Онсызда сол саясатпен , бірақ адамгершілігіде бар саясатпен байланысудамыз барлық елменен.. Ал қандастығымызды, бауырластығымызды еш бір адам да алыстатата алмас та болғаны .. біздер атам замамннан бірге дос та , бауырласпыз ғасырлар бойынша да , ДНК да бойынша. Ендеше ол саясат дау- дамайлыққа жаралса, онда не шара, әркім өз жазасын өзі алар, бірақ халық бұл жерде барлығын түсінуде болар ендеше, бізде де жазық жоқ екенін..!!! Еліміздің билігінің дұрыстығын айта алмасақ та онда қандай адамгергшілігіміз болғаны . Ел билігі әр уақытта қазір дұрыс жолда, еш болмаса ненің не екенін түсінуде., ол үшін тек еңбектеніп, біліммен де жол аша берсек дегені,барлық адамзатқа түсінікті тірлік, еш қателігі жоқ тірлік. Ендігі жол ақылды қала мен ақылды заттардың көп болғаны ғана емес, соны өзіміз ойланып табуымыз керек дегені де , есеп қисаптықпен емес, жан дүниенің рухтылығымен айтуда, сөйтіпте баиимыз деп, айтуда, ендеше, ол ойлы сөздер бізге жақын, біреудің қисық есептеіштігі бар саясаты емес, қырғыз елімен бауырластығымызға да сызат түсірмес, агрессияны бастаған адам ғана агрессияшыл болғаны... ол көздеген саясаты... Ол саясат таза емес саясаттың жүргені де онда, Капитализмнің жазығы жоқ саясаты да болғаны да -тектілерді тегінен айырғысы келген , туяғынан қыранды қайырғысы келген саясат болып отырғаны да онда. Аймен аталас емеспіз, күнмен талас емеспіз, басқа да даналарымызбен де таласқан адамдар емеспіз,бірақ бұл саясатқа ерсе халық, оның қасиетті ұрандары әлі күнге дейін айтқаны , бірлік бар жерде тірлік бар деген сухой сөз болғаны да, ой түбінде арала алмай, аңдамай басқаны да онда!!?
пенсионер 2017-10-13 11:17:35
Бекжан! Осы жолы саған осы жолы толықтай қосыламын. Бірақ Нанның оның жанындағылардың халыққа жасап жатқан қиянаты елді өзіне қарсы қойып алды. Бұл өте қауыпты. Тіпті осы кикілжіңді пайдаланып , жалған патриот боп, шек аранып жап деп жатыр. Менің ше бұл барып тұрған арандатушылыө
Таңым бар 2017-10-12 21:17:34
Бекжан деген делқұлының осы сияқты сайттарда сөздердің буындарынан ертегі "тарих" құрастырып жүретін Қожырбайұлы деген ақылы шектен асып берекесі кеткен фантазер екенін әлі күнге дейін білмей жүргендеріңізге таң қалып отырмын.
Атамбаев азық-түлік қымбат екенін ұмытып кетіпті 2017-10-12 14:22:13
https://www.nur.kz/1644789-dorogoy-almaty-kak-v-yuzhnoy-stolice-izm.html
DANA QAZAQ 2017-10-12 14:03:37
https://hightech.fm/2017/08/01/roof
DANA QAZAQ 2017-10-12 13:57:04
НАМ ИХ НИКОГДА НЕ ДОГНАТЬ...........https://hightech.fm/2016/04/20/e_bikes
Қыртқа ! 2017-10-12 11:56:35
Бегжан деген қаясын қыртқан сәуселім екен ? !
DANA QAZAQ 2017-10-12 11:52:26
Мiне неге елiмiзде БАРДАК ........http://newtimes.kz/bez-kupyur/item/60488-5-raz-v-den-chitayushchij-namaz-astanchanin-pokhvastalsya-bylymi-seksualnymi-pobedami#
DANA QAZAQ 2017-10-12 11:51:39
МIне неге елIмIзде БАРБАК ........http://newtimes.kz/bez-kupyur/item/60488-5-raz-v-den-chitayushchij-namaz-astanchanin-pokhvastalsya-bylymi-seksualnymi-pobedami#
DANA QAZAQ 2017-10-12 04:57:40
ОСЫ ЕВРЕЙЛЕР МЕН ОРЫСТАН КУТКАРА КОР АЛЛАТАГЛА ЕЛДI ЕЛГЕ АЙДАП САЛЫП КАРК КАРК КУЛIП ОТЫРАТЫН.
Түңілген 2017-10-12 01:27:25
Бекжан, сені бір ақылды адам шығар деп ойлаушы едім! Аспанға қарап отырып, рахаттанып тарих шығаратын фантазер екенсің! Қырғызша "Чоң" деген сөзді қазақшаға аударсақ "үлкен" деген сөз шығады. "қыр" деген сөз қазақшамен бірдей, "биік" немесе "доңес жер" деген сөз. Қазақша айтқанда, "үлкен қыр" болады. Яғни "Биіктау". Оның қазақша "Жоңғар", орысша Джунгар" сөзімен еш байланысы жоқ. Сосын, көшпелі халықтардың еркек кіндіктілердің бәрі қара жұмысқа нөл болып, тек қырып-жою ғана қолдарынан келгендіктен, кім әскер жинап соғысатын болса соларға жалданып, әскер қатарында жүріп тамағын асыраған. Себебі, қазақтың қара жұмысқа икемі болатындай қазақ жерінде өндіріс ошақтары, зауыт-фабрикалар болмаған. Сондықтан, тек қырғыздар ғана емес, қазақтар да жоңғардың әскерінің қатарында жүріп өз қазағын қырумен айналысқан. Оның дәлелі кешегі "Октябр Революциясы" және Голощекиннің "Қазақстандағы Екінші Октябрь Революциясы" кезіндегі "Шолақ белсенділердің" өз халқын қынадай қырып, өз еліне жасаған хайуандықтарын айтсақ жетіп жатыр емес пе? Оған сенбесең, күні кешегі көзалдмызда Жаңаөзенде өз қазағымыз Адай тайпасын 21-ші ғасырда автоматпен қырғанын кезкелген ведиодан көрсең болады. Атамбаевтың фашистен жаман биліктің шындығын айтқаны үшін күллі қырғыз халқын қаралаудың саған қанша қажеті бола қалды? Өз еліңнің билігінің күнде көзіңмен көріп отырған шындығын айтса да мойындамайтын сен де қандай бетпақ едің? Бекжан, сен саясатта жаңылыспас үшін Мақсұттан сабақ алсаң адаспайсың!
АЛТЫН ОРДА /АРМАН/ 2017-10-12 01:00:55
БЕКЖАН! деген екіжүзді құйыршық! Қырғызды жоңғар деп оттамай отыр! Қырғыз Енисей бойынан көшіп келген халық.
білгіш 2017-10-12 00:14:45
Біздің ел басшыларының өз қателігін әлі мойындамай отырғандығына таң қаламын.Атамбаев айтты қойды,ауыз өзінікі не айтсада өзі біледі оған бола неменеге шыр-пыр боламыз.Қырғыздарға басқа жағынан қыл бұрау салу керек мойындарына.
Бекжан 2017-10-11 22:33:18
Қырғыз кешегі жоңғардың тап өзі! Қазақты қырған кешегі жау жоңғардың ұрпағы осы қырғыз. Қырғыз тарихшыларыда "Жоңғар хонтайшысының әскері қырғыздар болғанын" мойындайды. Сол Хонтайшының қырғыз екенінде дәлелдеп жүрген кәзіргі қырғыз тарихшылары. Мына Қырғызстан деген аймақ Жоңғар шапқыншылығынан кейін пайда болды, оған дейін қырғыз деген халық ол жерде еш болмаған. Жоңғар емес ол мемлекеттің өз атауы, ол Чоңқыр деп аталған мемлекет! Чоңқыр - үлкен Қырғы елі деген мағына береді. Қазақмұнайгаз орнында Қазмұнайгаз дейді ғой, осы тәрізді Чоңқырғы орнында Чоңқыр. Осы атауды Джунгар етіп тарихқа енгізгенде, қырғыздың осы жерге кеше ғана келген сол жоңғар екенін жасырып, керісінше қазақ даласыда қырғыздың мекені және қазақтар кейін келгендер деп бұрмалаған Ресей. Атамбаев болсын басқа болсын, тіпті сол Бабанов болсын, қажет болса қазақты Ресейге сатып кетеді! Осыған күмән болмасын. Өйткені қырғыздар Ислам дінін кеше ғана 17 ғасырда қабылдады (қазақ оған мұсылман болғандықтан тимеді). Осы себептен оларда мұсылмандық қасиеттер нашар дамыған, керісінше кәпірлік қасиеттері жоғала қоймаған деу орынды, орысша айтсақ "чувства долга" деген жоқ, ал "вероломства" дегенге жақын тұрады. Кенесарыны жоқ еткен кешегі манаптар мен бүгінгі қырғыз атқамінерлерінің арасында еш айырмашылық жоқ. Путинге осы себептерден Қырғызстан өте қажет. Қырғыз басшысын сатып алу оп оңай олар үшін. Атамбаев егер өз адамы Президент болса Ресейдің әскери базасын аштырамын деп уаде беріп келді Путинге. Осы уадесіне сай Путин оған Назарбаевқа қарсы не айтсаңда еркің білсін деген болар. Өйткені қырғыздарды көрші елмен қорқыту арқылы өз адамын Президент еткісі келеді Атамбаев. Ондай қорқынышты ел ретінде Өзбекстанды таңдауға қорықты Атамбаев, өйткені Ош аймағын түгел мекендеген өзбектерді жау десе ертең сол аймақтан айрылып қалуы мүмкін. Тәжікстан қорқынышты ел ретінде таңдауға келмейді, ол Қырғызстандай ғана қауқары бар мемлекет. Қазақстан болса "қорқынышты көрші мемлекет" ретінде таңдауға қолайлы ел. Өйткені Қазақстан Қырғызстанға қарағанда қуатты мемлекет, қазақ байларының қаражаттарыда Қырғызстанда жұмыс жасауда, Қырғызстанда тұратын қазақтар өте аз, және Бабанов тәрізді кей қырғыз атқамінерлерінің шынында Қазақстанмен байланыстары бар. Осындай себептерден сайлау басталмай жатып Атамбаев партиясы "қауіпті көрші мемлекет" ретінде Қазақстанды таңдап қойған. Атамбаев осы себептен соңғы жылы бірнеше рет Қазақстан билігін сынға алуын байқатты. Ол Путинге барып, оны "Қырғызстан қажет болса Ресейдің Орта Азиядағы қарғылы иті болуға дайын екеніне" сендіріп келді деу орынды. Егер кәзіргі Қырғызстан премер министрі айтқаны рас болса, онда осы сайлаудан кейін Қырғызстанда Ресейдің үлкен әскери базасы пайда болады. Осы әскери база Ресейге Орта Азияны және бастысы Қазақстанды қайтадан өз уысында ұстауға, қажет болса Қазақстанды басып алуына мүмкіндік береді. Анау Закавказеде "Ресейдің қарғылы иті" болып отырған мемлекет Армения, Қырғызстан Орта Азияның "Армениясы" болғысы келді Ресей үшін. Сондықтан Назарбаев бар күшін салып осы қауіпке қарсы шара жасап жатыр, оның ашық түрде Бабановты қолдауыда дұрыс шешім. Назарбаев осы ісімен Путинге ашық қарсылық көрсетті, өйткені Назарбаев соңғы жылдары ғана Путинді ешқашан "дос" ете алмасын және Путинннің есіл дерті "қалайда қазақты орыстандырып жерімен бірге Ресейге қосу" екенін түсінді. Кеш болсада түсінді, осы себептен шұғыл түрде латын графикасын енгізуді және рухани жаңғыру жобасы арқылы мемлекетті қазақыландыру ісін қолға алды. Сондықтан "Назарбаевтың қырғызда несі бар" деуіміз қателік. Шабуылды бірінші бастаған Назарбаев емес Атамбаев және ол шабуылын сайлау болмай жатып бізде Экспо өтіп жатқанда бастап кеткен болатын. Назарбаев әліптің артын тосып "мүмкін Атамбаев райынан қайтар" деген болар, үндемеді. Атамбаев шабуылын өршітті, ол Қазақстанды жау етіп көрсету арқылы өз адамын Президент етпекші, Атамбаев Қырғызстанды Ресейдің Орта Азиядағы әскери тоқпағы, әскери плацдармы етпекші. Евразиялық Одақта Қырғызстан мен Армения әрдайым Ресейдің айтқанымен жүретін болады, егер Лукашенко кетсе Беларусияда сондай ел болады. Бұл Қазақстан қиын ж ағдайларда қалуы мүмкін деген сөз, үміт тек Өзбекстан мен Тәжікстан Ресейге "сатылып кетпесе" деу. Олар солай істесе Ресей бірінші Қазақстанды сосын кейін ақымақ қырғызды және өзгелерінде бағындырады болашақта.
Мақсұт 2017-10-11 21:02:07
Біздің парзидент араласпайтын іске араласты. Айдаладағы Бабановта несі бар, кәріліктің кейде адамды даналыққа емес, балалыққа да апаратыны бар. Алмасбек Атамбаевтың айтқаны жалған болса -арандату болар еді, бірақ Ол шындықты айтты. Оның орнында осы сөздерді басқа біреулер айтса- осыншалықты мәні болмас еді, олсызда бұл бүкіл елге белгілі ақиқат. Бірақ оған ұялған, аранын тежеген, қанағат еткен біздің Билік бар ма? Алмасбектің бұл шабуылын ерлік пен өрлік -деп бағалауға болады. Бірақ осыдан кейін бідің елдегі жемқорлар мен әділетсіздер айылын жыйса, елдегі можантопай қорқақ халық бірдеңе түсініп, намысы оянса? Әй, бірақ...қайдам, шымбайына ши жүгіртсе де селт етпейтін сорлылармыз ғой.
Алаш ұланы 2017-10-11 18:53:54
Халқымызда: " Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады" деген тәмсіл сөз бар. Нұргелді баурым оған несне шыр-пыр боламыз, БИЛІК басындағы ат төбеліндей адамдардың қазақ жернің асты мен үстіндегі байлығын 26 жылдан бері СҮЛІКТЕЙ СОРҒАНЫ өтірік пе? қалай ғана өтіріктен - өтірік қарапайым қалықты алдағыларың келеді, мен таң ғаламын сендердің осы екі жүзді қылықтарыңа! жоқ сендерден басқаның бәрі еш нәрсе білмейтін НАҚҰРЫС деп ойлайсыңдар ма? МҰНАЙдың үстінде отырмыз, ақшаға көшеден БЕНЗИН таба алмай жүрміз, осыны өтірік деп айтып көріңізші? шұлық пен ұлтарақты ҚЫТАЙ мен ҚЫРҒЫЗДЫН тасыймыз, адам деген бір ұақыт ұйалыу керек қой.....
жолан 2017-10-11 18:47:04
Орыстың Қортық патшасынан бастап, ит күшіктері Қазақты қанша қорлап намысымызды жер етті. Бірақ қыңсылаған кəндектей, құйрықты бұтқа тығып, үн шығара алмадық. Ал Қырғызға Президентен басқамыз атойлап, бас салдық. Мықтылықты күштіге көрсеткен дұрыс.
Серік Н 2017-10-11 17:39:38
Нұргелді, мынауың үлкен шолу. Сенен болашақта үлкен саяси шолушы шығады. АЛҒА!!!!
DANA QAZAQ 2017-10-11 17:28:07
Германия получила больше половины энергии от возобновляемых источников............................https://twitter.com/Sustainable2050/status/917617754835968000
тТт 2017-10-11 16:54:24
Атамбаев осы айтқаны екі елге дүрбелең туғызатынын білмеді емес, білді.Бірақ айтты,анығырағы айтуға мәжбүр болды.Осы жерде «бұл кімге тиімді» деген сұрақ туады.Қазақ мен қырғызға мұның керегі жоқ.Ұзақ уақыт интернетте салғыласып жататын керауыздардың пікірі,мемлекет басшыларының сөз қағысы осының бәрі пісіп жетіліп тұр, енді президенттің аузынан осыған от беретін сөз шығару керек.Мұны Атамбаев айтқысы келмеген де шығар.Осы сөз айтылардан сәл алдын оның әріптесі көлік апатынан мерт болды.Сөзіміз ауыр болмасын,Атамбаев «егер Жұмақадыров сияқты мүрдем кетпесем....»деп сөз айтты.Осынысымен оқиға кездейсоқтық емес екенін аңғартқан сияқты.Осы қаза оны «үрейлендіру»мақсатында ұйымдастырылған болса ше...Неде болса, туыс екі халықтың тістесуі сыртқы күштерге керек.Тап осы жерде қырғыз бен қвзвқ халықының ұстамдылық пен ақылмандығы сын сағатта тұр.
жəй Қазақ 2017-10-11 16:49:26
Орыс Қазақ пен Қырғыз ғана емес, бұрынғы СССР Елдерін əуелі бүткіл Əлемді бағындырсам деген Агрессор. ҚР, Алматыны Қырғыз бен неменеге салыстырдық, ұят болды. Ал Атамбаевтікі шындық, Ең ақсақал Президент бізде, Елдің дамыған рас болса, əлеуметтік жағдайда жоғары болсын, қайдағы кедей Қырғызбен қарайлас болмай. Кəзіргі доллар мен бензин анау ұшып тұрған, енді жалпылай қымбатшылық артпақ. Оның үстіне ҚР-да ұрлап жатқаны да рас, əйтпесе Мем.қызметкерлер қалай Миллиардер болады (мың рет миллионер). Қайта сорлы Қазақтың айта алмай жүргенін Атамбаев əлемге жəрия етті. Осымен бұл əңгімені доғарған жөн, ақталам деп артты ашып аламыз.
Айна 2017-10-11 15:38:51
Тфуууууу қазақққа не айтсаң да көтере береді Бәрібір сол қырғызға миллиардтап ақша бере береді Біздің ақ орда халықтың қаражатын әркімге бір оңды солды шашудың шебері Қаншама есепсіз кеткен қазақтың ақшасы ішің ашиды Бірақ Атамбаев дұрыс айтқан Бізге осындай мемлекетін ұлтын жоғары қоятын елбасшы керек ауадай қажет тіпті

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7954
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 15306