Жексенбі, 22 Қазан 2017
Қазақтың тілі 1157 39 пікір 12 Қазан, 2017 сағат 08:46

Қазақ қанды әліпби жобасы

Бүгінгі таңда ұсынылған жүзден астам әліпби жобасын жинақтап, жүйелейтін болсақ, оларды кірме дыбыстармен ішінара ымыраластырылған әліпби, кірме дыбыстармен мүмкіндігінше толық ымыраластырылған әліпби, түркі кеңесі ұсынған ортақ түркілік әліпби жобасы және төл дыбыстарымызды бейнелейтін таңбалардан құралған таза ұлттық дәстүрлі әліпби жобасы қатарлы нұсқалардың бар екендігі белгілі болып отыр. Әрине, бұл нұсқалардың бәрінде де барлық ұлттарға ортақ қолданылмалы дыбыстар төңірегінде күрделі мәселе жоқ деуге болады.

Алайда мұндағы ең маңызды түйіншек кірме дыбыстар мәселесі болып отыр. Оның ішінде жаңа әліпбиімізге  «v, f, h қаріптерін қосу қажет сияқты» (Мырзаберген Малбақұлы) дегендей сыңайлар белең алуда. Сонымен бірге «ежелден бері келе жатқан ортақ сөздік қорда ф, х қаріптерімен жазылатын сөздер ерекше мол» деген уәждер де жиі кездеседі. Егер біз бүгін «ф» мен «в»-ны қимасақ, ертең «ч», «щ» мен «ц» - ны әліпбиімізден іздейтін боламыз. Сондықтан кірме дыбыстарды жаңа латын әліпбиімізден түбегейлі аластауымыз керек. У мен И - дің дауыссыз дыбыс екенін білмейтін “профессорлар” мен “академиктеріміздің” бұл мәселедегі ұстанымы «тағылымшылдықпен» көзге түсіп жүргендігі жасырын емес. Бұл тұрғыда тіл ғалымы Ә.Жүнісбектің сөзімен айтқанда, «әлеми жазудың тәжірибесіне қарасақ, ешбір мемлекет, ешбір халық кірме дыбыс үшін арнайы таңба ойлап таппайды немесе сол кірме дыбыстың төркін таңбасын алмайды. Таңбаны сол өзінің төл әліпбиінің ішінен қарастырады. Кірме дыбысқа сол дыбыстың төркін таңбасын қоса алу деген бұрынғы кеңес түркі республикаларында (оның қақ төрінде өзіміз бармыз) ғана болды».

Егер біз кірме дыбыстарды әліпбиімізге енгізетін болсақ, онда 1929 жылы ц дыбысына байланысты бір ғана ереже болса, ал 1938 жылы ц дыбысына байланысты тағы бір ереже қабылданғаны сияқты немесе 1938 жылы ю әрпіне байланысты ереже толықтырылғаны секілді қосымша емле-ережелер қаптап кететіні даусыз. Бұлай кірме дыбыстардың таңбалануын қосалқы ережелерде көрсететін болсақ, онда жаңа әліпбиге көшудің ешқандай қажеттілігі қалмайды. Сондықтан бір әліпбиде бір ғана емле ережесі болу керек деген заңдылықты қатаң сақтау қажет. Өйтпегенде біз тағы да қателікке бой алдырамыз да ана тіліміздің дәстүрлі жалпақ тілдік әуез-мәнерінен біржолата айрылып қаламыз. Сол себепті қабылданатын жаңа латын әліпби жобасын кең көлемді талқылаудан өткізу керек. Осы барыста «өлеңге әркімнің де бар таласы» демекші мен де өз талғамым бойынша ұлттық дыбыстарды таңбалаған әліпби жобамды көптің назарына ұсынып отырмын.

Бекқожа Жылқыбекұлының әліпби жобасы

Bvkhozha Zhelhebekuleneng clipbiy zhobase

 

кирилше лат. кирилше лат.
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

А а

Ә ә

Б б

Ғ ғ

Г г

Д д

Е е

Ж ж

З з

Й й

Ққ

К к

Л л

М м

А a

С с

B b

F f

G g

D d

V v

Zh zh

Z z

Y y

H h

К к

L l

M m

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Н н

Ң ң

О о

Ө ө

П п

Р р

С с

Т т

У у

Ұ ұ

Ү ү

Ш ш

Ы ы

І і

N n

Ng ng

O o

Q q

P p

R r

S s

T t

W w

U u

J j

X x

E e

İ i

 

Бұл әліпби жобасының ерекшелігі: Жоба кірме дыбыстардан ада-күде арылып, негізінен «бір дыбыс – бір әріптік» ережені сақтады. Дыбыстарды таңбалаған кезде таңбаның қосарлануы мен асты, үсті белгілері болмау жағы қарастырылды. Әсіресе, өткен күндердегі жазу ауыстыру «науқанынан» сабақ алып, А-Ә, О-Ө, Ғ-Г, Қ-К, Н-Ң қатарлы ұлттық төлтума дыбыстарымыздың таңбаларының бір-біріне өте жақын деңгейде ұқсап қалмауы көзде ұсталды. Өйткені дәл осылай істегенде ғана бір-біріне жақын әрбір жұп дыбыстардың бір-бірінің орнына қолданылып кететін бұрынғы қателіктерімізді қайталамайтын боламыз. Сонымен бірге ұлттық төлтума дыбыстарымызға таңба белгілегенде дәл қазіргі кезде пернетақтада бар латын әріптерін пайдаланып дыбыстарды таңбалау жағы ескерілді. Өйтпегенде көптеген әурешіліктер туындайтындығы сөзсіз. Ал талас-талқы мен ой-толғам жарысы оқырмандар жағынан бола жатар деген ойдамын.

Бекқожа Жылқыбекұлы, Л.Н.Гумилев атындағыЕуразия ұлттық университетiнің доценті, ф. ғ. к

Abai.kz

 

 

 

39 пікір
тТт 2017-10-15 17:49:18
Е мен Ы ның орнын ауыстыру керек.Қалғаны біршама дұрыс сияқты.Есенғали сонда,vsvngali бола ма,ол сыпқыртып боқтайды ғой.
Гүлназ ж 2017-10-14 18:49:23
Ә-ә нi қалдыру азербайжан сияқты. Ө,û,ü,q,ї,ń,түрiктiң ы ғ әрпiн алу
Алаудин 2017-10-12 21:08:09
Қазақи иісі аңқып тұрған осы жобадан артық жоба болмас. Елбасымызға осыны ұсыну керек.
DANA QAZAQ 2017-10-12 19:34:36
1.A --- A 2.Ә --- Av 3.Б --- B 4.Г --- G 5.Ғ --- Gh 6.Д --- D 7.E --- E 8.Ж - J 9.З --- Z 10.И --- U 11.K --- K 12.Қ --- Q 13.Л --- L 14.М --- m 15.Н н --- N 16.Ң --- Nh 17.O --- O 18.Ө --- Oh 29.П --- P 20.Р --- R 21.С --- Ss 22.Т --- t 23.У --- Y 24.Ұ --- W 25.Ү --- Yh 26.Ф --- F 27.Ш -- Ch 28.Ы – Ih 29. і --- I i
мұрат 2017-10-12 18:42:05
көп кешіктірмей ауысып алсақ жөн болар еді деп қоямын, балаларымыз төл әліпбимен сауат ашып отырса керемет қой.
Қасым 2017-10-12 18:41:20
Біраз әурешілік пен қиындық болары анық, бірақ басты мақсат рухани жаңғыру. Ұрпақтың ұлт пен тәуелсіздіктің қадірін білгені"
Серік 2017-10-12 18:40:43
Ең бастысы төл әріптеріміздің сақталғаны, ал ұсынылған екі нұсқаның екеуі де жаман емес.
сұлу 2017-10-12 18:40:18
латын әліпбиі ол даулы тақырып, халықтың барлығына бірдей жағатын нұсқа бар деп ойламаймын, сондықтан ғылыми тұрғыдан дұрыс деп тапқанын қабылдасақ жөн болар еді ау.
Арқа қазағы 2017-10-12 18:35:47
Бірден білініп тұр тіл ғылымынан еш хабары жоқ екені. әліппе жарияламас бұрын онымен жазып көрмей мекен. Сонда қалай: Amvryka, Pvtropabl, Vwropa бола ма?
Жазира 2017-10-12 17:23:54
Рас бұған дейін де бізде латын қарпі болды емес пе? Оны қайта қолға алудан секемденідің қажет жоқ.
Байкулов Мухит 2017-10-12 15:33:00
Байкулов Мухит жасаған Қазақ әліпбиінің жобасы 1 Аа Aa 16 Нн Nn 2 Әә Ah 17 Ңң Ng 3 Бб Bb 18 Оо Oo 4 Вв Vv 19 Өө Oh 5 Гг Gg 20 Пп Pp 6 Ғғ Gh 21 Рр Rr 7 Дд Dd 22 Сс Ss 8 Ее Ee 23 Тт Tt 9 Жж Zh 24 Уу Uu 10 Зз Zz 25 Үү Uh 11 Йй Jj 26 Ұұ Ww 12 Кк Kk 27 Шш Sh 13 Ққ Qq 28 Хх Kh 14 Лл Ll 29 Ыы Yy 15 Мм Mm 30 Іі Ii Zhobany zhasagan Bajkulov Mukhjt
Гүлмарал 2017-10-12 15:02:59
Отарлау заманында қазақ зиялы қауымы төл әріптерімізді сақтап қалған. Енді ай-күніміз аманында бұлай біріктірген болмас. Соңғы апострофпен жасалғаны дұрыс сияқты.
Қатипа 2017-10-12 14:57:18
Төл әріптерімізді ұқсас екен деп қосып тастасақ,оқу кезінде қиындық болмайма? Әсіресе шала қазақтарға
Асылым 2017-10-12 14:53:53
Барлық мәселе төл әріптерге келіп тіреліп тұр ғой. Меніңше жарияланған соңғы үлгі барлығына қолайлы сияқты
Бақытжан 2017-10-12 14:51:24
Әліпбиіміз ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпей, бір жүйеге тұрақталса дұрыс болар.
Жанашыр 2017-10-12 13:31:14
Жоба сәтті шыққан, негізгі нұсқасын әлі де толықтыра түскен жөн деп ойлаймын. Бір әріп (дыбыс) бір таңба қағйдасын қолдаймын!
Marat 2017-10-12 12:32:49
Латын әріптеріне көшу туралы ел арасына қызу талқыға түсіп жатыр.
Гарри 2017-10-12 12:30:12
1940 жылдары біздің қазақтар латын әріптерін қолданған, демек, біз қайта латын әріптеріне көшкелі жатырмыз.
Параплан 2017-10-12 12:28:41
Мұғалімдерді дайындықтан өткізіп, латын әріптерін ертерек енгізіп жіберген дұрыс болады.
гость 2017-10-12 12:26:10
Өзіміздің қазақ тілін одан әрі дамытамыз десек осы латын әріптерін қабылдауымыз керек.
аноним 2017-10-12 12:24:05
Әліпбиді құрғанда барлық сала мамандарын жұмылдыру керек.
DANA QAZAQ 2017-10-12 12:23:20
1.A --- A 2.Ә --- Av 3.Б --- B 4.Г --- G 5.Ғ --- Gh 6.Д --- D 7.E --- E 8.Ж - J 9.З --- Z 10.И --- U 11.K --- K 12.Қ --- Kh 13.Л --- L 14.М --- m 15.Н н --- N 16.Ң --- Nh 17.O --- O 18.Ө --- Oh 29.П --- P 20.Р --- R 21.С --- Ss 22.Т --- t 23.У --- Y 24.Ұ --- W 25.Ү --- Yh 26.Ф --- F 27.Ш -- Ch 28.Ы – Ih 29. і --- I i
gudok 2017-10-12 12:22:08
Бастысы әұқөңі деген әріптеріміз сақталса жақсы болғаны.
vodenoi 2017-10-12 12:20:48
Латын әріптеріне өтіп жатсақ - қазақ тілі дами түседі.
Ereke 2017-10-12 12:19:00
латынша әріптерге өтуді қолдаймын, бұл біздің болашағымыз үшін керек.
Samsunk 2017-10-12 12:16:03
Латын әліпбиін ата бабаларымыз оқығаны рас енді, біз қайта латын әріптеріне оралып жатырмыз деп айту дұрысырақ болады.
Nekropolit 2017-10-12 12:15:01
Негізі біз көне тарихи әліппемізге оралып жатырмыз.
Гүлжан Мұқатайқызы 2017-10-12 12:11:07
Ана жолғы ссылканы Алаш азаматтары қолданған қарыптермен салыстырып,қолданса болар еді.Қанша қашсаң да ф,ч,ю,я,ц э әріптерінен қашып құтыла алмайсың.
DANA QAZAQ 2017-10-12 11:58:23
26. Шш -- Sh...........13. Лл -- L ................
DANA QAZAQ 2017-10-12 11:54:03
Ана жолгы галымнын ссылкасын салындаршы..................
ҚАЗАҚ 2017-10-12 10:45:20
БҰЛ ЖОБА ДҰРЫС ЕКЕН ТЕК ,Ә,Е,Қ,Ө,Ы, ҚАРІПТЕРІН ӨЗГЕРТУ КЕРЕК.
Комбо 2017-10-12 10:31:17
Кирилше дегені бір түрлі екен. Қойсяйши деген сияқты)))))
Где Френсис?! 2017-10-12 10:28:53
Ренжмимендер мен әлі латынды үйренген жоқпын сол себепті кириллицамен жазамын. А так на вид әдемі екен
Айкош 2017-10-12 09:58:28
Меніңше апостраф нұсқасы жақсы. Өйткені жеңілікрек көрінеді
DANA QAZAQ 2017-10-12 09:55:15
Ә ә -- Cc мынауныз ендi баска симайды. Ана жолгы галымнын ссылкасын салындаршы мен тападым.
DANA QAZAQ 2017-10-12 09:47:34
8. Ж ж--Zh zh..........мынау дурыс.
DANA QAZAQ 2017-10-12 09:45:42
.........7. Eе - E...........11.Ққ -- Kh .........16.Ң ң --Nh.............27. Ыы -- Ih..........
zhazep kqrvyin Жазып көрейін 2017-10-12 09:22:13
Oy, menaweng holayle vkvn, ose nushane alfan dures bolar! Ой, мынауың қолайлы екен, осы нұсқаны алған дұрыс болар!
Serik 2017-10-12 09:04:39
Ote jaksi jasalgan joba. Osini alu kerek. Pernetaktada barlik arip bar. Kayta jasap shigindaluding keregi jok.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7954
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 15306