Жексенбі, 22 Қазан 2017
Анық 2430 3 пікір 13 Қазан, 2017 сағат 02:48

Қырғыз премьері Назарбаевпен келіссөз жасаған жоқ

Бұл өзі бір бейсауат саяси тартыс болды. Қоңшылас жатқан қазақ-қырғыздың арасындағы сөзтартыс әлі тыншыр емес. Тыншытпай тұрған Атамбаев бастаған қырғыздың саяси элиталық топ мүшелері. Сөзден сүрінді. Жалған мәлімет таратты.

Әуелі, біртуғандардың білдей басшысы, қырғыздың төртінші президенті Алмасбек Атамбаев қызды-қыздымен өзі ағалап-жағалап жүрген Қазақстан Президентін тілдеп, одан қалса қазақ тарихы туралы бұрмаланған әм шындыққа жанаспайтын жалған мәлімдеме жасап еді.

Атамбаевтың айтқаны күллі қырғыздың аузындағы сөз емес

Атамбаевтың аузындағы сөз күллі қырғыз жұртының аузындағы сөз емес деп сылап-сипағанымызбен, бұл халықаралық масщтабта талқыланды.

Саясаткерлер Атамбаевтың айтқандарын саяси науқанға балап, партияласын әм премьерін президенттік креслоға отырғызу үшін жасалған тұяқ серпер әрекеті деп бағалағанымен, батыстық басылымдар Назарбаев пен Атамбаевтың арасы суығанын айтып жарияға жар салуда.

Ақырында Атамбаевқа жауапты Қазақстан Үкіметін басқаратын Бақытжан Сағынтаев мырза жауап беріп, жауап дегенде ұзын-сонар есептік тізім жасады. Ал Атамбаев Ресейдің Сочиінде өткен ТМД басшыларының саммитіне бармай қойды. Бұған да себеп сол баяғы Алмас байкенің Назарбаевқа деген өкпесі болса керек. Премьер-министрі Сапар Искаковты жіберіп, өзі сайлауалды науқанды бақылап қалды.

(Сапар Искаков, Қырғызстан Премьер-министрі)

Президенттер Сочиде жүргенде Қордайдағы қазақ-қырғыз шекарасында келеңсіздіктер орын алып, бақылау күшейді. Бұрынғыдай артынып-тартынған қазақ пен қырғыз емін-еркін өте алмай, шекарада шатақ болды.

Ал Қырғызстанның өкілі болып, кіл президенттердің ортасында отырған қырғыз премьері Сапар Искаков енді-енді басылып келе жатқан даудың білтесін қайта тұтатты.

Қырғыз премьері өтірік мәлімет таратты

Әңгіме былай болды: Қырғыз Республикасының су жаңа премьер-министрі Сапар Исаков 2017 жылдың 11 қазанында "Facebook" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасындағы ағымдағы жағдай бойынша өзінің Қазақстан Республикасының Президентімен келіссөздері туралы ақпарат жариялады.

"ЖЕЭКнің отырысы барысында Қырғызстан премьері Сапар Искаков Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, шекара мәселесін сө зетті. Шекарадағы мәселеде тек Қырғызстан мен Қазақстанның азамататры емес, басқа да мемлекеттердің азаматтары тұрғандықтан, Президент Назарбаев Қазақстан Үкіметіне тапсырма берді. Мәселе шешілетін болды" деген ауандағы ақпарды бөлісті.

Оны іліп-алып жұртқа жайған ақпарат құралдары Сапар мырзаның сәтті сапарын қорытындылап, Премьер мен Президенттің кездесуі нәтижелі болды деп жазды. Иә, мәселенің даусыз шешілгенін біз де құп көреміз.

Дейтұрғанмен Сапар мырзаның Қазақстан Президентімен кездескен жалған болып шықты. Тіпті, шекара мәселесі ресми протоколда талқыланбағаны белгілі болды.

Қазақстан Үкімет басшысының баспасөз қызметі ресми түрде мәлімдеме жасады. Мәлімдеменің мәтіні төмендегідей:

Біріншіден, Сочиде (РФ) Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының аясында Қазақстан Президенті мен Қырғызстан Премьер-Министрінің келіссөздері өткізілген жоқ.

С. Исаков мырзаның жеке Facebook парақшасында орналастырылған фотосуретте расталғандай, оның біздің Елбасымызға жақындап келуі ғана орын алды.

Екіншіден, Қазақстан Президентінің «шекарада туындаған барлық мәселелерді шешу бойынша Қазақстан Үкіметіне тапсырма бергендігі» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды.

Ақиқатында, Үкіметке аталған мәселе бойынша үкіметаралық консультация өткізу туралы тапсырма берілді.

Бұдан бұрын қазақстандық БАҚ-та хабарланғандай, қазіргі кезде Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық ІІМ, мемлекеттік кірістер және көліктік бақылау комитеттерімен бірлесе отырып, еліміздің мемлекеттік шекарасының барлық периметрі бойынша, оның ішінде қазақстандық-қырғыз аумағында да жоспарлы шекара операциясын жүргізуде.

Шекарадан өтетін жеке тұлғаларды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды тексеруді күшейту шаралары қолданыстағы заңнама шеңберінде қазақстандық және шетелдік азаматтардың құқықтарын шектеусіз жүргізілуде.

Шекараны кесіп өту үшін ешқандай шектеу немесе тыйым салынып жатқан жоқ.

Жоспарлы шекара операциясының басты мақсаты – шекаралық кеңістіктегі құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу, террористік, контрабандалық және басқа да қылмыстық әрекеттерге қатысы бар тұлғаларды анықтау, шекара тәртібі мен көші-қон заңнамасының сақталуын тексеру.

Өз кезегінде Қырғыз Республикасының Шекара қызметі Қырғызстан Президенті сайлауына дайындық және оны өткізу кезеңінде шекаралық бақылаудың күшейтілген тәртібіне көшті.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі бұрмаланған ақпараттың таратылуына ресми түрде түсінбестік білдіреді және өзінің шынайы ақпарат беру мәселесінде кез келген БАҚ-пен ынтымақтастыққа ашықтығын растайды.

12 қазан 2017 ж.

Алмасбек Атамбаев: Мен Ресейді сүйемін!

Міне, жағдай солай. Атамбаев мырза қызара бөртіп қазақ-қырғыздың іргесін сөгердей сөлі жоқ сөздерімен ерекшеленген еді. Алты жылда самай шашы сетінеп, ақ басқа айналған Алмас байкенің Ресей Президентінің қонағы болып, ақтарыла сөйлеп, "Мен Ресейді сүйемін" дегені есімізде.

Иә, Алмасбек Атамбаев ресейшіл адам дегенді жиі айтамыз. Олай деуімізге дәлел де жетіп-артылады. Мысалы, 2011 жылы 10 қазан күні Алмасбек Атамбаев Мәскеуге барды. Ол кезде Алмас байке қырғыз тағына үміткер 19 кандидаттың бірі еді. Сол кездегі премьерзидент Путинмен кездесіп, қолдауына ие болып қайтқаны бар. Біз көз жұма салайық дегенге болмас, орыстың ақпарат құралдары бұл кездесуді әлі ұмытқан жоқ.

Мұны неге айтты десеңіз,күні кеше ғана Алмасбек Атамбаев өзі бастап, Үкіметі қоштап Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қырғыз сайлауына ықпал жасамақ деп айып тақты.

Атамбаевтың азыната айтқандағы себебі, оның партияласы Сауранбай Жиенбековтің сайлаудағы басты үміткер болғандығы. Сол үшін де саммит алдында Сочиге өзі барып қайтты.

Бұл кезде Президент Назарбаев тағы бір лидер кандидат Өмірбек Бабановқа батасын беріп қойған болатын.

"Қырғыздың бірінші басшысы сіз болуыңыз керек еді, Нұреке" деген Алмас байке ат кекілін кесіскендей болып, ағасымен кездескісі де келмейтінін ишарамен жеткізді. Онысы, сол Сочиге келмей қойғаны да. Әйтпесе, өзі сүйетін Ресейге, өзіне ақ батасын берген Путиннің шақыртуын ысырып қоярдай бәлендей себептің жоқтығын қырғыз саясаткерлері айтып отыр.

Айтпақшы, Сапар Искаков сол Сауранбайдың орнына тағайыналған премьер. Ол да оңып тұрмапты. Қазақстан Үкіметі Сапар байкенің сөзін терістеп отыр. Ендігі жауап қырғыз тараптан болмақ.

Ал әзірге белгілісі - Қазақстан Президенті Сапар Искаковпен келіссөз жүргізген жоқ! Бұл анық.

Қосымша: 

Аликбек Жекшенкулов: Атамбаевтин эмоцияналдуу созуно капа болдум

Равшан Жээнбеков, экс-депутат: Атамбаевдин создору чектен чыккан

ҚР СІМ Қырғызстан президентінің сөзіне байланысты мәлімдеме жасады

Қазақстан СІМ-і: екі елдің достығына нұқсан келмесіне сенімді

Сағынтаев Атамбаевқа жауап берді

Қазақ президенті баратын жиынға Қырғыз президенті бармайтын болды

Шетелдік БАҚ: Путиннің жақтастары өзара дауласып жатыр

Бажырайған балдай тіл, балдай тілді сөйлей біл - қырғыз нақылы

Ресей Қырғызстанның барлық қарызын кешіре ме?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

 

Автор

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Контент-редактор

Нұргелді Әбдіғаниұлы - ҚР Ақпарат саласының үздігі. Саяси шолушы.
3 пікір
Түңілген 2017-10-16 02:14:23
Сонда қырғыздың премері назарбаевқа неге жақындаған? Ол ресейде жүріп, бір елдің басшысына саясаттан басқа бірдеңе айтатындай гомосексуалист емес шығар?
Мақсұт 2017-10-14 15:57:30
Айдын бауырым! Мені 100 пайыз қолдаған (жауап) қайда?! Кімді, нені қолдап отырсың? Менің бір жауап жазғаным рас, бірақ оны әлдебір жайын ба , лақа ма... жұтып кетіпті.
Айдын 2017-10-13 19:18:05
Әп бәрекелді! Мақсұт бауырым , өте тамаша жауап жазыпсың! 100 пайыз дұрыс айттың , мен сені толық қолдаймын!

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 7956
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 15309