Жексенбі, 17 Желтоқсан 2017
557 0 пікір 5 Желтоқсан, 2017 сағат 09:09

Түркімен азаматтары пластикалық картадағы шектеуді айналып өтетін әдіс тапты

Пластикалық картадағы қаржыны шетелде қолма-қол ақшаға айналдыруға түркімен банктері тыйым салғанымен, халқы көлеңкелі әдіспен "шешіп алатын" жолды тапты.

Қараша айының басында енгізілген жаңа шектеуге сәйкес, түркімен азаматтары шетелде банкоматтан күніне тек 50 доллар ғана қолма-қол ала-алатын.

Азаттықтың Түркиядағы тілшісі Довлет Байхановтың сөздерінше, Стамбұлда Түркіменстаннан келетін азаматтардың картадағы ақшасын қолма-қолға ауыстыратын қызмет түрі пайда болған.

"Стамбұлға келетін түркімен азаматтары "Капалычаршиға" жиналады. Ол жерден отандастары барлық пластикалық картаны жинап алады да, алып кетеді. Біраз уақыт өткеннен кейін олар қолма-қол ақшамен оралады", -деп хабарлайды ол.

"Бұл заңсыз бизнес, яғни қызмет көрсетушілер әр 100 доллардан кемінде 25-30 доллар алып отырады", - дейді Азаттық дереккөзі. Ал олардың Түркіменстан банктері қойған шектеуден қалай айналып өтетіні түсініксіз.

Abai.kz

0 пікір