Жексенбі, 17 Желтоқсан 2017
615 23 пікір 5 Желтоқсан, 2017 сағат 09:15

Ресей армиясында 2012-2015 жылдары 2642 адам өлген

Ресей армиясында 2012-2015 жылдары 2642 адам өлген. Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлерді сақтандыру туралы құжатын "Ведомости" газеті жариялады.

Құжатта әскерилердің өлімінің себебі көрсетілмеген. Қорғаныс министрлігі 2010 жылдан бері әскери қызметін өтеп жүргендердің өлімі жайында мәлімет бермейді.

Сарбаздардың ең көбі – 790 адам – 2014 жылы Украинаның шығысындағы соғысқа қатысқан кезде қаза тапқан деп есептейді Киев пен Батыс елдері.

Киевтің мәліметі бойынша, Донбаста шамамен бес мыңға жуық ресейлік әскер соғысып жүр. Кремль болса, ресми түрде мұны жоққа шығарады. Олардың денін "еріктілер" деп атайды.

2015 жылдың қыркүйегінен бастап Ресей Сирияда әскери операция жүргізіп келеді. Онда қанша ресейлік әскер бары туралы мәлімет жоқ. Алайда БАҚ-та жарияланған ақпаратқа қарағанда соңғы жылы кемінде 40 ресейлік қаза тапқан. Батыс елдері Ресейді Башар Асад режимін қолдап отыр деп айыптайды.

Abai.kz

23 пікір