Сәрсенбі, 17 Қаңтар 2018
46 - сөз 1252 0 пікір 13 Желтоқсан, 2017 сағат 08:34

Жүргізуші де біреудің баласы...

Бүгін көлікті тастап, автобусқа міндім. Бұрынғыдай қабағын түйіп, дөрекі мінезді жүргізушілер жоқ. Сыпайы.
- Әсіресе таңертең ерте мінсеңіз, қызықтың көкесі сонда болады. Билет тексерушілердің қолына түскен жолаушылар айқай-шу көтереді. Қоғамдық көліктегі тәртіп бәріне бірдей. Кейбіреулер соны түсінбейді. Билет тексерушілер полиция шақырып, ереже бұзғандарды ІІБ алып кетеді, - дейді 32-автобустың жүргізушісі Бауыржан.

- Бүгін «оңайдың» аппаратын екі рет жөндедім. Жоспарды орындау қиын. Таңертең, кешке автобус жолаушыға лық толады. Кісі көп. Көбісі төлемейді. Аялдамада тоқтағанда тексеру мүмкін емес.

Ал жолақыдан жалтарғандарға салынатын айыппұл 4538 теңге. Аз ақша емес. Одан да 80 мың теңге төлеп құтылған тиімді ғой.

Жүргізушінің қасынан мінген адамның қаншасы төлегенін немесе төлемегені жайында ақпарат беретін ешқандай құрылғыны көрмедім. Өзім 150 теңге төледім.

32 автобустың жүргізушісі Бауыржанның айтуынша қазір жалақысы тұрақты. Сондықтан жүргізушілерге қойылатын талап та күшейтіліпті.

Автобус бағдаршамның алдына тоқтады. Егде жастағы әйел есікті ашуын өтініп еді, жүргізуші бас тартты. Жолаушы жұмысқа кешіккенін айтып, бұрқан-талқан болып,өкпесі қара қазандай болды.

- Жасыңызды сыйлап, өтінішіңізді орындауға болады, рұқсат етілмеген жерден сізді түсіріп, айыппұл төлегім келмейді, - деп жүргізуші ақталды. Әйел де қайтпады.

Егер әлгі жолаушы зардап шексе, негізі жүргізуші жауапқа тартылады. Айтпаса да түсінікті жағдай. Сол ережені бұзуға өзіміз мәжбүрлейміз кейде. Жүргізушілерге де оңай емес. Суретке түсіріп едім, Бауыржан қуанып кетті. "Ескерткеніңізде әдемі киініп келетін едім" дейді. Ол да біреудің баласы ғой. Желтоқсан көшесінен түсіп, Назарбаевқа беттедім. Ал әлгі автобустағы апаның айқайы әлі құлағымда тұр.

Жазира Бегалы

Facebook-тегі парақшасынан

0 пікір