Жұма, 19 Қаңтар 2018
408 0 пікір 11 Қаңтар, 2018 сағат 09:28

Эмомали Рахмон: Тәжікстан ешқашан көршілеріне қиянат жасаған емес

Тәжікстан ешқашан көршілеріне қиянат жасаған емес және аймақ елдерінің интеграциясына, экология мен су ресурстары облысындағы бейбітшілікке ұмтылады. Тәжікстан президенті Тәжікстан Эмомали Рахмон Душанбеде өзбек премьер-министрі Абдулла Ариповпен кездесуде осылай деп мәлімдеді.

Ресми ақпаратқа қарағанда, тәжік президенті мен өзбек премьері екі ел арасындағы сауда шектеулерін алып тастау, азаматтардың елге кіріп-шығуын жеңілдету, тарифтерді азайту және басқа да мәселелерді талқылады.

Тәжікстан президентінің баспасөз хатшысы Абдуфаттох Шарифзоданың хабарлауынша, Душанбеде Тәжікстан мен Өзбекстан арасында сауда-экономикалық әріптестік жөніндегі үкіметаралық комиссияның бесінші отырысы өтті.

Хабарларға қарағанда, өзбек президенті Шавкат Мирзияев көктемнің басында Тәжікстанға ресми сапармен барады. Бұған дейін Мирзияев Өзбекстан мен Тәжікстан арасындағы достық қатынасты жаңғыртатынын мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір