Жұма, 19 Қаңтар 2018
Дін мен тін 4868 51 пікір 11 Қаңтар, 2018 сағат 10:23

Мектептің ауласында "қара жамылған" қыздар намаз оқыды

Ақтөбе қаласы 56 мектептің ауласында қара жамылған қыздар намаз оқыды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат белгілі қоғам белсендісі Айгүл Орынбектің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Айгүл Орынбек былай деп жазады.

"Елімнің болашағы үшін алаңдаймын! Мынау не енді? Осындай көзбояушылық кімге керек? Мектептің алдында намаз оқып, кімге не дəлелдемекші? Елімізді Сирияға айналдырмақшы ма? Неге тыныш жүрмейді? Қай ата-бабаң қара жамылған?

Министр Ермекбаев мырза еліміздің батыс жағын шұғыл қолға алу керек! Мыналар жақсылыққа алып бармайды!

Депутаттар мыналарға қарсы заң қайда?

Ақтөбе қаласы, 56 мектептің жанында түсірілген сурет!".

Түйін

Бұл суреттегі жастар бізге нені айтқысы келеді. Бұл саяси наразылық емес пе? Елімізде рұқсат етілмеген саяси акцияларға шектеу қойылмаушы ма еді. Кеше ғана Діни басқарма мектептегі қыздардың орамал тағуына қатысты өз ұстанымын мәлімдеген еді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі мұсылман қыз-келіншектер мен әйелдерді киім кию үлгісінде қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтай отырып, жинақы киінуге кеңес беріп, паранжа (ниқаб) киюдің салтымызда болмағанын айтқан. Мына сурет сол мәлімдеменің жауабы емес пе?

Шәріпхан Қайсар

Abai,kz

 

51 пікір