Жұма, 19 Қаңтар 2018
592 8 пікір 12 Қаңтар, 2018 сағат 12:22

Өзбекстан имам Әл Бұхари туралы қымбат фильм түсіреді

Кинорежиссер Рустам Сагдиев, Өзбекстан президентінің нұсқауымен, IX ғасырда өмір сүрген белгілі ислам ғалымы имам Әл Бұхари туралы екі сериялы көркем фильм түсіреді. Жаңа туындыға қомақты қаражат бөлінеді.

Кинорежиссердің өзінің хабарлауынша, фильмді мемлекеттік «Өзбеккино» компаниясы Мұсылмандардың діни басқармасымен бірлесіп, мемлекеттік грант есебінен түсіреді.

Еске салайық, өткен жылдың соңында президент Шавкат Мирзияев өзбек киноматографистерімен кездесіп, мешіттерде көрсетуге болатын ислам тақырыбында фильм түсіруді ұсынды.

"Біздің бабаларымыз - имам Әл Бұхари және Ат-Термизи туралы фильм неге жоқ?" - деп сұраған президент.

«Президент бізге қаражат жағынан қиындық болмайды деп уәде етті", - деді Рустам Сагдиев.

Кинорежиссер "Имам Бұхари" әлем экрандарына шығады деп үміттенеді.

Abai.kz

8 пікір