Жексенбі, 27 Мамыр 2018
Деп жатыр 1766 3 пікір 16 Қаңтар, 2018 сағат 09:32

Теңгедегі шағала суретінің дауы

Канадалық фотограф өзі түсірген суретін Қазақстан теңгеге рұқсатсыз басты деп есептейді. Онтариолық Кейт Тестер Ұлттық банктен жауап күтеді.

Бұған дейін швейцариялық фотограф Марсель Буркхард 500 теңгелік банкноттағы шағалалардың бірін өзі түсіргенін айтып, банктен сертификат талап еткен. Енді оған канадалық әуесқой фотограф Кейт Тестер қосылып отыр. Тестер "банкнот дизайнінде қолданылған шағаланың авторын Қазақстан мойындауы керек" деп есептейді.

Тестер бұл суреттің 2010 жылы жазда Канаданың Сэндбек првинциясындағы Ханзада Эдуард аралында түсірілгенін айтты. Алғаш рет сурет сол жылы Deviantart сайтында 24 маусымда жарияланған. Суретінің банкнотта басылғанын ол жақында ғана білген.

- Бұл Рождество күндері болатын. Мен Deviantart сайтындағы аккаунтымды ашып, екі хабарлама келгенін көрдім. Біріншісін ашып қарасам, сайт мүшелерінің бірі менің суретімнің ұрланғанын айтып, сілтемесін жіберіпті. Сілтемені ашсам онда тек даудың жай-жапсары ғана баяндалыпты, суретімді көре алмадым. Екінші хабарламаны ашсам, онда Марсельдің (Марсель Буркхард - ред) түсірген шағаласы мен өзім түсірген суреттерді көрдім. Deviantart сайтындағы аккаунтыма сілтеме жасап қойыпты. Таң қалдым. Маған хабарлама жіберген адам Марсельге хабарласқаның жөн депті. Мен содан бері яғни желтоқсанның 26-нан бері Марсельмен байланыстамын, - дейді Кейт Тестер.

Адвокат жалдауға қаржы жоқтығын айтқан фотограф Қазақстанның ұлттық банк суретті қолданғанын мойындаса дейді. Әзірге банк өкілдері фотографке хабарласпаған.

Ұлттық банк құстардың қимыл қозғалыстары бір-біріне ұқсас бола беретінін, дизайнерлер суреттерді графика бағдарламаларын қолданбай, қолмен салатынын мәлімдеген.

Abai.kz

3 пікір