Жексенбі, 18 Ақпан 2018
Абай.tv 5864 25 пікір 26 Қаңтар, 2018 сағат 15:18

Қытай билігі өлтірген баласы үшін 1 миллион доллар талап етіп отыр

Қытайдың Іле-қазақ автономиялы облысы, Алтай аймағы, Бұрылтоғай ауданы, Көкағаш ауылының жергілікті билік өкілдері Гүлзия Моудынқызының ішіндегі үш айлық баланы әкесінің келісімінсіз зорлықпен алғызып тастаған.

1982 жылы туған Қазақстан азаматы Аман Аңсағанұлының айтуынша, әйелі Гүлзия Моудынқызы қытай азаматы. Неке куәлікті Қытайдан алған. Яғни, бұл отбасының некесі халықаралық неке болып саналады.

Қытай билігі Аман Аңсағанұлының Қазақстан азаматы екенін ескерместен, оның қарсылығына қарамай, іштегі баланы анасының құрсағында өлтірген. Онымен қоймай, Аманның екі баласы мен әйелінің құжаттарын тартып алып, зорлықпен Қазақстанға жібермей отыр.

Сол себепті Аман Аңсағанұлы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтан, ҚР Сыртқы істер министрлігінен, халықаралық адам құқықтары ұйымдарынан, БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитетінен Қытай билігі баласын қасақана өлтіргені үшін бір миллион доллар көлемінде өтемақы талап етеді.

Осы қатігездікке барған барлық адамдарды заң жүзінде жазалап, отбасын Қазақстанға қайтаруды сұрайды.

;feature=youtu.be

Abai.kz

25 пікір