Жексенбі, 18 Ақпан 2018
264 0 пікір 12 Ақпан, 2018 сағат 08:51

Түркіменстанда доллар бағамы өсіп, артынша азық-түлік қымбаттады

10 ақпанда Түркіменстанда доллар бағамы 14-15 манатқа дейін өсті. Артынша азық-түлік бірден қымбаттады. Бірінші кезекте импорт өнімдерінің бағасы өскен.

"Хроника Туркменистана" басылымының мәліметінше, 5 литрлік күнбағыс майы 46-дан 58 манатқа, бір келі қант бағасы 5-ден 7 манатқа өсіп кеткен.

Қазақстан ұнының бағасы екі есеге - бір келі ұн 2 манаттан 4 манатқа дейін өскен.

6 келілік Persil кір жуғыш ұнтағы 65 манаттан 96 манатқа бірақ көтерілген.

Жергілікті «Ахал» майы 5-ден 8 манатқа қымбаттаған.

Abai.kz

0 пікір