Сейсенбі, 24 Сәуір 2018
416 2 пікір 12 Ақпан, 2018 сағат 08:54

БҰҰ: ақпан айынан бері Сирияда мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты

Ақпан айынан бері Сирияда болып жатқан әуе соққылардан мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл жөнінде БҰҰ баяндамасында айтылған. Соңғы аптадағы бомбалаудан үш жүз адам құрбан болған. Әуе соққының денін Ресей қолдау көрсетіп отырған Сирия үкіметі жасаған.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің баяндамасында мұны Сириядағы соғыстың өте ауыр кезеңдері деп, халқының алты жыл бойында қасырет көріп отырғанын атап өткен. "Тек ғана ақпан айының бірінші аптасында әуе соққыдан мыңнан астам адам қаза тапты", – делінген баяндамада.

БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш Израиль бұл елге әуеден бомба лақтырғаннан кейін, Сирияны шұғыл деэскалациялауға шақырған. 10 ақпанда Бас хатшының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик "Гутерриш Сирияда болып жатқан жағдайдардың бәрін жіті бақылап отыр" деп мәлімдеді.

Дюжаррик БҰҰ бас хатшысы атынан Сирияда барлық тараптар халықаралық құқықтарды қатаң сақтауы тиіс деп атап өтті.

Abai.kz

2 пікір