Сейсенбі, 24 Сәуір 2018
459 0 пікір 12 Ақпан, 2018 сағат 08:55

Апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағында үш бала болған

Ұшақ апатынан қаза тапқан 71 адамның ішінде экипаждың алты мүшесі және үш бала болған. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың үлкені 17 жаста, екіншісі – 13 жаста, үшіншісі – бес жаста болған. Орынбор облысы билігі 12 ақпанды Аза тұту күні деп жариялады.

Ресейдің тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин Мәскеу түбінде болған ұшақ апатын тергеуді аса маңызды істер жөніндегі басқармаға тапсырған.

Ан-148 жолаушы ұшағында 71 адам болған. Ұшақ өткен жексенбі күні Домодедово әуежайынан Орск бағытына ұшып шыққаннан кейін, бірнеше минөттен соң Мәскеу түбіндегі Раменск ауданында апатқа ұшыраған.

Ресей бас прокуратурасы ұшақ тиесілі болған "Саратов әуе жолдары компаниясын тексеріп жатыр.

Abai.kz

0 пікір