Сейсенбі, 24 Сәуір 2018
519 0 пікір 13 Ақпан, 2018 сағат 09:30

Украинадан шығарылған Михаил Саакашвилиді Варшаваға жеткізген

Киевте ұсталған "Жаңа күштер рухы" қозғалысының лидері Михаил Саакашвилиді 12 ақпанда Польшаға депортациялаған. Ол Варшаваға ұшып келді. Чартерлі рейс Борисполь әуежайынан жергілікті уақыт бойынша 16.00 шамасында ұшып шыққан.

УНИАН агенттігі дереккөзіне сілтеме жасап, оны депортацияламағанын, тек елге қай жақтан заңсыз кірді, сол жаққа қайтарғанын жазады.

Радио Свобода тілшілерінің хабарлауынша, саясаткерді дүйсенбі күні мейрамханада отырған кезінде, бетперде киген бір топ адам ұстап, белгісіз бағытқа алып кеткен.

Әзірге Саакашвилиді кімдердің ұстағаны белгісіз. Украина қауіпсіздік қызметі бұл іске еш қатысымыз жоқ деп мәлімдеді. Радио Свободаға Киевтегі дереккөз, Михаил Саакашвилиді Украина мемлекеттік шекара қызметінің қызметкерлері ұстағанын хабарлаған.

"Украинская правда" басылымына Саакашвилидің ұстағаны жөнінде "Жаңа күштер рухы" лидерлерінің бірі Юрий Деревянко хабарлаған. Ол Саакашвилиді "Cулугуни" мейрамханасында "Мемлекеттік шекара қызметі" деген жазуы бар күртеше киген адамдардың алып кеткенін айтқан.

Былтыр Украина президентінің жарлығымен Саакашвилиді бұл елдің азаматтығынан айырған. Оған негіз себеп — Грузияның экс-президенті елінде өзіне қарсы қылмыстық іс қозғалғанын хабарламаған. Саакашвили миграциялық қызметке саяси босқын мәртебесін беруді сұрады. Бірақ Киев соты бас тартты.

2018 жылдың қаңтар айында Тбилиси соты Саакашвилиді Грузия президенті болып тұрғында қызметін асыра пайдаланды деген айыппен үш жылға соттаған.

5 ақпанда Украина Жоғарғы соты да саясаткерге саяси босқын мәртебесін беруден бас тартты. Сол кезде Саакашвили Киев мені Польшаға депортацияламақ ойлары бар деп мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір