Жексенбі, 18 Ақпан 2018
Дін мен тін 447 5 пікір 14 Ақпан, 2018 сағат 08:46

Сапарбаев мектептегі орамал мәселесін үш айда жоюды тапсырды

Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаев барлық аудан әкіміне орамал мәселесін үш айда жоюға тапсырма берді, деп хабарлайды Aktobenews.kz порталына сілтеме жасап.

Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің айтуынша, мектеп формасын сақтамай жүрген оқушылардың саны 396-дан 197-ге дейін кеміген.

«Бұл мәселе бойынша Мұғалжар, Темір аудандары және Ақтөбе қаласы жақсы жұмыс істеді. Дегенмен, бұл мәселе күрделі болып тұр. Аталған аудандармен қоса Алға, Шалқар, Қарғалы, Хромтау және Қобда аудандарының әкімдері бұл мәселеге ерекше назар аударулары қажет», — деді Ербол Нұрғалиев.

Бұны естіген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өзінің орынбасарына бұл мәселені үш айдың ішінде шешуге тапсырма берді.

«Кеше ғана Ақордада үлкен жиын өтті. Сонда мектеп формасы жайлы Білім және ғылым министрлігінің ережесі бар екені айтылды. Бұл мәселе бойынша барлығымыз бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Бұл жерде ата-аналар кінәлі. Жұмыс істеліп жатыр, бірақ нәтижесі нашар. Әкімдерге тапсырма беремін: үш айдың ішінде 197 бала мектеп формасына көшулері тиіс. Бұған облыс әкімінің орынбасары Нұрғалиев жауапты», — деді Бердібек Сапарбаев.

Abai.kz

 

5 пікір