Дүйсенбі, 28 Мамыр 2018
749 3 пікір 9 Наурыз, 2018 сағат 11:26

Түркия мен Ирак күрдтерге қарсы бірге күреседі

Turkish Foreign Minister Mevlut Cavusoglu, to the left,and Jordanian Foreign Minister Ayman Safadi, and a handshake in the Jordanian capital Amman, Monday, Feb19, 2018.(AP Photo/Raad Adayleh)

Түркия мен Ирак күрдтердің жасағына қарсы бірлескен операция өткізбекші. Бұл жөнінде Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша, операция Иракта өтетін парламент сайлауынан кейін жүргізілмек.

Чавушоглу Сирияның Африндегі күрдтерге қарсы операция мамыр айында аяқталады деп атап өтті.

Биыл қаңтар айының екінші жартысында түрік армиясы Африн аймағындағы күрдтерге қарсы шабуылдаған. Олар түрік қолбасшылығына қарсы шабуылдан кейін "Зәйтүн бұтағы" (бейбітшілік рәмізі) деген операция жариялаған.

Түркия билігі Халықтың өзін-өзі қорғау күрд отрядының террористермен байланысы бар деп есептейді. Күрд милициясы АҚШ қолбасшылығы қарамағында "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының жихадшыларына қарсы күреседі.

Abai.kz

3 пікір