Сенбі, 21 Сәуір 2018
406 1 пікір 13 Сәуір, 2018 сағат 08:34

БҰҰ-дағы Ресей өкілі: бастысы - соғысты болдырмау

Russian Ambassador to the United Nations Vasily Nebenzya, left, and United States Ambassador to the U.N. Nikki Haley exchange greetings before a Security Council meeting, Tuesday, April 10, 2018, at U.N. headquarters. (AP Photo/Julie Jacobson)

Сириядағы жағдайды Ресей мен Құрама Штаттар арасындағы тікелей қарулы қақтығыс екенін жоққа шығаруға болмайды. Осылай деп бейсенбі күні БҰҰ жанындағы Ресейдің өкілі Василий Небензя мәлімдеді.

Оның сөзінше, халықаралық қауымдастықтың ең басты мәселесі Сирия айналасындағы соғыстың алдын алу. Бірақ Небензя АҚШ-тың Сирияда ресейлік әскер орналасқан аймаққа соққы жасауы "адам түсінбейтін жағдай" деп атады.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бейсенбі күні Сириядағы жағдайды жабық есік жағдайында талқылады. 7 сәуірде Дума қаласындағы химиялық шабуылдан кейін жағдай бірден ушығып кеткен. Батыс елдері Сирия оппозициясының айыптауынан кейін, Башар Асад режимін қатаң сынға алды. Құрама Штаттар мен оның одақтастары химиялық шабуыл жауапсыз қалмауы керек деп мәлімдеді. АҚШ, Франция және Ұлыбритания лидерлері Сирияға қарсы әуе соққысын жасау мүмкіндігін айтып, бірақ әлі нақты шешім қабылдамадық деді.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі әзірге химиялық шабуылды зерттеу жөнінде ​ резолюция қабылдай алмай жатыр. Бейсенбі күні Қауіпсіздік Кеңеске Швеция өзінің жобасын ұсынды.

Сирияға химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйым өкілдері барып, сенбі күні химиялық шабуыл жасалды деген Дума қаласын зерттемекші. Бейсенбі күні америкалық БАҚ Ақ үй әкімшілігіне сілтеме жасап, АҚШ-та химиялық шабуылдың болғанын растайтын айғақтары бар екенін хабарлады. Мұны Франция президенті Эммануэль Макрон да растайды. Ресей мен ресми Дамаск болса, ешқандай химиялық шабуыл болмады деп отыр. Олар мұны арандатушылық деп атайды.

Abai.kz

1 пікір