Сенбі, 21 Сәуір 2018
370 0 пікір 16 Сәуір, 2018 сағат 08:58

АҚШ Асадты қолдағаны үшін Ресейге жаңа санкция жарияламақ

АҚШ-тың қаржы министрлігі дүйсенбі, 16 сәуірде Ресейге қатысты жаңа санкция жарияламақ. Бұл жөнінде БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли CBS News телеканалына берген сұқбатында айтты.

Жаңа санкцияға Сирия президенті Башар Асадқа техника жеткізетін және химиялық қаруға қатысы бар барлық компания енбек. Хейли АҚШ Ресей адресіне "қатаң ескерту" жасады деп атап өтті. "Олар құлақ асады деп үміттенеміз", – деді БҰҰ жанындағы АҚШ өкілі.

Ресейдегі АҚШ елшісі Джон Хантсман РФ сыртқы істер министріне жаңа санкциялар дайындап жатқаны жөнінде хат жібергенін 15 сәуірде "Коммерсант" газеті жариялады.

Abai.kz

0 пікір