Дүйсенбі, 21 Мамыр 2018
408 0 пікір 15 Мамыр, 2018 сағат 08:37

АҚШ Астанада өтіп жатқан форумға алғаш рет өз делегациясын жібермеді.

Қазақстан астанасында Сириядағы жанжалды бейбіт жолмен реттеуге арналған келіссөздердің тоғызыншы раунды басталды. АҚШ бұл форумға алғаш рет өз делегациясын жібермеді.

Қазақстан СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақовтың мәлімдеуінше, БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы елшісі Стаффан де Мистура Астанадағы келіссөздерге келеді. Сирия оппозициясының делегациясы 15 мамарда келуі тиіс. Жайнақовтың айтуынша, Құрама Штаттар келіссөздерге қатыспайды. Бұған дейін АҚШ делегациясын Астанаға жіберіп келген.

Ресей президентінің Сирия жөніндегі арнайы елшісі Александр Лаврентьевтің мәлімдеуінше, Мәскеу келіссөздерге Вашингтон қатысады деп әлі де болса үміттенеді. "Біз күдікті ақыл басып, олар (АҚШ) біздің сессияға қатысады деп үміттенеміз", - деді Лаврентьев.

Астанадағы келіссөздерден бөлек, Женевада БҰҰ аясында Сириядағы азаматтық соғыстың саяси шешімін іздеуге арналған форум қатар өтіп жатыр. Бұл кездесуге Сирия үкіметінің, кейбір бүлікшіл топтардың өкілдері келді, БҰҰ және Иордания әдеттегідей бақылаушыларын жолдаған.

Ресей мен Иран Сирия президенті Башар Асад үкіметін қолдайды, ал Түркия мен Құрама Штаттар түрлі бүлікшіл топтарға жақтасады. Сирияда соғыс кезінде 330 000 адам қаза тауып, миллион адам 2011 жылы наурызда басталған жанжалдан соң үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Abai.kz

0 пікір