Дүйсенбі, 21 Мамыр 2018
351 0 пікір 16 Мамыр, 2018 сағат 10:03

Қырғызстанда "Нарын ГЭС" компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты

"Нарын ГЭС" компаниясының 50 шақты қызметкері 15 мамырда наразылық акциясына шығып, төрт жылдың жалақысындағы берешекті толық өтеуін талап етті. Ереуілдеушілердің бірі Эрнис Суванкуловтың айтуынша, кәсіпорын жұмысшылардың әрқайсына шамамен 100 мыңнан (1470$) 500 мың сомға дейін қарыз.

"Нарын ГЭС" кәсіпорыны салыққа 8 млн сом, электр қуатына 40 млн сом қарыз. Қыстан бері біз үш мәрте митинг өткіздік. Біз Каракол қаласы кенешінің детуаттарымен кездестік, нәтиже шықпады. Біз 2014 жылдан бері жалақыны уақытылы ала алмай келеміз. Жұмыс тоқтап тұр", - деді Суванкулов.

Кәсіпорынның бас директоры Нурмамбет Жекшеевтің мәлімдеуінше, бүгінгі акцияны митинг деуге келмейді. Ол жақында жұмыс тобы мәселелерді шешу үшін Бішкекке баратынын айтты.

"Бұл – менің жеке бастамам. Мен ертең кездесеміз дедім, одан соң мен оларды Бішкекке алып барамын. Қазір Ұлттық энергия холдингінде басшы жоқ, біздің жұмысымыз тоқтап тұр", - деді ол.

"Нарын ГЭС" - Қырғызстанда су электр станцияларын салумен айналысатын жалғыз кәсіпорын.

Abai.kz

0 пікір